400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

"Қыз сыны" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім сияқты жас мамандарға көмек ретінде керек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Қыздар! Көктем гүлі» атты Қыз сыны 2019 байқауының жүру барысы.

1 - жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қыздар!
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1 - жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Қыздар! Көктем гүлі» атты Қыз сыны 2019 байқауын тамашалауға шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Тауып бір әйел - әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.

1 - жүргізуші
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы
Аналар күнінелдің салты
Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп
Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.
2 - жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 - жүргізуші:

Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық - деп ән жолдаймыз.
Ән:-------------------------------
Орындайтын: ---------------------------
2 - жүргізуші:
Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған «Қыздар! Көктем гүлі» атты Қыз сыны 2019 байқауын бастауға рұқсат етіңіздер. Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.
1 - жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызыинабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
1 - жүргізуші:
1 - Тіл байланып қалатындай көргенде,
2 - Сұлулықты соған ғана берген бе!
3 - Кімде болса бас иеді мойындап,
4 - Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
1 - жүргізуші:
1 - № 1 аруымыз----
№ 2 аруымыз-----

3

4

5

6
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы.…

1

2

3

2 - жүргізуші; Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1 - жүргізуші:
І - бөлім: «Сәлемдесу»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

ІІ - бөлім «Өз өнері» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)

ІІІ - бөлім: «Үй тапсырмасы» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған бұйым немесе зат, картина дайындап әкелу тапсырылған болатын.

ІV бөлім: «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

V бөлім: «Қол өнері» - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады.

VI « Ас ханшайымы»- деп аталады. Бұл бөлімде арулардың өзі жасаған тағамдарымен таныстырады. Құрамымен, және тағамның жасалуы түсіндіріледі.
2 - жүргізуші.
Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын - деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.
Ән: Бір тілек
Орындайтын: Искакова Алмагүл
1 - жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесуі» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.

№ 1 аруымыз ----------- Қарсы алыңыздар
2 - жүргізуші:
№ 2 аруымыз -----------

3

4

5

6

Қазылар алқасы І бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз.
Ән: Ана
Орындайтын:
Қазылар алқасынан І бөлімнің бағасын сұраймыз
2 - жүргізуші
ІІ бөлімӨз өнері»
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының*- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
№ 1 аруымыз: -------

2 - жүргізуші

3

4

5

6


Қазылар алқасы ІІ бөлімнің бағасын шығарғанша бір әдемі би тамашалаңыздар

Қарсыалыңыздар

1 - жүргізуші
Қазылар алқасының ІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 - жүргізуші
ІІІ бөлім « Үй тапсырмасы»
Бұл бөлімде аруларымыздың үйден дайындап әкелген бұйымдарын қазылар алқасына тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасы ІІІ бөлімнің бағасын шығарғанша оқушы қыздарымыздың биін тамашалаймыз.
Қазақ биі
Орындайтын
Қазылар алқасынан ІІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.

1 - жүргізуші
IV бөлім «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Білім құйған бойына
Қанын өмір жайына
Салт дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.


Қазылар алқасы IV бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз
Ән:
Орындайтындар:
Қазылар алқасынан IV бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 - жүргізуші
V бөлім «аспазшы» Бұл бөлімде байқауға қатысушы өзі дайындаған тағамын көрсетеді. Қатысушы құрамын, қалай дайындағанын айтып түсіндіреді. Тағамның әдімі безендіруіне де қарайды.
1 - жүргізуші
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп өздері дайындаған тағамдарын таныстыруға аруларымызды ортаға шақырамыз

№ 1

2

3

4

5

6

2 - жүргізуші:
Қазылар алқасы V бөлімнің бағасын шығарғанша би тамашалаймыз.
Би:
Орындайтын:
Қазылар алқасынан V бөлімнің бағасын сұраймыз.

1 - жүргізуш
VI бөлім «Қол өнері»
Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі. Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

№ 1

2

3

4

5

6

2 - жүргізуші: Қазылар алқасы VI бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз
Ән: ---------
Орындайтын: -------
Қазылар алқасынан VI бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 - жүргізуші
Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
О, қош жарқырап ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе апа қарындастарымызға мерекелік сәлем жолдаймыз.
Ән:-------
Орындайтын:----------
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем гүлі - 2010» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.03.2019
638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі