Материалдар / Қыздар сұлу көрінер өнерімен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыздар сұлу көрінер өнерімен

Материал туралы қысқаша түсінік
жетістік үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
475
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қыздар сұлу көрінер өнерімен»

(сайыс 8-9 сынып, қыздар арасында)


Мақсаты:

а) Білімділік: Игі салт, озық дәстүрді білу, әдептілік, инабаттылық, өнер секілді асыл қасиеттерді бойға сіңіру.

ә) Дамытушылық: Қыз балалардың бойындағы қабілеті мен дарынын танып білу, жан-жақты екенін көрсетуге мүмкіндік жасау.

б) Тәрбиелік: Өнерге деген құштарлығын арттыру, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі біздің технология пәні бойынша өтетін «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгін сіздердің алдыларыңызда 8,9 сынып қыздары өз білімдерін сынамақ. Сонымен қадірменді көрермендер ақылына көркі сай ару қыздарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін:

  1. «Бәйге» сұрақ-жауап

  2. «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап

  3. «Қыздарға әсемдік жарасады» сән үлгісі

  4. «Әрі дәмді, әрі тез» үй тапсырмасы

  5. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» қол өнері

Кешімізді бастамас бұрын әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

Талпынған әр шыңдарға жас таланттар,

Білімнің ортасында ән қалықтар.

Күтіп тұр арман қуған өрендерді,

Шеберлікпен ойға толы сын сағаттар – дей келе кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1 сайыс

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәріде санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында,

Сыналар білімі мен парасаты- дей келе бірінші сайысымыз «Бәйге».

Шарты: Әр қатысушыға 4 сұрақтан қойылады әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қатысушылардың «жауап жок» деген созінен кейін бірінші жасыл карточканы көтерген қатысушымызға жауап беру мүмкіндігі беріледі. Әр бір сұраққа 1 мин уақыт беріледі.

1 қатысушы:

  1. Ұлттық бас киімдерді ата? (сәукеле, тақия, бөрік, кимешек т.б)

  2. Бидайдан әзірленетін қазақтың ұлттық тағамы? (талқан)

  3. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше қалай аталады? (түскиіз)

  4. Иық бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімі? (камзол)

2 қатысушы:

  1. Шашқа тағатын әшекей бұйым? (шашбау)

  2. Уақытша тігіс түрі? (көктеу)

  3. Кесте тігу үшін қандай құралдар қажет? (кергіш, мата, ине, жіп, қайшы)

  4. Үтікті қалай қыздыру керек? (мата түріне қарай)

3 қатысушы:

  1. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Ежелгі Египет)

  2. Көкеністерден дайындалатын салқын тағам? (салат)

  3. Тігін машинасында жұмыс істеген кезде жарық қай жақтан түсуі керек? (сол жақтан немесе алдынан)

  4. Бие сүтінен ашытылатын сусын? (қымыз)

4 қатысушы:

  1. Қамырдың негізгі шикі заты? (ұн)

  2. Ылғалды жылумен өңдеу дегеніміз не? (үтіктеу)

  3. Мата түрлерін ата? (шыт, атылас, жібек, барқыт т.б)

  4. Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер? (жұлдыз, ботагөз, шахмат, сегізжапырақ т.б)

2 сайыс

Екінші сайысымыз «Білімді мыңды жығар деп аталады». Алдыларыңызда 10,20,30,40, деген ұяшықтар тұр.

Шарты: кезек-кезек ұяшықты таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Әр бір сұраққа 1 минут уақыт беріледі.


10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40

  1. Ұш арсызды ата? (ұйқы, күлкі, тамақ) 10

  2. Қазақтың ұлттық сүт тағамдарын ата? (айран, қымыз, құрт, ірімшік,қаймақ, шұбат т.б) 10

  3. Азық түлікке байланысты өлшем түрлерін ата? ( бір асым – ет, бір елі – қазы, бір жұдырық – ет , бір үзім- нан, бір шымшым - тұз) 10

  1. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата? (домбыра, жетіген, сазсырнай, қобыз, сыбызғы) 20

  2. Төрт түлік малдың иесі қалай аталады? (түйе – Ойсылқара, ешкі – Сексеката, жылқы – Қамбар ата, сиыр – Зеңгі баба, қой – Шопан ата) 20

  3. «Наурыз шешек» дегеніміз не? (наурыз айында өсетін жапырақты түрлі түсті гүл) 20

  1. Бес қаруды атаңыз? (садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар) 30

  2. Жеті атаны атап бер? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

  3. Жеті қазынаны атап бер? (ер - жігіт, сұлу – әйел, ақыл- білім, жүйрік – ат, қыран-бүркіт, берен- мылтық, жүйрік - тазы) 30

  1. Жеті жоқты ата? (аспанда тіреуіш- жоқ, жерде өлшеуіш – жоқ, таста тамыр – жоқ, тасбақада талақ – жоқ, Аллада бауыр – жоқ, аққуда сүт – жоқ, жылқыда өт – жоқ) 40

  2. Табақ тарту түрлерін ата? (Бас табақ, сый табақ, орта табақ, күйеу табақ, келін табақ) 40

  3. Қазақтың салт-дәстүрлерін ата? (қыз ұзату,тұсау кесу, сүндет той, тоқымқағар,ат қою) 40

3 сайыс

Келесі сайысымыз «Қыздарға әсемдік жарасады» сән үлгісін көрсету. Олай болса қыздарымызды қошеметпен шығарып салайық.

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасатын

Ал,халайық ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік - деп сән үлгісін көрсетуге ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Шарты:Бұл сайыста қатысушыларымыз белдемшенің сән үлгісін көрсетеді.

7 А оқушысы Халмуратова Ақеркенің орындауындағы «Ерке сылқым» күйін қабыл алыңыздар.

4 сайыс. Үй тапсырмасы

Ас көңілдің ажары деген ырым,

Жақсыгой тағамныңда білген сырын.

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер,

Дайындаған жаңашыл салат түрін – дей келе келесі кезегімізді «Әрі дәмді, әрі тез» сайысымызға берейік.

Шарты: үйге берілген салат түрін жасап келу, әр қатысушымызға 2 минут уақыт беріледі салаттың атын, құрамын, жасалу жолын айтып өтеді.

5 сайыс.

Келесі сайысымыз «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» деп аталады. Керекті құрал жабдықтар, дайын шаблондар.

Шарты:өздері тіккен юбкаға гүлдің дизайынын жасап тігу.7 мин уақыт беріледі.

Көрермендермен ойын.

Әділқазы алқалары дизайындік жұмысқа 20,30,40 деген үпай бере алады.

Сайысқа түскенменен топ балалар,

Ішінен жүйрік шыққан орын алар.

Ендеше бүгінгі өткен сайыстыңда,

Бабы мен бағы жанған бағасы бар.

Олай болса ортаға шақырайық,

Есімін баршаңызға танытайық.

Ерекше білімі мен білігі үшін,

Алғыс айтып қошемет танытайық- дей келе сөз кезегін әділқазы алқаларына берейік.

Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті, қатысқандарыңызға көп рахмет.





Жұмбақ жауабын шешіп соған қатысты мақал айту.


  1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді

Әлемді 18 мың киіндіріп

Дүниеден жап – жалаңаш өзі безді. (Ине)

Оқу инемен құдық қазғандай.


  1. Қимылдаса қос шебер,

Қырау- қырау іс өнер. (Қол)


Көз қорқақ, қол батыр.


  1. Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады,

Ірімшік, май, құртыңда. (Сүт)


Ақты төкпе, малды теппе.


  1. Құрғақ жерде сақтаймыз,

Онсыз тамақ татпаймыз. (Тұз)


Доссыз адам, тұзсыз тағам.

  1. Дос үйіне түстің бе?

Түгел соның үстінде. (дастархан)


Қоныс көркі – там,

Дастархан көркі - нан.


  1. Екі семсер айқасты,

Бір – бірімен шайқасты. (қайшы)


Күміс қасық – ішуге сән

Асыл қайшы – пішуге сән


  1. Тұмсығы мықты,

Қырмен ойды тегістеп шықты. (үтік)


Ісімердің бүлдіргенін, үтік жөндейді.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!