400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Қыздар сұлу көрінер қылығымен

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қыздар сұлу көрінер қылығымен

Қыз бала – халықтың шырайы, болашақ ана, отбасының ұйытқысы. Данагөй халқымыздың ежелден-ақ қыз тәрбиесіне ерекше мән бергендігінің айқын дәлелі ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра ретінде жалғасып келе жатқан «Қызға қырық үйден тыйым» ұғымы. Батыстық мәдениетке еліктеп, әдеп-иба мен ұят дегенді бір жаққа ысырып қойып жартылай жалаңаштанып алып, темекінің түтінін будақтата тартып, шайтанның суына мас болғаннан да арланбайтын жастардың түйткілді мәселесін ойласаң, қыз баланың тәрбиесіне салғырт қарағанның салдары неге әкеліп соғарын елестетудің өзі қорқынышты. Өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісінде ата-анадан кейінгі жауапты тұлғаның мектеп екені даусыз, ендеше сол жауапкершілікті жақсы атқарып шыға алсақ, ұстаздардар қауымы үшін ең үлкен бақыттың бірі сол болмақ.

Мектебімізде қыздардың тәртібін түзеп, тәрбиесін дұрыс жолға қою мақсатында «Инабат» қыздар ұйымы жұмыс жасайды, қыздар ұйымның мүшелері қыздарымыздың тәртібін қадағалап, қандай да бір кемшіліктерін байқаса, сол кемшілікті жою үшін қыздар жиналысында талқыға салып, мәселені бірлескен түрде шешіп отырады. 14 ақпан күні қыз балаларды әдептілікке, инабаттылыққа, тәртіптілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу, ар тазалығын бәрінен жоғары ұстайтын адалдыққа баулу мақсатында мектебіміздегі «Инабат» қыздар ұйымының төрайымы Уалихан Жұлдыз бен оқушы қыздар арасынан сайланған қыздар ұйымының жетекшісі Жетпісбаева Айгерімнің ұйымдастыруымен 7-11 сыныптың қыздары арасында кезекті іс-шара «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында диспут өткізілді. Аталмыш шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талипова Гүлжанат Токтасыновна тақырыпқа сай өз ойын білдіре отырып, оқушыларды мектеп ережесін сақтауға, ибалы-инабатты қыз болып өсуге, ата-ана мен мектептің мақтанышы болуға шақырса, мектеп медбикесі Досжанова Күләш Әбдібаевна қыздардың жеке бас гигиенесы туралы баяндама оқыды, сонымен қатар ерте жыныстық қатынастың қыз балаға өмір бойына опық жегізетінін, абыройын сақтап, ақ босағаны кіршіксіз пәк күйінде аттаған арудың айналасына беделді болып, сүйікті жар, сүйкімді келін, ардақты ана атанатыны жайында ақыл-кеңесін айта кетті. мектеп психологы Омарбекова Клара өз кезегінде қыздардан қысқаша сауалнама алып, қыздар арасында татулықты нығайтуға бағытталған «Өрмекші торы» атты психологиялық тренинг өткізді.


Бұдан соң оқушы қыздар экранда көрсетілген «Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге», «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда», «Біреулер бақытсыздыққа тағдырдың таяғымен барады, біреулер өз аяғымен барады» деген сияқты т.б. мақал-мәтелдердің мағынасын ашты, «Адамда жан сұлулығы мен тән сұлулығының қайсысы басым болу керек?» деген тақырыпта пікір алмасты.

Диспут соңында «Инабат» қыздар ұйымының төрайымы Уалихан Жұлдыз қара сөздің зергері, қаламынан «Махаббат қызық мол жылдар» сияқты ұлы шығарманы туғызған атақты жазушы Әзілхан Нұршайықовтың қазақ қыздарына арналған « ... Өңді қыз өтімді болғанымен, түптің түбінде есті, еңбекшіл қыз ғана жақсы жігітті өкіндірмей, асыл жар, жан серік бола алады. Сәнге елти бермеңдер. «Жылтырағанның бәрі алтын емес» дегендей, жарқырағанның бәрі сән емес. Оның ішінде өз бойыңа қонымдысын, өз денеңе жарасымдысын, сырт көзге оғаш көрінбейтін ұнамдысын ғана сән деп қабылда. Өздеріңе не жарасып, не жараспайтынын біліңдер. Көрсе қызар болмаңдар! Қол жетпеске тыраштанбаңдар! ... Қыздар сұқ көзден сақтаныңдар. Сұлу сөзден сақтаныңдар. Орынсыз мақтаудан сақтаныңдар, абыройдан аттаудан сақтаныңдар! Пәк болыңдар! Пәк болу үшін сақ болыңдар қарындастарым!» деген өсиет сөзімен аяқтады.

«Қыз» деген сөздің өзі әдептілік, әдемілік, сұлулық деген ұғымдармен астасып жатқандай. «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» демекші қашан да ұлтымыздың ұйытқысы саналатын қыздарымызға дұрыс тәрбие беруден кеш қалмайық! «Қыз қылығы болмаса, құр шырайдан не пайда?» дегендей адам баласының сыртқы сұлулығымен мақтанғаны дұрыс емес, себебі оны құдай жаратқан. Әркім терең білімімен, көркем мінезімен мақтансын, себебі оны жасаушы да, қалыптастырушы да адамның өзі. Дамыған отыз елдің қатарына кіруді стратегиялық мақсат етіп алып, қарқындап дамып келе жатқан еліміздің мінезге бай, ақылына көркі сай, тәрбиелі, білімді, қылықты қыздары күн санап көбейе берсін!

Алматы облысы Талғар ауданы Еламан ауылындағы

«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар

№41 жалпы білім беретін орта мектебі»

директорының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары Уалихан Жұлдыз





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
3957
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі