"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздардың тәрбиесі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Ш.Шәдіқожа



Келген қонақтар:

«Отбасын қолдау орталығы» мамандары – А.Баймаханова, Р.Мырзабекова

Аудандық білім бөлімінің әдіскері – Ұ.Мұратбек

«MEDIKAL SENTER SHYBARSU» қызметкері – Д.Ержанова


Саламатсыздар ма құрметті қонақтар! Ұстаздар! Оқушылар! «Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» дейді халқымыз. Осы сөзді бала кезімнен естіп өстім. Бірақ оның мағынасын уақыт өткен сайын тереңірек түсіне бастадым. Қыз болу — тек әдемі көйлек кию немесе көптің назарында жүру емес. Қыз болу — жүректе жауапкершілік ұстау, іс-әрекетінде нәзіктік пен парасатты қатар алып жүру.

Мен кейде ойланамын:

Қыздың күліп жүргені — отбасының тыныштығы,

қыздың білім алғаны — ұлттың болашағы,

қыздың дұрыс шешімі — өз өмірінің тағдыры.


Қыз — бір үйдің үміті, бір әулеттің шаңырағы. Ата-ананың сенімі, отбасының абыройы — бәрі оның жүрегінде. Сол үшін әр қадамымды ойланып басуға тырысамын. Себебі бүгінгі таңдаған жолым — ертеңгі болашағым. Мен өзімді бағалауды, өзіме қамқор болуды үйреніп келемін. Өзімді сыйласам — өзгелерге де сыйлы боламын. Болашағымды қорғасам — өмірім жарқын болады.

Сөз кезегі қонақтарға беріледі. «Отбасын қолдау орталығы» мамандары – А.Баймаханова, Р.Мырзабекова отбасындағы зорлық – зомбылық, буллинг жайлы жан-жақты түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері – Ұ.Мұратбек қыздарды алданбай тек сабақ оқуға, білім алуға шақырды.телефонды да дұрыс бағытта қолдана бңлу керектігі айтылды.

Мен — қызбын.

Жаным нәзік, жүрегім мейірімге толы.

Бірақ өз тағдырыма жауап беруге де қабілеттімін.

Менің арманым көп: білім алу, биік мақсаттарға жету, ата-анамды қуанту. Осы армандарымды орындау үшін өзімді сақтауым, өзімді құрметтеуім керек екенін білемін.

Қыздың күші — оның ақылында, мәдениетінде, тәрбиесінде.

Мен де сол күшті сақтап, өз жолымды дұрыс таңдағым келеді.

Өйткені мен білемін:

Қыздың абыройы — ұлттың абыройы.

Қыздың болашағы — елдің болашағы.



КӨРІНІС:

ӘЖЕ: Қызым, бүгін кешке үйде болыңдар, екеуің де шаршағансыңдар.

АНА: Иә, далаға шықпай-ақ қойсаңдар. Сабақтарыңды оқыңдар.

ҚЫЗ (күліп): Жарайды, мама... Бүгін үйдеміз ғой.

ҚҰРБЫ (сыбырлап): Кешке бармай қаламыз ба енді?

ҚЫЗ (сыбырлап): Жоқ, бәрі жақсы. Біраздан соң шығып кетеміз.

Әже мен ана басқа бөлмеге кетеді. Қыз бен құрбысы бір-біріне қарап жымиып, киімдерін алып шығып кетеді.

КЕШ – ТҮН: Музыка, көңілді орта.

Қыз бен құрбысы билеп, күліп, жақсы уақыт өткізіп жүр.

ҚҰРБЫ: Әне, жігітің келді!

ҚЫЗ (ұялып): Жәй ғана сөйлесеміз.

Жігіт қызды шығарып салады. Құрбысы алда кетіп қалады.

КӨШЕ – ТҮН: Қыз жігітпен бірге күліп сөйлесіп келе жатқанда, қарсы алдан анасы шығады

АНА (қатқыл): Не істеп жүрсің?! Қайда болдың?!

ҚЫЗ (қорқып): Мама… біз тек…

АНА: Әжеңе де, маған да өтірік айттың! Жүр үйге!

Анасы қыздың қолынан ұстап, үйге алып кетеді. Жігіт абдырап қалады.



ҮЙ – ТҮН: Қыз бен анасы бөлмеге кіріп келеді. Әже де оянып тұрған.

АНА (ренжіген, бірақ дауысын көтермей):

Қызым… өтірік айтқаның жанымды ауыртты.

Қайда барсаң да — айтар ең. Ешкім сені ұстап отырған жоқ.

ӘЖЕ: Қыз бала — көрсетер сәулесі бар шырақ. “Қырық үйден тыйым” дегенді бекер айтпаған.

Түнде жалғыз жүруге болмайды. Жаман әңгіме желдей тарайды.

АНА: Қыздың қадірі — өз қолында.

Өзімізге деген құрмет — ең бірінші.

Бүгінгі қадамыңа қарап ертең не айтады деп ойладың ба?

ҚЫЗ (көзінде жас): Кешіріңдер… Енді бұлай жасамаймын және өтірік айтпаймын.

ӘЖЕ (жұбатылып): Болды, құлыным. Тек ақ жолдан адаспа.

АНА: Жарайды. Есіңде болсын: біз саған жамандық ойламаймыз. Сенің болашағың үшін уайымдаймыз.

ҚЫЗ (ана мен әженің алдында, көзі жасаурап): Мен бүгін өзімнің қателескенімді анық түсіндім.

Сендер мен үшін уайымдайтынын, әр сөзіңнің артында мейірім жатқанын жаңа ғана білдім.

Өтірік айту — өзіме жасаған қиянат екен.

Түнде жүріп, қызық қуған сәттік нәрселер ештеңе емес…

Ал сендердің сенімдерің — менің ең үлкен байлығым.


Менің артымда — менің атым, менің тәрбием, менің отбасым тұр.

Қыздың қадірі — өз қолында екенін енді түсіндім.

Бүгінгі ісіммен сендерді ренжіткеніме ұяламын.

Бұдан кейін қадамымды да, сөзімді де ойланып басамын.

Маған тағы бір мүмкіндік беріңдер… мен оны ақтаймын.».


Осымен «Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» атты кездесу кешіміз аяқталды.























«Medikal Center Shubarsu»

ЖШС-нің бас дәрігері м.а.

К.С.Алимкуловаға

Түркістан облысы

Ордабасы ауданы

білім бөлімінің басшысы

Ш.Нурабаеваға «Достық»

жалпы білім беретін

мектеп» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінен



Сұраныс хат


Ордабасы ауданы білім бөлімінің 04.11.2025 жылғы шығыс № 41-09/2135 санды хаты негізінде, «Достық» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету, ерте және мәжбүрлі некеден қорғау, қыз балалар арасындағы ерте жүктіліктің алдын – алу мақсатында 19.11.2025 жылы сағат 12:00 де «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» тақырыбында арнайы мамандармен кездесу семинары өткізілуі жоспарлануда. Осы аталған іс – шараға Сіз басқарып отырған емханадан маман дәрігердің семинарға келіп қатысуын қамтамасыз етіп беруіңізді сұраймыз.





Мектеп директоры: Ш.Шәдіқожа



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2025
14
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі