жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі
Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай өсірген. Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады. Сондықтан да, тәрбиелі, инабатты, намысты, ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады.
Жастықтың өзi – сұлулықтың, нәзiктiктiң белгiсi.
Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары ерекше көңiл бөлген. «Аттың көркi – жалы, арудың көркi – шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтiп-өсiрудi өнер санаған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етiп өру бойжеткен қыздардың көркi болған. Халық жырларында аруларды «Шашының ұзындығы iзiн басты» немесе «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған.
Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:
Әдемі қыз - баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын;
Көрікті қыз - істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын;
Шырайлы қыз - көз жанары өткір, бет-әлпеті балбұл жанған, тәні шымыр;
Сұлу қыз - сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп-күймейтін, келбетті;
Ару қыз - бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы;
Ажарлы қыз - дене бітімі жинақы, тығыршықтай, сөзі салмақты, ісі тиянақты;
Әсем қыз - жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.
Бойжеткен қыздардың киiм киiсiне де ерекше көңiл бөлген. «Адам көркi – шүберек, ағаш көркi – жапырақ», «Қыз өссе – елдiң көркi», – деп таныған халқымыз қыз балаларға қынама камзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрiк, қос етек көйлек, биiк өкше етiк тiктiрiп кигiзген. Сырға, бiлезiк, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзi – қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйiрлiгiн бiлдiредi. Халқымыз қыздың көркiне ақыл-ойы, мiнезi сай болуын қалаған. «Қыз – қылығымен сүйкiмдi», «Қызым үйде, қылығы түзде» деп, қыз тәрбиесiнiң ерекшелiгiне аса жоғары мән берген.
«Қазақ қызы!» Қандай қастерлі сөз! Ежелден ер азаматпен қатар түзде жауға қарсы найза ұстаған, үйде ошақтың берекесі, алыптардың анасы атанған Қазақтың қызы. Он мың әскерімен парсының патшасына қарсы тұрған Тұмар, даналығымен белгілі Айша бибі, Жиреншеге серік болған Қарашаш, жары дүние салғанда ошағын сөндірмей тағын ұстап, хандық құрған Айғаным ханым, жер мен су жарлыға берілсін деп ұрандаған Шолпан, Алма, фашистке қарсы қан майданда ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен Әлия мен Мәншүк, еңбек майданында алға озған Кәмшат, Желтоқсанда ұлтым деп ұрандаған Ләззат, егемендіктің туын көтерген сәтте барша жұрттың анасындай болып жүрген Сара апайымыз тізімін бастаған қазақ қыздары қашанда өз қадірімен ерекшеленді. Тарихтан ойып тұрып орын алды.
«Бүгінгі қазақ қызы ертеңге қалай барады? Барғанда не алып барады?» деген заңды сауалдар айналаға қараған сәтте өзінен-өзі туындайды. Айман-Шолпан, Қыз Жібек пен Баян сұлудай қазақтың бұрымды, сұлу келбетті қыздарын қазіргі кезде шынымен де жырдан ғана оқитын болдық па?!. Бүгінгінің Баяны, ару Айманы, атына сай есілген Жібегі қайда жүр?! Оларды көшеден де, киелі сахнадан да, теледидардан да көру арман болып кетті-ау.
Дана халқымыз: «Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi», «Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдеп-тілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулып отырған. Әрбір ата-ана
Аллаһ тағаладан жақсы перзент беруін тілейді. Сол баланы тәрбиелеу, оны жетілдіру өте маңызды. Дініміз Исламда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе және оларды (жақсы жерге) тұрмысқа берсе, жақсылық жасаса, Аллаһ тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді» . Қыздарымыздың ибалы һәм иманды, тәрбиелі болуына пайдасы тиер деген оймен ес біліп, етек жиған әрбір қыз өзі барған әрбір үйде мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек деп кеңес бергелі отырмыз.
1.Жарыса
сөйлеуге
2. Жалғыз қыдыруға
3.
Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге
4.
Орынсыз ұрынуға
5. Басқаларға қол
тигізуге
6. Өтірік, өсекке
7.
Суық жүріс, сумаң қылыққа
8.
Кісіге қарай керіліп есінеуге
9.
Талтайып отыруға
10.Шалқайып
жатуға
11.Тамақты обырлана
асауға
12.Ұрлық қарлыққа
13.Ұятты
мүшелерін ашып жүруге
14.Бұраңдап қылмысуға
15.Қызыл
іңірде жатуға
16.Түске дейін ұйықтауға
17.Кісі
алдында киім ауыстыруға
18.Салт-дәстүрден
аттауға
19.Елді ғайбаттауға
20.Үлкендердің жолын
кесіп, атын атауға
21.Ішімдік пен
шегімдікке
22.Ұрыс-керіске
23.Беттен
алып, бет жыртысуға
24.Қараулыққа,
ысырапқа
25.Рахымсыздық пен қатыгездікке
26.Түнде
суға жалғыз баруға
27.Жат жыныстылармен
арласып жатуға
28.Күйеуге қашып
тиюге
29.Әдепсіз сөзге
30.Тарс-тұрс
етуге
31.Адам мен жануарларды
тебуге
32.Кісіні қорлап
жәбірлеуге
33.Тәкәппарлық пен
сыйқымазақ жасауға
34.Айғай
сүреңге
35.Шектен тыс сыланып
жасануға
36.Қызғаншақтық пен
күншілдікке
37.Менмендік
пен өзімшілдікке
38.Алдап-арбауға
39.Көрсеқызарлыққа
40.Нәпсі құмарлыққа
тыйым
«Академик С. А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесінде 1-3 курс білімгер қыздарға «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі», «Қыз өссе, елдің көркі», «Ерте жүктілікті несімен қауіпті» тақырыптары бойынша тәрбие сағаттары, тренинг жұмыстары өткізілді, «Ерте жүктіліктің салдары, репродуктивті денсаулық жөнінде жастар мен жасөспірімдердің хабардарлығын » анықтау мақсатында сауалнама алынып психологиялық кеңес берілді.
Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп есте сақтау қажет. Түсінбеген, өз басына кездескен кейбір жағдайларды ашық айтып пікірлесу де адамдықтың белгісі. Ұстаз-ақылшың, оқытушың, шын досың. Әр уақытта пікірлесіп ішкі жан дүниеңді ашуда ата-анңмен бірдей адам. Ата-ана мен ұстаздың арасына қаяу түсірме. Сыйла, айтқанын тыңда. Олар сіздерді қорғайды, қолдайды.
Кенеш М.Ә.
«Академик С. А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі»
білім беру мекемесінің педагог – психологі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген