Ұйымдастыру
кезеңі (7 мин)
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Психологиялық
ахуал
Бір түрлі кәмпит
алғандарды
1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа
«» тобына бөлемін.
Ой
қозғау
Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп,
аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген.
Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының
бойына сіңіріп
өсірген.
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасады,түгенделеді.
Психологиялық
ахуал
Оқушылар
дың пікірі
тыңдалады
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13
мин)
|
Мұғалім:
Бауыржан
Момышұлының келіні Зейнеп апамыз өзінің «Бабалар аманаты» атты
кітабында: «Қазақ қазақ болғалы қыз сыйлаған, қызын алқалаған текті
халық еді. Сандығында кілті жоқ жомарт қазақ сол жомарттығын
алдымен қызына жасаған. «Ұл – түтін, қыз – күтім» деп қызға жақсыны
кигізіп, дәмдіні жегізіп, жорғаны мінгізген. Үйдің оң жақ төріне
отырғызған. Тұрмысқа шықпаған қызды «оң жақтағы қыз» дейтіні
сондықтан. «Ұрыс-керіс естіген қыздың мінезінің мәні болмайды» деп,
қыз көзінше өрескел, бейпіл сөз сөйлемеген, анайы қылық
көрсетпеген. «Бақыты байланады, жолы кесіледі» деп қызға қол
көтермеген. Тіпті, отырған қыздың аяғынан аттамаған. Мұны кесір деп
түсіндірген. Өйткені еркектің де, әйелдің де тарайтын түбі – қыз.
Оң жақта отырғанда жүз жігіттің арманы болса да, қызға бір
азаматтың адал жан жары болу – парыз», – деп
жазады.
|
9-сынып
оқушысы:
Әр
елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы
өлшенеді. Халқымызда қыз деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан
- жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Жарық пен жылу, от
пен су жоқ жерде тіршілік жоқ, ал осылардың көктегі көзі - күн,
жердегі көзі - адамзат. Адамдардың бір - біріне мейірімі мен
ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің
көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді. Бала
жастан жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала болашақта да
сол әдебін сақтамақ. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы
қыз тәрбиелеу - бүгінгі қоғамның ең өзекті
мәселесі.
Осы
орайда, Мегаполистегі білім мекемелерінде қыз тәрбиесі күн
тәртібіне енген десек артық айтпаймыз. Қыз балаларға адамгершілік,
адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы
жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани
-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық,
тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға,
әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеуді мақсат
тұтқан
халықпыз.
|
суреттер
|
Ортасы (20
мин)
|
11-сынып
оқушысы: «Қызым үйде – қылығы
түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің
негізі болып саналады. Жасыратыны жоқ кейбір ата-ананың баласымен
араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке – шешесінен суып,
оларға деген сыйластықтан алыстай бастайды. Бала кезінен жылылық
мейірімді көрмеген адам баласы жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін
өзгелерден алатын қатыгездікпен өседі.
Бүгінгі күнде қыздарымыздың
көзге оғаш көрінетін киімдерін айтар болсақ, бұрын-соңды
болмаған, құлақ естіп, көз көрмеген. Ата-ана баламыз қатар
құрбысынан қалмасын деген оймен заман талабына сай жаңа үлгімен
киіндіріп, қалталылар көлік мінгізеді. Сондада әр нәрсенің өз
орны бар емеспе...
11- сынып оқушысы:
Қазіргі заман қыз бала
тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.
Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу
деген сөз. Отбасы – қоғамның
бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы –
әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие
алған, үлгі өнеге көрген қыз бала
келін болғанда да сол әдетін
сақтайды. Сондықтан да, бүгінгі
ұлттық салт дәстүріміздің қыз бала
тәрбиесіне байланысты тұстарын айтып
өтпекпін.
Әдептілік,
инабаттылық, сыйласу қонақ күту
жағынан халқымыз алдына жан
салмаған. Әрбір бойжеткен қыз
бала , әке- шещенің ортасындағы бұлғақтаған бал
дәуренін қалдырып, басқа бір үйге
барып келін атанады. Өз шаңарағын
көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп
түтінін түтетеді, ана болып өмірге перзент
әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың
мақтанышы әрі бақыты. Бұған әсіресе әке- шеше
қуанады.
Біздің халықта ежелден келе
жатқан ұғым – тәлімде өнегелі қыздың ер
жетіп өсуі ата-анаға және оның тәрбиесіне
байланысты. Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн
өзінің «Құтты білек» деген еңбегінде «
Қызға үлгі көрсет , ерлік ізгілікті басшылықа ала
отырып, әдеп пен инабаттылықты үйрет.
Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма,
мықтап күзет. Мезгілі жеткенде тұрмысқа
бер» дей келе қыз баланың барлық талап –
тілегін орындау арқылы қатал ұстауды
міндеттеді.
|
10-сынып
оқушысы:
«Қыз» –
ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды:
қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор
дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп,ұлт қатарын
көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін,
әдет ғұрпын, салт санасын,дәстүрін немересіне, немересінен
шөбересіне жеткізуші, дамытушы әрине, әйел-ана. Тіліміздің өзін ана
тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Ана-барлық өмірдің
бастауы.Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу
ананың және біршама қауымның міндеті.
Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір
елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл
болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы –
сендерсіңдер!
|
|