400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыз тәрбиесі Ұлт болашағы Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Колледж Студенттері мен оқушыларға арналған шағын мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген екен ата-бабамыз. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Біз қыз баланы тәрбиелеуде ұлттық тәрбие, ұлттық педагогика негіздерінен алшақтап кеткенбіз. Атам заманнан келе жатқан салт-дәстүрдің қуанышы мол, қызықтысы – ұлын ұяға қон­дыру, қызын қияға ұшыру, бір сөзбен айтқанда қыз ұзатып, келін түсіру болған. «Алып анадан туады» дегенді түптей түсінген қазақ елінде ананы ардақтау, сыйлау, оның ішінде жаңа түскен жас келінді құрмет­теу бұзылмас салт-дәстүрге айналған. Ұрпағымыз­дың бойына ұлттық тәрбиені, иман­ды­лық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз. Пайғам­барымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Кім­нің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанына киіндіріп бақса, олар (қыздарын тәрбие­леп өсіргені) сол үшін тозақ отынан қалқан болады», – деген. Бұл шынымен де қыз бала тәрбиесінің ата-анаға оңай түс­пейтіндігін дәлелдейді. Қыз баланың ары мен абы­ройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өміріне даярлығы әрқайсысы өз алдына дербес тақырып. Халқымызда «бір ұл тәрбиелесең – бір әулетті тәрбиелегенің, бір қыз тәрбие­лесең – бір ұрпақты тәрбиеле­генің» деген дана сөз бар. Әубәкір сынды үлкен ақын «Қыз бала – үйдің бояуы» деген екен. Сол кісінің айтқанындай қыз – әлемнің көркі әрі ұрпақ көбей­туші. Қыз баланың тәр­бие­сін ұлттық болмыстың барлық іргетасымен астасты­ратын ха­лық­тық қағиданы бүгінгі таңда біз де қалтқысыз ұстануы­мыз қажет. Оның болмысын биік­тететін, тұлғалық ерек­ше­лік­терін айқындайтын тәрбие мен ұлттық құндылықтарды айтар едім. Ана тілімізде «қыз» деген сөз бар. Ол – ең қасиетті де, құрметті сөз. Қасиетті болатыны – бүкіл адамзат әйелден та­райды: қыз келін болады, анаға айналады, одан кейін әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы ар­қылы ұрпақ өсіріп, ұлт қата­рын көбейтеді. Қазақ халқы қыз баланың қадір-қасиеті мен қылығы ұлттың ұлылығын танытады деп халықтық болмыспен астас­тырған. Сондықтан қыз­дың тәр­биесіне ерекше мән беріп, сол тәрбиені қалыптас­ты­ру­дың жолына барлық игі жақсылық­ты топтастырған. Қазақ қауы­мында қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабалары­мыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отыр­ған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз – өріс, ұл – қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тыйым» жасайды. Осы тұста қыз тәрбиесіндегі жеңге рөлі де көзден таса болмайды. Бұл байланысты аталарымыз «Қызы бар үйдің жеңгесі сүй­кімді келеді» деп тұжырымдаған. Өйткені әке-шеше айта алмай­тын сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс-бітімі мен тәрбиесінің басы-қасында аяулы жеңгелер жүреді. Ата-ана қызынан еш нәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. Өйткені «қызға бергенді қызыр өтейді» деп біледі. Сонымен бірге, қазе­кең қызды бетімен де жібер­мейді. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды «қанаттыға қақтырмай, тұмсық­тыға шоқтырмай» өсіруді парыз санайды. Олардың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін еш уақыт ұмытпаған. «Қыз бақ­қаннан қысырақ баққанның оңайлығын» жадынан шығармай баянды отанын тапқанша өзінің жауапты екенін еш ұмытпаған. Сөйте тұра қызды жағадағы құндыздай күтеді. «Күйеу жаман болса қызыңнан» деуінде үлкен мән бар. Өзінің отбасында керекті тәрбиенің бәрін көріп өскен қыз бала, соған қоса мінез­ді де қылықты болса, пара­сатты да пайымды болса екен дейді. Қызы дұрыс тәрбие алма­ған ата-анаға бабаларымыз тағы да «Қызды күте алмаған күң етеді, жібекті түте алмаған жүн етеді» деген. Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа жиһазға қызық­пағандығын жыр-дастан­дардан білеміз. Қазақ қызды махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған. Бойындағы бір жақсы ұлттық қасиеттерді – тілін, дінін, әдеп-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жет­кізу­ші, дамытушы – әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырыс­ты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстық татулығын іске асыра­тын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. «Ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп» деген ұлағатты сөз осыдан туса керек. Кең-байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқы­мыз­дың бір тілде сөйлеп, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі – бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным, Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыз­дан қалған үлгі. Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиетін, рухани-моральдік құнды­лығын өзімен бірге ала келіп, табал­дырығын аттаған босаға­сының игілігіне, қала берді. Сол бір бүкіл қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты кәде бүкіл ұлттық бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигіз­ген. Сондықтан да халқы­мыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелетіп, парасат­ты­лыққа баулып еркін өсірген. Ұлт аналары, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Өткенге қарап отырсақ, ата-бабаларымыз қыздарын жақсы келін болуға емес, әр саладағы жақсы мамандар мен бірге «ана» болуға тәрбиеледі. Күні кеше ғана қара тасты қақ жарып шыңға шыққан еңлік гүлдей болып, қазақ әйелдерінен ұстаз – ғалым, ұстаз – жазушы, ұстаз – қайраткер болып, қоғамның биік баспалдағына көтерілген, тілге тиек болар аналарымыздың шығармалары да айғақ. Олардың бойындағы дарындылық, адам­гер­шілік, азаматтық қасиеттер аналық тұлғаның биіктеуіне тікелей әсер етті. Аналарымыз ақылды, арлы, қажымайтын қамқор, ерінбейтін еңбекшіл, саналы, сабырлы, салиқалы болмаса, біз бүгінгі күнге жете алар ма едік?!. Сондықтан қыз тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған абзал. Болашақ ұрпақ­тың рухани несібесі бүгінгі – қыздарымыздың қолында.

Бисенгалиева Айдана Тынымовна БҚО Шыңғырлау колледжі студенті


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
916
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі