жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі" атты тәрбие сағаты.
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі меңгерушісі
--------------- Манарбекқызы А
«--------» ------------------ 2019жыл
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі меңгерушісі
---------------
Манарбекқызы
Арай
«--------»
------------------
2018жыл
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі меңгерушісі
---------------
Манарбекқызы
Арай
«--------»
------------------
2018жыл
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі меңгерушісі
---------------
Манарбекқызы
Арай
«--------»
------------------
2018жыл
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»
Жауапты: Мейіргер ісі 203
топ жетекшісі Б.Н.Калкеева
Талдықорған 2019
Тақырыбы: Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
Мақсаты:
- қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;
– оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту;
– қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Көрнекілігі: «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»слайд, «kahoot» цифрлы сервисімен жұмыс, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.Проектор, көрініс.
Ыдырыс:Қайырлы күн, ардақты ұстаздар! Құрметті қонақтар мен оқушылар!Бүгінгі “Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі ”-атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
ГИМН
Топ жетекшісі: Калкеева Б.Н.: Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген.Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б. Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.
Анэль: Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Ыдырыс: Қыз бала –бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де, дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.
Анэль: Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.
Ыдырыс: Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді. Олай болса қыздардың өнерін тамашалайық.
Қазақша би (Бұрымды қыз)
Анэль: Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген.
Ыдырыс: Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай құю – жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген.
Анэль: Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған.
Ыдырыс: Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық.
Видео(Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі)
Шуақ: Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
Сая : Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
Анэль:Келесі кезекте Борлдыбаева Құндыздың орындауында Үкілі кәмшат атты әнді қабыл алыңыздар.
Құндыз(ән-Үкілі кәмшат)
Kahoot (Қызықты сұрақтар )
Анэль: Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсуімен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлген.
Шаш үлгісі
Индира:Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеудеге, құлап түссе қос бұрым». Ал ақын Абай атамыз қазақ қыздарының сұлулығын былай суреттепті:
Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.
Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:
Диана-Әдемі қыз баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы – жаманның жөнін біліп тұратын
Аружан-Көрікті қыз істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын
Арай-Шырайлы қыз көз жанары өткір, бет - әлпеті бал – бұл жанған, тәні шымыр.
Құндыз-Сұлу қыз сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп – күймейтін, келбетті.
Айтолқын-Ару қыз бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы.
Инабат-Ажарлы қыз дене бітімі жинақы, тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты.
Ө.Әсем-Әсем қыз жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.
Анэль: Шашбау, жолпы, белбеу, бұрым дегеніміз не? Мен осыны ойлап түп мағынасына жете алар емеспін.Маған көмектесе аласың ба?
Ыдырыс:Көмектесейін, екеуміз қазір Атай мен Әжейдің үйіндегі көріністі тамашалайық.
Көрініс.
Немересі:Аяулым
Адай- Ата: Қыздар, «Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар.
Түске дейін ұйықтауға тыйым.
Бұраңдап қылымсуға тыйым
Тамақты обырлана асауға тыйым
Ұрлық – қарлыққа тыйым
Салт – дәстүрден аттауға тыйым.
Ұрыс – керіске тыйым.
Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармаңдар.
Балауса- Әже: Әй, қыздарым, қазақ халқы бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. Мысалы: «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек кигізген. Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақыл – ойы мен мінез – құлқы сай болуын қалаған. «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қыз ақылы шешеден» т.б. мақал – мәтелдер соған арналған.
Еңлік:Қыз сұлу көрінеді қылығымен
Жарыса төгілген қос бұрымымен
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы –
Қыз сұлу көрінеді білімімен
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасымен
Қыз сұлу көрінеді толған айдай
Он бес пен он сегізде жасыменен
Назым:Қыз сұлу көрінеді өрнегімен
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен
Майысып бұратылып, майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен
Дарытқан бар асылды өз елінен
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен
Құлпырып қазағымның арулары
Өткендей сұлулықтың елегінен
Анэль: Ал қазір отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?
Ыдырыс: Ия, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалға айтатын болсақ: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін - өзі ұстау этикасын білмеу. Міне осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкінішті – ақ.
Видео (Қазақ қызының болмысы)
Анэль: Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата – ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
Келесі сөзді тобымыздың білімгері Ұзақпай Аружанның әжесіне береміз.
Ыдырыс: Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет.”Қыз бала әкесіне жұлдыз-шешесіне күн” демекші келесі кезекте мақал-мәтелдерге назар аударыңыздар!
1.Асыл
1.Екі ауылдың арасын жол қосады.
Екі елдің арасын қыз қосады.
2.Қызда қылық болмаса құр шұрайдан не пайда.
2.Гүлназ
1.Қызы бардың-назы бар.
2.Қызға қырық үйден тыйым.
3.Шырын
1.Қыздың ұяты –шешеге.
2.Ақылды қыз- білімге жүгінер,ақылсыз қыз- сөзге ілінер.
4.Сабина
1.Жақсы қыз жағадағы құндыз.
2.Жақсы қыз біреу келсе есік ашар,
Жаман қыз біреу келсе төрге қашар.
5.Қалжан
1.Қыздың қырық жаны бар.
2.Қызға қараған күн айсыз қараңғы түн
Адай (ән-Қыз бала гүл)
Анэль:Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.Ал енді келесі сөз кезегін бүгінгі тәрбие сағатымыздың құрметті қонақтарына береміз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген