Материалдар / Қыздарға әсемділік жарасады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыздарға әсемділік жарасады

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
534
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Қыздарға әсемдік жарасады (психологиялық тренинг)

Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.

Өту орны:сынып кабинеті,психолог кабинеті

Қатысушылар: 7 сынып оқушылары (қыздары)

Жүру барысы:

Психолог сөзі:

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса боймен қос бұрымымен

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен,-дей келе, бүгінгі психологиялық тренингіміз «Қыздарға әсемдік жарасады» атты тақырыпта өтеді

Ой қозғау: Қазақ қызы қандай болу керек?

Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болу керек?- деп сұрай келе, өз бойындағы қандай жағымды қасиет бар?

«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз. Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Дегендей бұл қыздардың әдепті, көрікті болғанын аңғартады. «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді. Дей келе Қыздарға арналған психологиялық 40 кеңесімізді ұсынамыз

«Қыздарға арналған психологиялық 40 кеңес» (үнпарақ тарату)

1. Өз-өзіңізді жақсы көріңіз. Сонда өмір сүру әлдеқайда жеңіл болады.

2. Бірге жүрген қыздардың бәрі әрқашан қасыңыздан табыла бермейтінін ұмытпаңыз.

3. Егер шынайы дос тапсаңыз, қандай қашықтықта болса да, достық қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.

4. Дүниеге қызықпаңыз, ол сізді бақытты етпейді.

5. Қандай жағдайға кезіксеңіз де, ешкімді кінәламаңыз, қатені алдымен өзіңізден іздеңіз.

6. Әжеңізбен жиі уақыт өткізіңіз, ол сізге көп нәрсе үйретеді.

7. Есте сақтаңыз: белгілі бір мәселеге тіреліп, өмір тоқтап қалмайды. Өйткені жаңбырдан кейін де күн шығады.

8. Барлық нәрсеге шайқаса берудің қажеті жоқ.

9. Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз, ол сіз секілді ешқашан бола алмайды.

10. Сезіміңіз соншалықты берік болса да, махаббатқа қатты берілмеңіз. Себебі сіз өз-өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.

11. Әдемі әрі сауатты сөйлеп үйреніңіз, ол сізге өмірде міндетті түрде көмектеседі.

12. "Жоқ" деп айтудан қорықпаңыз, оның да пайдасы бар.

13. Өмір тек бір-ақ рет беріледі. Сондықтан оны өкінбейтіндей етіп сүруге тырысыңыз.

15. Жақсы сөз - жарым ырыс екенін естен шығармаңыз. Оны айтып та, қабылдап та үйреніңіз.

16. Өзгелердің де, өзіңіздің де алдыңызда адал болыңыз.

17. Жалғыздықтан қорықпаңыз. Ол өздігіңізден дамуға көмектеседі.

18. Өз сезіміңізді жеткізуден қорықпаңыз.

19. Дауласқыңыз келсе дауласыңыз, бірақ 8-ереже есте болсын.

20. Білім - керемет күш. Жан-жақты болу үшін әртүрлі кітап оқыңыз.

22. Өзіңізді қандай жағдайда да алып шығуыңыз керек.

22. Қателіктерден сабақ алатыныңызды ұмытпағайсыз.

23. Күніне бір рет болса да айналаңыздағы адамдарға жақсылық жасауға тырысыңыз.

24. Тәрбиелі жанұядан шыққаныңызды көрсетіңіз. Сонда сіз жайлы тек керемет пікірлер айтылатын болады.

25. Тек үлкендермен ғана емес, өзіңіздің қатарластарыңызбен және жасы кіші адамдармен де сыпайы болыңыз.

26. Сіздің сөздеріңізден гөрі істеріңіз сіз жайлы көп нәрсеге көз жеткізетінін біліп жүріңіз.

27. Сезіміңізді жасырып емес, айтып біліңіз.

28. Қарапайым заттардың өзінен көркемдік көруге тырысыңыз.

29. Теріңізге жас кезіңізден абай болыңыз. Күнге қарсы иісмайлар пайдаланыңыз.

30. Сізді жақсы көретін жандармен жақын болыңыз.

31. Қандай қиыншылыққа кез болсаңыз да, еңсеңізді түсірмей, басыңызды тік көтеріп жүріңіз.

32. Өзіңіздің көз жасыңыздан қорықпаңыз. Өйткені одан жаңа күш, серпіліс таба аласыз.

33. Күлкі - жаныңызға да, денеңізге де ем.

34. Сөзбенжұбата да, жылата да аласыз. Сондықтансөйлемесбұрынойсүзгісіненөткізіңіз.

35. Кешірім сұрау кішіліктің емес, кісіліктің белгісі.

36. Алға қойған мақсатқа жету үшін талмай еңбектенуіңіз керек.

37. Өз-өзіңізді қамтамасыз етіп үйреніңіз.

38. Өзіңіздің бағаңызды ешқашан түсірмеңіз.

39. Сіз өзіңіз ойлағаннан да жоғарысыз.

40. Өмір дегеніміз - бүгінгі күн. Кешегі де емес, ертеңгі де емес. Бүгінгі күнмен өмір сүріп, бақытты болыңыз.

«Есесіне мен…» жаттығуы

Мақсаты: Жылдамдыққа ұшқыр ойға мүмкіндік беру. Сонымен бірге өз – өздерін бағалау деңгейлерін арттыру.

Нұсқау: Қыздар қанекей мінсіз адам болмайды демекші, өзіміздің қолымыздан келмейтін істі не болмаса бір мінімізді айтып, бірақ есесіне мен... деп сөйлемді жалғастырамыз.

Мысалы: «Мен көп сөйлеймін, бірақ та бұл өзіме өте ұнайды»

Менің бойым аласа, бірақ та…

«Сиқырлы қобдиша» сәті.

3 топқа бөлінеді: аналар, ұстаздар, қыздар.

Жалпы сұрақ: ата-бабамыздың тәрбиесі мен қазіргі тәрбиенің айырмашылығы бар ма? Бар болса неде?

Әр топқа жеке сұрақтар.

Аналар тобына:

  • Қызыңыз мектепке кетер алдында күнделікті қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

Ұстаздар тобына:

  • Қыз баланың мектептегі жүріс-тұрысы қандай болуы керек?

Қыздар тобына:

  • Өзіңді 10 жылдан кейін қалай елестетесің?

Қыз балаларға жайлы мақал-мәтелдер айту.

«Дос іздеймін» ойыны.

Нұсқау: Барлықтарыңыз өз-өздеріңізге дос іздеу үшін жақсы жарнама жасаңыздар. Жасаған жарнамаларыңызды қағаз бетіне түсіріп, тақтаға іліңіздер. Барлық қатысушылар тақта алдына барып, өздеріне ұнаған жарнамаға белгі соғады. Кімнің қанша дос табатынын білейік.

Қорытынды (психолог сөзі)

Бабаларым қыздарды қадірлеген,

Қыз баладан басталар өмір терең

Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,

Күн болмаған сазды күй төгілмеген — деп бүгінгі тәрбие сағатымызда қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз еткеннен гөрі, ұлдарымыздың сөз етуін мақсат еткенмін. Өйткені, қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін – бірі жақсы түсінуіне, бірін – бірі сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды –қылықты, ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.





НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!