400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды. Сондықтан да, бүгінгі ұлттық салт дәстүріміздің қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын айтып өтпекпін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қыз  тәрбиесі – ұлт  тәрбиесі.

     Қазіргі  заман  қыз  бала  тәрбиесіне ерекше мән  беруді  қажет  етеді.  Қыз  баланы  тәрбиелеу – ұлтты  тәрбиелеу  деген  сөз.    Отбасы – қоғамның  бір  бөлшегі. Ал отбасының  алтын  қазығы – әйел  адам.  Бесігінде  жақсы  тәрбие  алған, үлгі  өнеге  көрген қыз  бала  келін  болғанда  да сол  әдетін  сақтайды.  Сондықтан  да,  бүгінгі    ұлттық  салт  дәстүріміздің қыз  бала  тәрбиесіне байланысты  тұстарын  айтып  өтпекпін.

    Әдептілік, инабаттылық,  сыйласу  қонақ  күту  жағынан  халқымыз  алдына  жан  салмаған.    Әрбір   бойжеткен қыз бала  , әке- шещенің  ортасындағы  бұлғақтаған бал дәуренін  қалдырып, басқа  бір  үйге  барып  келін  атанады.  Өз  шаңарағын  көтеріп, үй  мен  шаруаға  иелік  етіп  түтінін  түтетеді, ана болып  өмірге  перзент  әкеледі.  Жар  құшып, ана болу – қыз баланың  мақтанышы әрі бақыты. Бұған әсіресе  әке- шеше  қуанады.

Біздің  халықта ежелден  келе  жатқан  ұғым – тәлімде өнегелі  қыздың ер  жетіп  өсуі ата-анаға және  оның  тәрбиесіне  байланысты. Данышпан  ақын  Жүсіп  Баласағұн  өзінің  «Құтты  білек» деген  еңбегінде  « Қызға үлгі  көрсет , ерлік  ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп  пен инабаттылықты  үйрет.  Сұрағанын  бер, көз  алдыңнан  таса  қылма, мықтап  күзет. Мезгілі  жеткенде  тұрмысқа  бер» дей  келе қыз  баланың  барлық  талап – тілегін орындау  арқылы қатал  ұстауды   міндеттеді.

 Біздің  халқымызда  «қыз»  деген сөздің  өзі әдеміліктің, жан- жақты  сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады. Қазіргі  кезде  мектептегі кейбір қыздарымыздың  тәртібінің  төмендеп  бара жатқандығы. Яғни  ибалы  қыздарымыздың арасындағы  келеңсіз жағдайлар  оқу – тәрбие  жұмыстарына кесірін  тигізіп  жатқаны рас. Оқушыларымыздың  осындай  теріс  жолға  түсуіне  бірден  -бір  себепші кінә – теледидар. Себебі оның  қай  арнасын  қоссаң  да қантөгіс, кісі  өлтіру, тыржалаңаш  әйелдердің ерсі қылықтары. Бұны  көрген бала оған  еліктеп көргенін  істегісі келеді. Одан  қала берді ұялы телефон. Оның  әр  түрлі хабарласу  түрлері  бар. Онымен  айналысқан бала оның жағымды  жақтарынан  гөрі  жағымсыз  жақтарына  құмар. Осыған  шектеу  қойатын  бірден  бір адам, ол  ата- ана. Үйдегі баланың  немен  шұғылданып  жатқанына бір  мезгіл  көңіл бөліп, сабағына қараса.Ұлы  мен қызын тек  тамақтандырып,   киіндірумен  шектелмей халқымыздың  әдет-ғұрпын  үйретіп , үлкенді  сыйлауға, кішіге  ізет  етуге тәрбиелеу  басты  мақсат болуға  тиіс.  Сондай- ақ  қыз  баланы  кішкентайынан еңбекке  баулыса  ертеңгі  күні нағыз маман  дайындалатыны анық.  Баласының  болашағына  әрбір ата-ана жауапты  болғаны  ләзім. Сонда  ғана  мына  келеңсіз  жағдайлар  азаятыны  анық. Шынында  мына  заманда  бала  тәрбиесіне бейтарп қарауға болмайды. Баланы  сәт  сайын қадағалап, сабағын  тексеріп, жүріс  тұрысын  бақылап  отыру  қажет. Бала  тәрбиесі  мектеп  кезінде  ғана  емес, мектеп  жасына  дейін де, одан кейін  де  басты  назарда болуы  шарт. Үйдегі  бір-екі баланың  тәрбиесімен  айналыса  алмасақ, онда  қандай  ата-ана болғанымыз.   Ал мұғалімдердің қарауында  қаншама оқушылар  бар.  Олардың  әрқайсысының мінездеріне, еркеліктеріне төзіп, олардың  әрқайсысына сабақ  үйретудің өзі  оңай  емес. Кейбір  ата-аналар «Бала  тәрбиесіне  ұстаздар  жауапты, олар  сол үшін  айлық  алады»  деп бар  жауапкершілікті  мұғалімдердің    мойнына  арта  салады. Тәрбиесі  қиын, үлгерімі нашар оқушыларымыздың  ата- анасымен сөйлесейік деп  шақыртсақ, олар  уақыттыры  жоқтығын  айтып  келмейді. Тіпті  мектептің  табалдырығын  аттамайтын  ата- аналарымыз  да  бар. Сөйте  тұра  баланы  дұрыс  оқытпайсыңдар  деп  мұғалімдерді  кінәлайды. Сабақтан  соң  бала үйде  болады  12 сағатыңыздың 1 сағатын ғана балаңызға  қисаңыз, сіздің балаңыз тәртіпті  де, озат оқушыға айналады.

Осылардың  бәрін қорта  келгенде «Қыз болашақ ана», «Қыз өссе елдің  көркі, гүл өссе жердің көркі».  Қыз  баланың тым  әлем – жәлем киініп көзге  түспкке тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі болады.   Бұл оның тәрбиесінің  төмендігін көрсетеді. Сөзімді  бұрынғы   білімпаздардың «Әйелдері  тәрбиелі болған халық - тәрбиелі, әйелдері  тәрбиесіз болған халық - тәрбиесіз. Әйелдері үнемшіл, пысық,жігерлі, талапты болса  халық бай, ал жалқау, салақ болса халық  пақыр, кедей болады» деген екен.

Өмірдің бар қызығы бала деген. Өміріміздің қызығы- балаға дұрыс тәрбие бере алмасақ, оның келешегіне де үміт артпай-ақ қояйық. Күндіз –түні тынбай еңбектенсеңіз мол ақша  табуыңыз мүмкін, ал есейген  балаңыздың бойына сіңіре алмаған тәрбиені күндіз  қолыңызға шырақ алып іздесеңіз де  таппайсыз. Сондықтан  да басты назарды бала  тәрбиесіне аударайық. Ағашыңыздың жемісін  жегіңіз  келсе, шыбық кезінде  дұрыстап қараңыз. Сонда  ғана еңбегіңіз  еш кетпейді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31.05.2019
2626
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі