400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Қыздарға әсемдік жарасады

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінің мұғалімдеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс жұмыстың  тақырыбы: «Қыздарға әсемдік жарасады»

Мақсаты: .

Білімділігі: Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік,инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.

Дамытушылығы: қыз балаларды  әдемілікке, сұлулық,ақылдылық, іскерлікке баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту.

Тәрбиелілігі: қыз балаларды өзін-өзі күте білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сайыс өтілу барысында ұйымдастыру бөлімі.

Керекті құралдар:нақыл сөздер, плакат, көрнекіліктер.

Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар.

Бүгінгі 7 сыныбында өткелі отырған « қыздарға әсемдік жарасады» атты қыздар сайысына хош келдіңіздер!

«Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» демекші,

Көрінер қыздар сұлу шашбауымен,

Бұрымын кейін серпіп тастауымен.

Жарасқан шашбауымен теңгелерім

Теңгенің кім біліпті дөңгелегін.

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Қос бұрымды сұлулықтың белгісі деп таныған халқымыз қыздардың  шашын өсіріп ұшына зергердің қолынан шыққан шашбау, шолпы тағып, сұлулыққа жастайынан баулыған, қыз балаға керек қасиет – талғам, жарасым, ақыл, білім, іскерлік өмір тіршілігінен нәр алып тамырға жайылады.  

Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап аламыз:

Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады

1.      «Жұмбақ қыздар»

2.      «Ақылды қыздар»

3.      «Шеберлі қыздар»

4.      «Өнерлі қыздар»

5.      «Аспазшы қыздар»

6. «Дизайнер қыздар»


  І бөлім – «Жұмбақ қыздар» /таныстыру/


   Кеше, бүгін ертең де,

  Көкөзек орта мектебінде

  7- сыныбына Шынар атты

  Өнегелі ұстаз жетекшілік етіпті,

  Бес қызы қолқанаты,

  Байлығы мен қуанышы сол болыпты.

  Батыл көркем, ақылды өздері,

   Көпке үлгі, көркем сұлу боп өсіпті.

   Істері де, өздері де, сөздері орнықты.

    Олар міне «әсем, ару қыздар»

                            Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

                            Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде.

                            Арулардан бейхабар болмас үшін,

                            Өздерін таныстырады  осы жерде. -   демекші қыздар өздерін таныстырады. әр бөлімде әділқазылар бағалау есебін көрсетіп отырады.

2 бөлім –«Ақылды қыздар» Бұл бөлімде қыздарға түрлі сұрақтар қойылады, соның ішінде логикалық сұрақтар де кездеседі.


Ұл балаға – жүрек неге беріледі? (ержүрек, батыр болсын).

Балаға – құлақ неге беріледі? (жақсыға үйір болсын)

Қыз балаға – таңдай неге беріледі? (әнші болсын деп)

Құдаларға – құйрық май мен бауырды не үшін асатады? (молшылық, 

ырыс, тоқшылық болсын деп; бауырдай тату-тәтті болсын деп)

Екі күн қатарынан жаңбыр жаууы мүмкін бе? (Жоқ, себебі, екі күн арасында бір түн бар)

Қандай ыдыстан тамақ іше алмайсыз? (Бос ыдыстан)

Оны жерден көтеру оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын? (Мамық)

Домбырада- жетеу, сырнайда-алтау, қобызда- бесеу . Ол не? (Әріп)

Теңізде қандай тас болмайды? (Құрғақ)


3 – бөлім «Шеберлі қыздар» .Бұл бөлімде қыздарымыз үйден дайындап келген қолөнерлерін көрсетіп шығады.

4-бөлім «Өнерлі қыздар» Қыздардың өнерлерін тамашалаиқ

5-бөлім «Аспазшы қыздар» Картоп аршу және тұрау

Шаңырақтың жайылады дастарқаны,

Дастарқанның бір сәні бар – он тағамы.

Тәтті тағам әр адамды сүйсіндірер,

Аспаздыққа берейік бір бағаны. Дей келе қыздарыымыз картопты қалай аршып тұрайтынын көреик.


6-бөлім «Дизайнер қыздар» Қуыршаққа киім тігу


Енді әділ қазылар алқасы арулар ішінен ақылына көркі сай, инабатты да ізетті аруларды таңдау үшін  сөз береміз.

Қорытындылау.

Осымен бүгінгі «Қыздарға әсемдік жарасады» атты арулар сайысы аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.


Марапаттау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
1178
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі