Қызанақтың адам денсаулығына пайдасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызанақтың адам денсаулығына пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Абыз ауылы

27 негізгі орта мектебі КММ








Тақырыбы:

«Қызанақтың адам денсаулығына пайдасы»



Бағыты: Жаратылыстану






Орындаған: №27негізгі орта мектептің

1-сынып оқушысы

Айболатұлы Еркебұлан

Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі:

Кемпирбаева Назгуль Амировна





Тақырыбы: «Қызанақтың адам денсаулығына пайдасы»


Мақсаты: Қызанақтың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам денсаулығына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Қызанақты тұрмыста сақтау және пайдаға асыру жолдарын ашып көрсету.




Міндеттері:

  • Қызанақтың сан алуан қыр-сыры ашу;

  • Қызанақтың көптүрлілігі мен олардың адам ағзасына пайдасы айқындалды;

  • Қызанақтан дайындалатын сусындардың дайындалу жолдары мен оның емдік қасиеттері көрсетілді.

Ғылыми жұмыстың мазмұны:
I. Кіріспе.
II . Негізгі бөлім

1. Қызанақтың сан алуан қыр-сыры

2.Қызанақтың көптүрлілігі мен олардың адам ағзасына пайдасы

III. Қорытынды.

















Аннотация


Абыз ауылының «№27 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1-сынып оқушысы Айболатұлы Еркебұлан «Қызанақтың адам денсаулығына пайдасы» атты ғылыми жобасы қызанақ көкөнісінің адам денсаулығына тигізетін пайдасын танып білуге, оның емдік қасиеттерін ашуға арналған. Әлемде белең алып отырған әр түрлі ауруларды дәрілік өсімдіктер, көкөністер арқылы емдеу және алдын алу шараларын жүргізу - өзекті мәселе.






















27 негізгі орта мектебінің

1-сынып оқушысы

Айболатұлы Еркебұланның

«Қызанақтың адам денсаулығына пайдасы»

тақырыбына жазған

ғылыми – зерттеу жұмысына

Рецензия


Оқушының «Қызанақтың адам денсаулығына пайдасы» атты ғылыми жобасы қызанақтың өзіндік құпия сырларын ашуға, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары мен шипалық қасиеттерін танытуға арналған.

Оның адам өмірінде алып отырған орнын көрсетуге, денсаулықты жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерінің қыр-сырын ашып көрсеткен.

Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, қорғауға ұсынамын.


Биология пәнінің мұғалімі: А.С. Жылқыбай














І Кіріспе

Мен Айболатұлы Еркебұлан үйдің жанындағы жылыжайда өзіміз өсірген қызанақты зерттеуді қолға алдым. Қызанақты ең бірінші анаммен бірге жылыжайға отырғызып, өсіріп, күтіп баптадық. Содан ары қарай анаммен бірге зерттеу жұмысын бастадым. Қызанақ туралы зерттегенде көп нәрсені анықтадым. Негізі зерттеу барысында маған анам мен ұстазым көмектесті. Қызанақ біржылдық жылу сүйгіш шөптесін өсімдік екен, орыс тілінде «помидор» атауы итальян тіліндегі «pomodoro–алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Жалпы қызанақтың Отаны шығуы жайлы анам екеуіміз іздестіре бастадық. Қызанақтың Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады.  Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын білдік.


Picture 1 Picture 3





ІІ Негізгі бөлім

Қызанақ – жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Түрінің көптігімен, дәмімен қасиеттерімен танымал. Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын көреміз. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақты тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Қазақстанның әр аймақтарында қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар.

Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс.

Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол организмді зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Қызанақ иммунитетті  де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққы пайдасы мол. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге қызанақты екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі қызанақ ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Оған қоса ол теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғайды. Дегенмен, үш айдан асқан қызанақ шырынын пайдаланбаған жөн, бұл организмге зиян. Алайда бұл зиян бірден байқалмайды. Мұның зардабы бүйрекке, қуыққа тас байлануға әкеп соқтырады. Қызанақты көбіміз жейміз. Бірақ не үшін жейміз? Қандай пайдасы бар екен? Қызанақтың құрамында ликопин деп аталатын пигмент болады. Ол қызанаққа қызыл түсті рең береді. Ал қызанақты жеген адамның ағзасының жақсы жұмыс істеуі үшін бірнеше түрлі пайдалы әсер береді және антиаксидант қызметін атқарады. Ликопиннің атқаратын қызметтеріне днк-ның қорғалуын, қатерлы ісік ауруларының (қуық түбі безінің рагі,  асқазан рагі) бетін қайтару, қан тамырлары ауруларын азайту және т.б. Ликопин басқа пигменттер сияқты қайнатқанда немесе пісіргенде жоғалып кетпей, керсінше, мөлшерін көбейте түседі. Қызанақтың құрамында клетчатка, калий, натрий, магний, темір, хлор, фосфор, күкірт, кремнии, иод, с дәрумені мен в тобы дәрумендері болады. Ал бұлардың әрқайсысы өздеріне тән ерекшелікке сай ағзада әртүрлі қызметтер атқарады. Ағзадағы су-тұз алмасу бұзылғанда, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары кезінде және асқазан мен ішектің қызметі бұзылғанда қызанақ пен қызанақ шырынын пайдаланған дұрыс. Қызанақ шырыны: пайдалы ма, әлде зиян ба?! Қызанақ шырынының пайдасы мол екені бұрыннан белгілі. Ертеде қызанақ шырынын хан сарайларда халық көсемдері мен қадірлі қонақтарға берілген екен. Ал оның қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды екенін көпшілік біле бермейді. Қызанақ шырыны - құрамында крахмал және концентрантты қант болмаса, ең пайдалы әрі құнарлы. Қоспасы жоқ сусын құрамында магний, кальций, натрийден бөлек, минералды заттар, А,В,С дәрумендері және шырын алма, лимон, қымыздық қышқылы бар. Жазда бұл сусын шөл қандырса, қыс мезгілінде бойдағы температураны бір қалыпта ұстауға ықпал етеді. Шырын жүрек қантамырлары мен бойдағы қан айналым жұмысын жақсартады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады. Тері қабатын жұмсартып, шаш, тырнақ өсіміне тікелей ықпал етеді. Сондай-ақ, қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Қызанақ шырыны анемия, көз аурулары, жүйке ауруларының алдын алады.

Күнделікті таңертең және ұйықтар алдында 1 стақан қызанақ шырынын ішкен абзал. Таңертең шырын адам бойына сергектік бітірсе, кешкілік жанға тыныштық сыйлайды. Қызанақ шырынын ас алдында да ішуге болады. Алайда, оны құрамында көп мөлшерде ақуыз кездесетін тағамдармен араластырмаған жөн. Қызанақ шырынында кездесетін ликопен көптеген мүшелердің: өкпе, асқазан, ішек, бауыр  мен жатыр  онкологиялық ауруларына ем ретінде пайдалы. Сонымен қатар, қызанақ шырыны жүрек-талма ауруларының өршуін төмендетеді. Қызанақтың құрамындағы жасұнық, калий, натрий, магний, темір, хлор, фосфор, күкірт, кремний, йод және А, В, С, Е дәрумендерінің әрқайсысы өздеріне тән ерекшелікке сай ағзада әртүрлі қызметтер атқарады.


Ағзадағы су-тұз алмасу бұзылғанда, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары кезінде және асқазан мен ішектің қызметі бұзылғанда қызанақ пен қызанақ шырынын пайдалансаңыз, таптырмас көмек болмақ.

Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққа пайдасы өте көп екен. Бұл қоспа иммунитетті арттырып, ағзаға ауру жолатпайтын көрінеді. 


Қызанақтың қолданылуы

Жылыжай жағдайында жыл он екі ай өнім алуға болады. Жеке отбасыға жетерлік қана өсіру үшін, базардан мамандар дайындап өсірген көшетті алған дұрыс. Ал шаруа қожалықтары үшін көшеттерді өздерінің дайындағаны тиімдірек.


Picture 5 Picture 7


















Қорытынды

Бұл зерттеуімде мен қызанақтың өзім біле бермейтін көптеген қасиеттерімен таныстым. Оны бау-бақшада өсіру, күтіп-баптау жолдарымен, адам ағзасына тигізетін орасан зор пайдасы мен емдік қасиеттерін анықтадым.

Құрамындағы ликопиндердің көп болуына байланысты пайдалы көкөністер арасындағы алдыңғы орнын қызанақтар алады. Қызанақтарда көп мөлшерде адамға қажетті дәрумендер мен микроэлементтер бар. Құрамын бойынша қызанақ адамның көңiл-күй жақсарады, қабынуға және бактерияларға қарсы әсерлерге ие, тәбетті тежеп, тез асқа қанағаттану сезімін туғызады. Сонымен қатар, қызанақтар ас қорытуды жақсартып, жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын-алады. Қызанақтардың құнарлығының төмендігін ескеріп, артық салмақпен күресетін сүйікті көкөніске жатқызады.     Егер, барлық адам қызанақты үй бақшасында, жылыжайда өсіруді қолға алса, өздері жасаған сапалы тағам түрлерін қолданып, ақшаларын үнемдеумен қатар, сатылымға шығарып, көптеген пайдаға кенеліп, қарапайым халықтың тіршілігі жақсарар еді.














Пайдаланылған әдебиеттер:

 

С.А.Арыстангалиев, Рамазанов Е.Р., Қазақстан өсімдіктері. А.1977 г.

Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені

Көкөністер: Дидактикалық материал.- Алматы, 2011. - 16 б, 

Ол кім, бұл не? Балалар энциклопедиясы

Айгөлек журналы 5 басылым 2015-2016 жыл 8 бет

Интернет желісінен алынған мәліметтер.




11


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.10.2018
929
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі