жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қызды қырқ үйден тыю
№ |
Мерзімі |
Жұмыстың мазмұны |
Жауапты |
1 |
Қыркүйек |
. «Инабат» қыздар клубының жұмыс жоспарымен таныстыру
. Бойжеткен ережелерімен таныстыру |
Клуб жетекшісі
Медбике |
2 |
Қазан |
«Бүгінгі бойжеткен , ертеңгі асыл жар» баяндама |
Медбике , Клуб жетекшісі |
3 |
Қараша |
«Мектеп формасы» Коллаж «Қыз баланың гигиенасы» |
Клуб жетекшісі, мүшелері |
4 |
Желтоқсан |
«Қыз инабаттылығымен әдемі- әдептілігімен сәнді» баяндама,мақал- мәтелдер |
Клуб жетекшісі, мушелері |
5 |
Қаңтар |
«Қыз бала- ұлттың ұяты, халықтың шырайы» Тәрбиелік өсиеттер |
Клуб жетекшісі, мушелері |
6 |
Ақпан |
«Әдептен озбайық» тренинг |
Клуб жетекшісі , мүшелері |
7 |
Наурыз |
«Қыз еркем- анасымен көркем» аналар қыздарымен сайыс |
Клуб жетекшісі ,мүшелері |
8 |
Сәуір |
«Әсемдік әркімге жарасады» ұлттық киімдер үлгісі |
Клуб жетекшісі, мүшелері |
9 |
Мамыр |
. «Озар елдің қызы мінезді келеді» Пікір алмасу . «Инабат» қыздар клубының жылдық қорытынды отырысы. |
Клуб жетекшісі, мүшелері |
|
|
|
|
Қыздар тәрбиесі
Қыз
тәрбиесі – ұлт тәрбиесі
Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлының: «Шығыс халықтарының
арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел
затын ерекше бағалайтын, қарындасты
қатты қастерлейтін халықтың бірі де,
бірегейі де – біздің қазақ»,
– деп айтқан.
«Қыз – өріс,
ұл-қоныс» деп білгендіктен қазекем
өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша
көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл
өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық
үйден тыйым» жасайды.
Ата-ана
қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрседен
мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды.
өйткені қызға бергенді қызыр өтейді
деп біледі. Сонымен бірге қазекең қызды
бетімен де жібермейді. «Қызды қымтап
ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды
қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай
өсіруды парыз санайды.
Халқымыз
«қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп,
қыздарды алтынның сынығына балап
өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның
ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл
бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық
үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю»
деген мақалға қаншама ой сыйғызған.
Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы
жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты
болып отырған.
Қазақ қыздарының
менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық,
инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге
ізет көрсету, ақылдылық, имандылық
сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз
жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты
қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты
аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің
үлгісі болды. Аналарымыз «баланы жастан»
деп, бала тәрбиесін құрсақтан бастаған.
Ұлжан ана данышпан Абайды ғұсыл-дәретсіз
емізбегені – адамзаттың баласын
тәрбиелегені болып табылады.
«Баламды
молдаға оқытамын деп кәпір етіп алдым»
дегендей, тәуелсіздік тұғырына қол
жеткізгелі, кейбір жастарымыз «тәуелсіз»
деген ұғымды түсінбей, ата-анадан
тәуелсіз, ұстаздардан тәуелсіз болу
деп түсініп жүр.
Біздің
халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі
әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың
символы ретінде қолданылады.
Отбасы
қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын
қазығы – әйел адам.
«Анасын көріп
қызын ал» дейтін халық мақалы текке
айтылмаса керек. Ана тәрбиесін көрген
қыз әрдайым көрегенділік танытады. Жаңа
ғасыр, тек жаңалықты қабылдау керек
деп, шетелге еліктеп немесе ғаламтор
арқылы керексіз дүниелерді қабылдаудың
қажеті жоқ. Заман ағымынан қалмай, орынды
киініп, орынсыз нәрселерден аулақ болып,
өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп,
дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет.
Өзінің ана тілін қадірлемейтін қыздардан
жақсы ана шығады деп айта алмаймын.
Тілін қадірлемеген адам, ол ұлттың
салтынан да, дәстүрінен де хабарсыз
болары айқын. Қай қоғамда, қай заманда
өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа
лайық болуы қажет.
Ақыл да анадан
дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала
тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау
қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері
ертеңгі еріне адал жар, балаларының
анасы. Олардың бойында имани тәрбие
болғанын қажет. Бүгін ол қыздар өнегелі
тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін
қазақтың дана аналарына айналары
сөзсіз.
Елбасымыздың: «Әйел – бесік
иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей,
бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей
– еліміз толық түзелмейді» деген
пікірімен қорытындылағым келіп отыр.
Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты
мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз
арымен әрқашан басқалардан ерекшелене
білгей.
Мақсаты: Мектептегі әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу, құқықтық, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру.
Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық,әсемдік, жақсы қарым-қатынас сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Бұл жұмыс қыз балаларға қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығын сезіндіру үшін және қыз баласына тән белгілі бір ұнату сезімін бастан кешіру кезінде түсініспеушілік болса, оған қыздардың мұңайып, өздеріне жамандық жасамауы үшін алдын алуға міндеттейді. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды таза, әсем, жарасымды киім киіп, өздерін күтуге, шаш өруге, шаштарын соңғы сән үлгісімен өздеріне жарасатындай қиюға кеңес беру, үйрету ескеріледі. Сонымен бірге өз құқықтырын біліп, өздерін қорғауға және мектеп оқушыларының, яғни өз міндеттерін дұрыс орындауға тәрбиелеу. Оқып-үйрену процесінің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, қыз балалар тәрбиесінің табысты болуына төмендегідей қолайлы жағдайларды жасау ескерілмек:
Мектептегі жаймашуақ орта;
Мұғалімдер, сынып жетекшілері тарапынан тәрбиеленуші қыздарға құрмет пен сенім;
Әрбір оқушы қыз баланың мүддесіне көңіл қою;
Айналадағы адамдардың мүдделерін есепке алып, балалардың өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету;
Мәселелерді шешу барысында тәсілдер табу бойынша жеке мысалдарды өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету.
Мектепте қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай бойжеткен идеалын қалыптастыруға және мінез-құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген