Материалдар / Қыздармен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыздармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім сияқты жас мамандарға көмек ретінде керек деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Наурыз 2019
2293
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітемін

Мектеп директоры Г.Абылғазиева




3 «Б» сынып қыздарымен жұмыс жоспары

2018-2019 оқу жылы

 

Мерзімі

Жұмыстың мазмұны

Жұмыс түрі

Жауапты

1

Қыркүйек

  •  «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы»

 

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

 2

Қазан

  • «Сен өз құқығыңды білесің бе?»

  • «Маған өмір керек, мен өмірге керекпін»

Сынып сағаты                

 

Сынып жетекшісі

Сынып жетекшісі

 3

Қараша

  • «Мектеп формасы – 2012»

Коллаж

Сынып қыздары

  4

Желтоқсан

  • «Шаш өру – қазақ қызына тән»

Сайыс

Сынып  

жетекшісі, сынып қыздары

 5

Қаңтар

  • «Сынып аруы – 2012»

 

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

6

Ақпан

  • Қыз бала гигенасымен таныстыру

 

Пікір алмасу

Мектеп медбикесі

 7

Наурыз

  • «Қыз бала» туралы мақал –мәтелдер, өлеңдер,  нақыл сөздер жинау

Кітапша жасау

Сынып жетекшісі, сынып қыздары

8

Сәуір

  • «Әсемдік әркімге жарасады» ұлттық киімдер үлгісі

Сән үлгісі

Сынып жетекшісі, сынып қыздары

 9

Мамыр

  • «Қыздарға кеңес»

 

Пікір алмасу

 

Медбике, психолог, сынып жетекшісі

  Сынып жетекшісі: Сагиева Жадыра



Қыздарымен жұмыс

3 «Б» сынып


Мақсаты: Сыныптағы әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу, құқықтық, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру

Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық,әсемдік, жақсы қарым-қатынас сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Бұл жұмыс  қыз балаларға қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығын сезіндіру үшін және қыз баласына тән белгілі бір ұнату сезімін бастан кешіру кезінде түсініспеушілік болса, оған қыздардың мұңайып, өздеріне жамандық жасамауы үшін алдын алуға  міндеттейді. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды таза, әсем, жарасымды киім киіп, өздерін күтуге, шаш өруге,  шаштарын соңғы сән үлгісімен өздеріне жарасатындай қиюға кеңес беру,  үйрету ескеріледі. Сонымен бірге өз құқықтырын біліп, өздерін қорғауға және мектеп оқушыларының, яғни өз міндеттерін дұрыс орындауға тәрбиелеу. Оқып-үйрену  процесінің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, қыз балалар тәрбиесінің табысты болуына  төмендегідей қолайлы жағдайларды жасау ескерілмек:

  • Мектептегі жаймашуақ орта;

  • Мұғалімдер, сынып жетекшілері тарапынан тәрбиеленуші қыздарға құрмет пен сенім;

  • Әрбір оқушы қыз баланың мүддесіне көңіл қою;

  • Айналадағы адамдардың мүдделерін есепке алып, балалардың өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету;

  • Мәселелерді шешу барысында тәсілдер табу бойынша жеке мысалдарды өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету.

Мектепте қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай бойжеткен идеалын  қалыптастыруға және мінез-құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару қажет.






























Сабақтың тақырыбы: Ұл бала мен қыз бала сыйластығы

Сабақтың мақсаты:

Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру

Оқушылардың өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту

Оқушыларды инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: Үнтаспа, дәптер, оқулық, екі плакат, маркер.

Шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі, бірге ән салады.

Біз - туған ел баласы

Сөзін жазған: Қ. Ыдырысов

Әнін жазған: К. Қуатбаев

Асыр салған таласып, Отаным кең көсілген,

Біз - туған ел баласы Төсінде ырыс төгілген.

Қандай байтақ Отаным, Қаптаған мал, алып дән,

Жан - жағыңа қарашы. Бәрі менің несібем.

Бәрін көріп келеміз,

Болашаққа сенеміз.

Жақсы оқумен, еңбекпен,

Біздер жауап береміз.

Әңгімелесу:

- Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?

- Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Жағдаяттарды талдау

1 - жағдаят: Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады. Сөзге таласып қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтты. Самал жылап жіберді.

- Санжардың әрекеті туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.

2 - жағдаят: Сынып жетекшісі оқушыларға сынып бөлмесін жуып, тазалау керектігін айтып, тапсырма берді. Сұлтан:- Бөлмені жуу қыздардың жұмысы емес пе?! Мен істемеймін.- деді.

- Сұлтанның орнында болсаңдар, сендер не істеген болар едіңдер?

3 - жағдаят: Әлияны жүгіріп келе жатқан Ғалым байқамай қағып, тоқтамай өте берді. Ыза болған Әлия Ғалымды итеріп жіберді, отыра қалып жіберді.

- Әлия мен Ғалымның орнында болсаңдар, қандай шешім қабылдар едіңдер?

4 - жағдаят: Жәния ауыр орындығын әрең дегенде көтеріп келе жатты. Сәкен

оған жәрдемдесті. Жәния үндемеген күйі сыныптан шығып кетті.

- Сәкен мен Жәнияның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

- Оқушылар, өз ойларыңды еркін жеткізе алғандарыңа мен қуаныштымын. Сыныптас досыңа, ол ұл болсын, не қыз бала болсын дөрекі сөз айту, мынау қыздың жұмысы, мынау ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе ол ұл ғой деп, кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды.

Шығармашылық жұмыс:

Оқушылардың ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық қарым - қатынастарын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.

Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»

Мысалы: Ұл бала: әдепті, батыл, ержүрек, қайратты, шыдамды, әділ, ақылды, бір сөзді т. б

Дәйексөз:

«Ел ұлымен берік, қызымен көрік» яғни қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шыққан. Қобыланды батыр, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т. б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз - мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де, сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Даналықтары ерлерден кем түспеген қыздар да жоқ емес. Мыс: Ұлдай хан, Қарашаш сұлу, Айша бибі, Домалақ ана және т. б

Ойын:

Қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам.......» атты ойын ұйымдастырылады.

Қыз болса «егер мен ұл болсам..»дегенді өз ойымен жалғастырып айтады. Айта алмай қалған оқушы айып тартады.

Күтілетін жауаптар:

Еген мен ұл болсам елімді қорғаймын, қыздарға көмектесемін, қыздарды ешқашан ренжітпеймін, қыздарға ауыр сөз айтпаймын және т. б

Жүректен - жүрекке

Шеңбер құрып тұрады. Қатар тұрған көршісіне «Мен сені сыйлаймын, сенімен достасқым келеді»деп, оның қолын қысады. Соңғы оқушыға жеткенше осылайша жалғасады.

Е. Өтетілеуовтің «Ұл бала мен қыз бала» атты өлеңін бәрі бірге айтады.

Ұл бала мен қыз бала

Үйге бірге қайтады

Бір мектепте оқиды.

Бар сырларын аз ғана

Ұлға да ортақ, қызға да

Бір - біріне айтады.

Білімді ойға тоқиды. 

Ұл бала мен қыз бала

Ұл бала мен қыз бала 

Түсіністі, достасты.







3 «Б» сынып қыздары



Аты-жөні

Туған күні, айы,жылы

Мекен-жайы

1

Абдирейм Ұлдана

12.09.2009

Байлық 10

2

Бозғұл Ақерке

09.06.2010

Аймөлдір 143

3

Демесбай Аяжан

14.04.2010

Көкқайнар 213

4

Жұмахан Нұрай

31.10.2009

Көкқайнар 236

5

Қуандық Айгерім

20.02.2010

Байлық 4

6

Нургалиева Нурсая

23.06.2009

Мәдениет 197А

7

Сагиндик Сабина

24.02.2010

Қарасу 192

8

Танатар Қамарсұлу

23.11.2009

Ақжазық 200

9

Шарападин Әлия

16.03.2010

Қарасу 212









«Көлащы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Қыздармен жүргізілетін жұмыс





















Сынып жетекшісі: Сагиева Жадыра

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!