400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыздар-көктем гүлі" қыздар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының қыздарына арналған мерекелік сайыс. Жас мамандарға, ұстаздарға қажет. Мерекелік шаралар өткізу барысында, іс-тәжірибе алмасу мақсатында көмегі тиер.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Қыздар-көктем гүлі»

Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.

Уа, арулар, арулар! 
Ешкімің жоқ алалар. 
Ару болу үлкен сын, 
оны қазың бағалар – деп, 
әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. №20 орта мектептің директоры Нүсіпбаева Гүлайым Омарқызы

2. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Иісова Қарлыға Қажыкенқызы

3. Ата-аналар: Ұлдардың аналары

Расул

Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар.

Аян

Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 

8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Расул

Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Қыздар- көктем гүлі» атты Қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз!

Аян

Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған «Қыздар-көктем гүлі» атты Қыз сыны 2017 байқауын бастауға рұқсат етіңіздер

Расул
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.

Аян
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.


Ортаға аруларымызды біздің сыныптың жігіттері алып шығады.

Расул 
1 - аруымыз: Қуанышқызы Аружан

Жақсы оқуды бастады

«Әліппені» ашқалы

Аружан қызымыздың

Қап-қара ғой шаштары


Аян
2 - аруымыз: Тілеуберген Аяжан

Билейді кейде айнала

Көркіне ақылы сай ғана

Аяжан біздің әдемі

Сөйлейді бірақ жай ғана.


Расул
3 - аруымыз:Қойбағар Жанайым

Жақсы оқып сабағын

Бәрімізге жағатын

Жанайым кейде қырсықса

Түйіп алар қабағын


Аян
4 - аруымыз: Қанат Мадина

Ай секілді өзі де

Сыңғыр-сыңғыр сөзі де

Мадина қыздың сыныпта

Әдемі ғой көзі де


Расул

5 - аруымыз:  Мұхит Таңшолпан 

Ыңғайы көңіл-күйінің

Келгенде байқап бейімін

Айтарымыз Таңшолпанқыз

Еркесі ғой үйінің


Аян
6 - аруымыз:  Сарсенбай Амина 

Алар дәйім «бестігін»

Аққұба қыз кескінің
Бойшаң біздің Амина

Ұяңдау деп естідім


Расул
Ал, халайық, аруларға тамсанайық, 
Қыз сыны деп әлемге жар салайық. 
Атына заты сай аруларға 
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық. 


Мұғалім

Сайысты бастамас бұрын, сайыстың бөлімдерімен таныстырып өтейін. 

1 - бөлім: «Тегін білу тектілік»- деп аталады.Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.



2 - бөлім: «Білімді мыңды жығар...» Сұрақ - жауап. Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
3 - бөлім «Өнерлі өрге жүзер» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)

4- бөлім: «Қол өнері» Бұл бөлімде аруларымыз қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып альбомның бетіне жабыстырады.
5- бөлім: «Қыздарға әсемдік жарасады» - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз сән үлгісін көрсетеді, шаш үлгісіне де көңіл бөлінеді
6- бөлім: «Ас-адамның арқауы» деп аталады. Сайыскерлеріміз жасап әкелген тағамдарының жасалу жолына тоқталып, қорғайды. Аналары көмектесуіне болады.


Аруларымыз өздерінің реттік санын алсын. 


Баурап алар бір-ақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы - әдепті де әдемі.
Қазақ қызы - ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың

1- бөлімін бастайық. Бөлім «Тегін білу тектілік» деп аталады. Аруларымыздың өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар! Әр ару өздерін таныстырып өтеді.


Қазылар алқасынан 1 бөлімнің бағасын сұраймыз.


2 - бөлім: «Білімді мыңды жығар...» Сұрақ - жауап. Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

Білім құйған бойына,
Қанып өмір жайына.
Салт-дәстүрдің әр сөзін,
Сақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
Арулар сұрақтарға дайындалсын.

Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 минут
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата. Біреуіне тоқталып өт.
2. Мақалды жалғастыр.

Әке көрген оқ жонар (шеше көрген тон пішер)


Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 минут
1. Наурыз көже қалай дайындалады?

2. Мақалды жалғастыр.

Баланың ұяты әкеге ( қыздың ұяты шешеге)

Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 минут
1. Қандай салт - дәстүрлерді білесің? Біреуіне тоқталып өт.
2. Мақалды жалғастыр.

Балапан ұяда не көрсе ( Ұшқанда соны іледі)


Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
1. Сүттен жасалатын тағамдар. Біреуіне тоқталып өт.
2. Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер (Ауылдың сәнін қыз келтірер.)


Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
1. Төрт түлік туралы не білесің?

2. Мақалды жалғастыр.

Әдепті бала -арлы бала. ( Әдепсіз бала –сорлы бала)

Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
1. Көктем мезгілінде неше ай бар? Атауларын ата.

2. Мақалды жалғастыр.

Атаңның баласы болма ( адамның баласы бол)


Мұғалім:

Құтты болсын мейрамы аналардың,
Қуанышын көрсінші балалардың.
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар,
Билері мен әндері балалардың - деп аналар сіздерге арнап ұлдар өздерінің өлең шумақтарын жолдайды


Аян:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар  
Аналардан туған небір даналар.  
Ана деген тіршіліктің тірегі,  
Армысыздар, қасиетті аналар! 

Дінмұхаммед

Сенен өскен балалар, 
Батырлар мен даналар 
Құттықтаймыз мейраммен 
Құрметті біздің аналар 


Расул:
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы
Аналар күнін – елдің салты
Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп
Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.


Әли:
Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
 
Ана – шырақ, мен – сұрақ санадағы. 
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген, 
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы. 

Аманжол:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.

Әбілмансұр:
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.

Әділжан
Арулар - аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.

Мадият

Біз доспыз гүлдермен, 
Текке оны жұлмаймыз. 
Той күні бір - бірден 
Аналарға сыйлаймыз. 

Жастілек

Ақ анашым, аппағым, 
Өзің жайлы тақпағым 
Өзің жайлы әнім де, 
Арнадым саған бәрін де. 


Әзім
Бүгінгі көктем күнінде,  
Барлық адам қуанар,  
Аналарды мейраммен  
Құттықтайды балалар.  

Ибрахим
Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
 
«Құлыным» деп құшағына алады 
Өзгеге де, өзіне де жауапты 
Барлығына қалай уақыт табады?! 

Барлығы хормен
Ақ сүтінен жаралған, 
Ақ сүтінен нәр алған, 
Анаға бас иеміз! 

Қазылар алқасынан 2 бөлімнің бағасын сұраймыз.
3 - бөлім «Өнерлі өрге жүзер» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)

Өнері өрге жүзер талаптының.
Таланты талмай ұшар қанаттының,
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының,- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.

Қазылар алқасынан 3 бөлімнің бағасын сұраймыз.

4- бөлім: «Қол өнері»

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі.
Бұл бөлімде аруларымыз қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады, қазылар алқасына тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.


Қазылар алқасынан 4 бөлімнің бағасын сұраймыз.


Ұлдар биі: Қара жорға


5- бөлім: «Қыздарға әсемдік жарасады» - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз сән үлгісін көрсетеді, қатысушыларымыздың шаш үлгісіне де көңіл бөлінеді
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз


Ән: Ақ мамам


6- бөлім: «Ас-адамның арқауы» деп аталады. Сайыскерлеріміз жасап әкелген тағамдарының жасалу жолына тоқталып, қорғайды. Аналары көмектесуіне болады.


Қазылар алқасынан 6 бөлімнің бағасын сұраймыз.


Қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша ойын ойнайық.
 Аналары көп қыздың ішінен өз қызын табуы керек.


Қазылар алқасының шешімі.Оқушыларды марапаттау.

«Көктем Аруы»-2017 жыл___________________________
«Инабатты Ару» ___________________________________
«Өнерлі Ару»______________________________________
«Сымбатты Ару»___________________________________
«Көрікті Ару»______________________________________
«Білімді Ару» ______________________________________

Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар-көктем гүлі » байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі