Материалдар / Қызға қырық үйден тыйым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызға қырық үйден тыйым

Материал туралы қысқаша түсінік
менің сайтқа жіберілген дебат түрінде өткізілген тәрбие сағатымның көп ұстаздарға пайдасы тиеді деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2020
1546
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Үлкеншыған орта мектебі комуналдық мемлекеттік мекемесі»







Тақырыбы:

«Қызға қырық үйден тыйым»

Сабақ түрі: дебат





Тексерген: ДТІЖО К.М. Урманбекова__________

Орындаған: тарих пәнінің мұғалімі Г.Матайбаева







2019-2020 жыл



Тақырыбы: «Қызға қырық үйден тыйым»

Мақсаты: Бойжеткен ару қыздарды  сырт көзден сақтап, оларды биязылыққа, ибалылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:   Ертеде дана халқымыз: «Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi»,  «Шешесі отырып,  қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші,  ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулып отырған. Әрбір ата-ана Аллаһ тағаладан жақсы перзент беруін тілейді. Сол баланы тәрбиелеу, оны жетілдіру өте маңызды. Дініміз Исламда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Пайғамбарымыз  былай дейді: «Кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе және оларды тұрмысқа берсе, жақсылық жасаса, Аллаһ тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді».  «Дүниеге қыз келген уақытта, Аллаһ тағала ол жерге періштелерді жіберіп, сәлемін айтып: «Мына үйдің тұрғындары, сендерге сәлем болсын»,-дейді. Періштелер қанаттарымен жаңа туылған қызды қорғаштап былай дейді: «қандай әлсіз, қорғансыз еді, әлсіз денеден шықты. Егер әкесі оны тәрбиелеп өсірсе, қияметке дейін оған Аллаһтың жәрдемі болады» .

Жүргізуші:  «Қыздар – олар мейірімді, игі жандар. Бір қызы бар адамды Аллаһ тағала тозақ отынан сақтайды. Екі қызы бар адам, солардың себебімен жәннатқа кіреді. Ал үш қызы бар немесе қыздары секілді кіші қарындастары бар адам, оларға қамқоршы болса, оның мойнынан жиһад пен садақаның жауапкершілігі түседі». Ата бабаларымыз қыз балаларымыз, апа қарындастарымызға тәлім тәрбие беру ісінде асыл дініміздің маржан сөздерін арқау еткені белгілі. Қазақта «қызға қырық үйден тыйым» деп аталатын тәрбие бар. Еліміздің ертеңі осы асыл аналарымыз бен қарындастарымыздың қолында екені анық. Сондықтан жастарға тәрбие беруде дәстүрдің озығы мен тозығы бар демекші заман талабына сай озық тұстарын ұтымды пайдалану керек. Қыздарымыздың ибалы һәм иманды, тәрбиелі болуына пайдасы тиер деген оймен ес біліп, етек жиған әрбір қыз өзі барған әрбір үйде мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек деп қараған.

Жалпы бүгінгі біздің пікірталасымызда қаралатын мәселе де осы мәселе болмақ. Ендеше мен  сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  1. Тұрсынай Аблизова қыздар ұйымының төрайымы

  2. «Өзін –өзі басқару» ұйымының мүшесі

  3. «Өзін –өзі басқару» ұйымының төрайымы

(Ортада екі команда тұрады). Ендеше команданың аттарымен таныс болыңыздар.

  1. «Бойжеткендер» командасы. ( ).

  2. «Қызғалдақтар» командасы. ( ).

  3. ( Ендеше пікірталасымызды бастасақ).

1.Қазіргі қыздардың заманы,    

2. Бұрынғы қыздардың заманы.  (пікірталас жүреді).

Сұрақ жауаптар.

  1. Қызға қатысты қандай мақалдар   білесіздер?

  2. «Қыздың өзі үйде, қылығы түзде»

  3. «Қызың өссе қызы жақсымен, ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол»

  4. «Қызға қырық үйден тыйым»

  5. «Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі»,

Бір қыз күйеуге шықса,

Қырық қыз түс көреді.

Қыз өссе - елдің көркі

Гүл өссе жердің көркі.

Қыздың көзі қызылда.

Төркін десе қыз төзбейді.

Тойған қыз төркінін танымас.

Қыз бала үйге жаққан бояу

Қыз бала өкпешіл болса, Қалың малы көп болар.

Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.

Қызды ауылдың қызығы көп.

Қызды қымтап ұстаған ұялмайды.

Қыз бен жылқы жаудікі.

Күйеу жаман болса қызыңнан

Қыздың ұяты шешеге.

Қызды асырап білмеген күң етер,

Жібекті түте алмаған жүн етеді.



Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

Қызың өссе қылықтымен ауыл бол.

Қыз қылығымен.

Шешесіне қарап қызын ал, Аяғына қарап асын іш.

Қызы бардың назы бар. Қызға қырық үйден тыйым

Қыз күнінде бәрі жақсы, Жаман қатын қайдан шығады.

Қыз - өріс, ұл - қоныс.

Екі ауылдың арасын жол қосады, Екі елдің арасын қыз қосады.

Қыздың жолы жіңішке.

Қыздың қырық жаны бар.

Судың түбін шым бекітер, Даудың түбін қыз бекітер.

Отырған қыз орнын табады.

Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

Қырсыққан қыз бай таппас, Қырсыз жігіт мал таппас.

Қыз ұзатқанның қызылы қалмас.

Жақсы қыз - жағадағы құндыз, Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.

Қыз назы қырық кісіні мас қылады

Қыздың қабағында құт бар

Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.

Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.

Қызда қырық көліктік бақыт бар.

Қыз – қонақ.

Қыздың көзі қызылда.


Енді мына тыйым сөздердің мағынасын ашып айту керек.



Қыздың аңқауынан сақта.

Қызыңды ерге бермей ұстама кө

Өлерсің ауырмай- ақ  құстана боп

Қыз баланың қыдырма болғаны жараспайды



Атадан ұл қалса-өзі қалғаны

     Қыз қалса-ізі қалғаны


Қыздарымыздың ибалы һәм иманды, тәрбиелі болуына пайдасы тиер деген оймен ес біліп, етек жиған әрбір қыз өзі барған әрбір үйде мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек деп қараған. Олар:


Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым.

  1. Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым.

  2. Талтайып отыруға тыйым.

  3. Шалқайып жатуға тыйым.

  4. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішіті болмауды әрқашан ойлап жүр.

  5. Орынсыз іске ұрынудан тыйым.

  6. Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.

  7. Әурет жерлеріңді жауап, ашық-шашық жүруге тыйым.

  8. Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.

  9. Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.

  10. Дастарқан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле. Орынсыз сөзден тыйым.

  11. Ұрлық-қарлыққа тыйым.

  12. Жаназа оқылып жаткан жерден айналып кетпе. Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе.

  13. Бұраңдауға, қылымысуға тыйым.

  14. Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.

  15. Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.

  16. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.

  17. Аш болсаң да, тоқ болсаң да құдайынды ұмытпа.

  18. Бейәдеп сөз айтудан тыйым.

  19. Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.Үлкендердің  атын атауға тыйым.

  20. Ішімдік-шегімдікке тыйым.

  21. Ұрыс-керіске тыйым.

  22. Беттен алып, төске шабуға тыйым.

  23. Ер адамға әйел киімі жараспайтыны сияқты әйелдер мен қыздарға ер киімі де қонымсыз әрі тәңірінің бұйрығында да жоқ нәрсе.

  24. Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.

  25. Түнде суға жалғыз баруға тыйым.

  26. Жат жыныстылармен араласып жатуға тыйым.

  27. Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.

  28. Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.

  29. Ерді қорлауға, зорлауға тыйым.

  30. Адамды және жан-жануарларды тебуге тыйым.

  31. Бүйірін, жағын таянуга тыйым.

  32. Тәкаппарлыққа, сайқы-мазаққа тыйым.

  33. Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағы қол созба.

  34. Шектен тыс жасанып, сылануға тыйым.

  35. Қызғаншақтыққа, күншілдікке тыйым.

  36. Менмендік пен өзімшілдікке тыйым.

  37. Алдап-арбауға тыйым.

  38. Көрсеқызарлыққа, нәпсіқұмарлыққа тыйым.

  39. Тойымсыздыққа тыйым.



Қорытынды:

Әділқазылар мүшесі қорытынды сөз айтады. Жеңімпаз анықталады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!