Қыздар сұлу көрінер қылығымен

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Қыздар сұлу көрінер қылығымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздар сұлу көрінер қылығымен
Материалдың қысқаша нұсқасы












ҚЫЗДАР СҰЛУ КӨРІНЕР ҚЫЛЫҒЫМЕН.........
































Тақырыбы: Қыздар сұлу көрінер қылығымен...

Танымдық мақсаты: Қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, шынайылыққа, ар – намысын, тазалығын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой – өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.

Көрнекілігі: сынып тақырыпқа сай безендіріледі. Тақырыптық слайд

Жүру барысы: Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар! Бүгін біз 8-11 сынып қыздарымен бірлесе отырып, «Қыздар сұлу көрінер қылығымен.....» атты тәрбиелік шара өткізгелі отырмыз. Бүгінгі шарамыз пікірлесу, ой бөлісіп, көкейдегі сұрақтарымызға жауап алып, қыз тәрбиесіне байланысты мағлұмат алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Жалпы қыз бала халықтың шырайы, болашақ ана, отбасының ұйытқысы болып табылады. Қазақ халқы ұл баладан гөрі қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән беріп, ақ босағаның ұйытқысы, шаңырақтың құт- берекесі деп еркелетіп, төрге отырғызған. Осындай ілтипатқа ие қыз баланың бойында сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дамытуды халқымыз өте ежелден қолға алған.

Адамзат баласы өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Адамзат ес білгелі бері өз баласын өте тәртіпті, кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор, үлгілі отбасы иесі, үлгілі әке мен ана, бақытты әже ретінде көргісі каледі. Сол арман әр адамның бойында қалыптасқан. Әркім өз баласының бойынан осындай қасиеттерді көргісі каледі.

Отанымыздың да, отбасымыздың да алтын босағасы – әйел адам. Әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі, кішіге үлгі болалтындай әркез жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен болады. Міне, сондықтан, анаға кір келтірмейтін, мақтанышы болам деген қыз баланың бойында анаға деген сүйіспеншілік болуы қажет. «Аяғына қарап асын іш, анасына қарап қызын ал» деген ата-бабамыздың асыл сөзі осының айғағындай.

Өнегелі, тәрбиелі қыз бала қандай болуы керек? Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана.

Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан-дүниесімен тығыз байланысты. Ендеше, ішкі жан дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп, оспадарсыз сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. «Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» деген ұғым осыны меңзеп тұрған секілді. Адаммен қарым-қалтынас – сөйлесе білу ғой, міне сондықтан да сіздер айналаңыздан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен дауысыңызды, сөйлеу мәнеріңізді түзетіп, жақсылықты бойыңызға жинау керексіздер. Рухани байлығың – білім мен тәрбиеде. Сыртқы киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады.

 Ерсі бояну да көруге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, мініп келе жатырған көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай, өз беттерінше даурығып, дөрекі сөздер сайтып, айғайлап сөйлеу өзімшіл, өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеп, киіну – талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің сын айтқан ескертпесін, ақылын өзімдікі дұрыс демей, «қалай айтты, неге айтты?» деп талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар ғой, әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі бола білуі керек. Үлкенді сыйлайтын, кішіні қамқорлайтын қыз – жақсы, тәрбиелі қыз.

Адамды ақ жолға бастсайтын жеті жетекшісі бар, осины бойына сіңіріп, қалыптастыра білген адам – тәрбиелі адам.

1.Адамның басшысы – ақылы;

2.Жетекшісі – талап;

3. Жолаушысы – ой;

4. Жолдасы – кәсіп;

5.Қорғаны – сабыр;

6.Қорғаушысы – мінез;

7. Сынаушысы – жолың.

Бүгінгі кешіміз пікірлесу, ой бөлісіп, көкейдегі сұрақтарымызға жауап алып, қыз тәрбиесіне байланысты мағлұмат алу мақсатында ұйымдастырылды. Жалпы қыз бала халықтың шырайы, болашақ ана, отбасының ұйытқысы болып табылады».  

Жиналысты бастамас бұрын қазақтың мағынасы терең, тәрбиелілігі мол мақал – мәтелдеріне тоқталып өтті

(№1 «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда»,

2 «Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге»,

3 «Біреулер бақытсыздыққа тағдырдың таяғымен барады. Біреулер өз аяғымен барады»,

№ «Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю»).

  Бейнематериалды тамашалап болғаннан кейін, оқушы қыздарға сұрақтар қойылды.

Сұрақтар қатары

мынадай болды:

·       Қыз қылығы болмаса, құр шырайдан не пайда?-

деген пікірге ой бөлісейік

·       Қазір қандай қыздарды жоғары бағалайды деп

ойлайсыз

·       Адамда жан сұлулығы мен тән сұлулығының

қайсысы басым болуы керек деп ойлайсыз?

·       «Астың дәмін тұз келтіреді, елдің сәнін қыз

келтіреді» деген мақалды қалай түсінесіздер?

Қорытындылай келе,

. «Қыз» деген сөздің өзі әдептілік, әдемілік, жан – жақты сұлудық деген ұғыммен астасып жатқандай. Бүгінгі шарада «Қыз

тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» дегендей Қыздарымызды тәрбиелеуден «кеш қалмайық» деп

сөз соңы тәмәм болады.

     

 















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.01.2025
136
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі