“ҚЫЗ
ЕРКЕМ – ІСІМЕН КӨРКЕМ»
1
— жүргізуші:
Сәлеметсіздерме!
қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар
мен оқушылар!
Спорт
және өнертану пәндер бірлестігінің
онкүндігі аясында, 7-8 сынып қыздары
арасында ұйымдастырылған “ҚЫЗ ЕРКЕМ
– ІСІМЕН КӨРКЕМ» байқауына қош
келдіңіздер!
2
— жүргізуші:
Армысың,
өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты
болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті
сайысымыз
Жырлайтын қазағымның
дәстүр салтын.
Бүгінгі
өткізіліп отырған байқауымызда “ҚЫЗ
ЕРКЕМ – ІСІМЕН КӨРКЕМ» деп
тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі
жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл –
ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана.
Сол себептен ұлтымыздың салт — дәстүрін,
әдет — ғұрпын олардың бойына сіңіріп
өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан
осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз
білімдерін көрсетеді деп ойлаймын.
1
— жүргізуші: ендеше
сайысқа бағын сынайтын аруларымыздың
бойындағы нағыз қазақ қызына тән
қасиеттерін сайыс барысында байқайтын
боламыз.
2
- Жүргізуші:
Олай болса бүгінгі “ҚЫЗ
ЕРКЕМ – ІСІМЕН КӨРКЕМ» қыздар байқауын
ашық деп жариялаймыз!
1
- Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына
қайран қалам,
Жанары жаны жаздай
жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі»
деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан
қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып,
ортаға шақыру)
7
А, 7Б, 8 А, 8Б, сынып қыздарын ортаға
кезегімен шақырамыз.
2-
Жүргізуші:
Шалқытып
мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге
тамсанайық.
Әділдік пен шындықты
арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен
танысайық.
..................................................................
.....................................................................
.......................................................................
....................................................................
.......................................................................
1
- жүргізуші:
Пір
тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен
таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың
қылығымен өмір қызық,
Қыздардың
ғұмырымен заман тәтті.
Сайысымыздың
кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1.
Таныстыру(біркелкі киім үлгісі.эмблема
2.
Үй жұмысы ( Топтық қол өнер түрі.
Аксессуарлар)
3. Өнер
4.
Сән үлгісі(Топтық трансформер киімдер
үлгісі)
5.
Визажист өнері.(Жас ерекшелігіне қарай
макияж, шаш үлгісі топтық жұмыс)
6.
Аспаздық өнер(Жартылай дайын тағамдар
әзірлеу, таныстыру)
2
- жүргізуші:
Арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы
бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан
сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен
танысуға.
1
Бөлім
«Мен қазақтың қызымын» .байқауымыздың
бұл бөлімінде аруларымыз өздерінің
топтарын таныстырады. Бұнда аруларымыздың
көркемдігі . сөз саптауы және сырт
сымбаты сынға түседі.
1
- Жүргізуші:
Кедеймін
деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің
ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста
ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге
басып кідірмейік.
2 бөлім . Өнер
4.
Келесі бөлім «Өнерліге
өріс кең»
бұл бөлімде аруларымыз үй жұмысына
берілген өздерінің топтық қол өнерлерін
көрсетеді .
2
- жүргізуші:
Ақылдылық
қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі
де санасады.
Келесі арулардың
сайысында
Сыналар білімі мен парасаты
– дей отырып,
4
бөлім.
бұл бөлімде аруларымыз Сән үлгісі(Топтық
трансформер киімдер үлгісі) өз қолдарымен
өзгеріске ұшыратқан киім үлгілерімен
таныстырады.
1
- Жүргізуші:
Он
саусағы майысқан,
Шебер болар
ұрпақпыз.
Тұла бойы тұнған бір,
Өнер
қуған ұрпақпыз.
4
бөлім:«Шебер
қолдар» Визажист өнері.(Жас ерекшелігіне
қарай макияж, шаш үлгісі топтық жұмыс)
Аруларымыз топтарымен бірлесе отырып
тапсырманы орындайды.
2
— жүргізуші:
Уа,
халайық ықыласпен демелік,
Арулардың
сынға түскен сайыстарын көрелік.
Сыры
мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен
бағаларын берелік
5.
«Қыздарға
әсемдік жарасады» - үй тапсырмасы. Бұл
бөлімде аруларымыз үйден дайындап
әкелген сән үлгісі туындыларын қалай
жасағанын әділ
1
- жүргізуші:
Тағам
сырын түсінем,
Тәтті тағам пісірем.
Бәрі
қүат алады,
Дәмді асымның күшінен
2.
Аспаздық өнер(Жартылай дайын тағамдар
әзірлеу, таныстыру)
бұл
бөлімде аруларымыз жартылай дайын
тағамдардан
ас мәзірін жасап, онымен таныстырады.
2
— жүргізуші: Құрметті
қонақтар. Қазылар
алқасы сайысымыздың қорытындысын
шығарып,
таныстырып өтсеңіздер.
тамашалайық..
(қазылар алқасы
қорытындысын айтады)
2
- Жүргізуші:
Құрметті
көрермендер! Бүгінгі “ҚЫЗ ЕРКЕМ –
ІСІМЕН КӨРКЕМ» байқауы өз мәресіне
жетті. Әрқашанда
құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз
шаттыққа толы болсын, - дей отырып бүгінгі
кешімізді аяқтаймыз.
Ахмет
Байтұрсынов атындағы орта мектебі КММ
Көркем
эстетикалық пәндер бірлестігінің айлығы
аясында өткізілген
«Қыздар
сұлу көрінер өнерімен»
(қыз
сыны) байқауы
Жауапты : Рахманберген
А.Б
2023-2024
оқу жылы