Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қызға қырық үйден тыйым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қызға қырық үйден тыйым
«Қызға қырық үйден тыйым»
Мақсаты: білімділік –қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;
дамытушылық- оқушылардың ойлау, есте сақтау , танымдық қасиеттерін дамыта оқыту;
тәрбиелік- қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Көрнекілігі: «Қыз-елдің көркі» газеті,суреттер көрмесі, нақыл сөздер, мақал –мәтелдер.
Мұғалім: Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің , инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.
Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген көптеген керемет суреттемелер берген.
Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз- елдің көркі , гүл –жердің көркі», «Жақсы қыз- жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.
1-жүргізуші: Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кеіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
2-жүргізуші: Қыз бала –бойжеткен , келін , ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағынның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.
1-жүргізуші: Біз қыз бойынан нені көргіміз келеді:нәзіктік пе сұлулықты, ұяндық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөні қасиеттерді.
2-жүргізуші: Қазақ халқында «Қыз-елдің көркі, гүл –жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.
1-жүргізуші:Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген
2-жүргізуші: Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай құю –жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген.
1-жүргізуші: Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған. Олай болса қыздардың өнерін тамашалайық.
Ас әзірлеу , шай құю, тоқыма тоқу, ою- өрнек, төсек жинау.
2-жүргізуші: Салтанат та өнерлі,
Игерген бар өнерді.
Жолың болсын, Салтанат,
Өнерінді төк енді.
ән: «Қазақ қызы».
1-жүргізуші: Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық.
2- оқушы: Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті- жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет- ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтып ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де оны қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
2- оқушы: Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой . Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыз –келіншектердің бойында ізеттілік, ар- ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе- көлденең кесіп өтпеу, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіртетін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға , төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тағы басқа жанұяның үй жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
4- оқушы: Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше кһөңіл бөліп, «Аттың көркі –жалы, қыздың көркі- шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бесиемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеуде, құлап түссе қос бұрым». Ал ақын Абай атамыз қазақ қыздарының сұлулығын былай суреттепті:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік , ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.
1-жүргізуші: шашбау, шолпы, белбеу, бұрым дегеніміз не? Мен осыны ойлап түп мағынасына жете алар емеспін. Маған көмектесе аласың ба?
2-жүргізуші: Көмектесейін, екеуміз қазір Атай мен Әжейдің үйіндегі көріністі тамашалайық.
Көрініс
Ата: Қыздар, «Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар.
Түске дейін ұйықтауға тыйым.
Бұрандап қылымсуға тыйым.
Тамақтан обырлана асауға тыйым.
Ұрлық- қарлыққа тыйым.
Салт- дәстүрден аттауға тыйым.
Ұрыс-керіске тыйым. Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармандар.
Әже: Әй , қыздарым, қазақ халқы бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл бөлгшен. Мысалы:»Адам көркі- шүберек, ағаш көркі- жапырақ»деп , қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Және де қызға сырға, білезік, шашбау, шолпы сияқты әшекейлерді тақтырған.Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақыл-ойы және мінез-құлқы сай болуын қадағалаған. «қыз қылығымен сүйкімді» ,» Қызым үйде , қылығы түзде», «Қыз ақылы шешеден» т.б. мақал- мәтелдерн соған арналған.
5- оқушы: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымыен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы-
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай
Он бес пен он сегізде жасыменен.
6- оқушы: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Майысып бұратылып .,майда басып,
Жаңына наз қылықпен келгенімен.
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеі өнерімен.
Құлпырып қазағымның арулары
Өткендей сұлулықтың елегінен.
Би биленеді.
1-жүргізуші: Ал қазіргі отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?
2-жүргізуші:Иә, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалға айтатын болсақ: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін-өзі ұстау этикасын білмеу, бейбас сөздер айтуы және де олардың ашық киім киуі. Әсіресе қыз балалардың бойында бұрынғы аналарға тән инабаттылық, ұялшақтық қасиеттер азайып барады. Міне, осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкінішті-ақ.
1-жүргізуші: Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының , бірге жүрген құрбы- құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қыз өссе қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі замаңғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата- ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
2-жүргізуші: Демек , болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу –қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі –ұлттық салт- дәстүрлер.
1-жүргізуші: Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт- дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.
Тақырыбы: «Қызға қырық үйден тыйым»
Мақсаты: Бойжеткен ару қыздарды сырт көзден сақтап, оларды биязылыққа, ибалылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: (Бисенғалиева Мадина) Ертеде дана халқымыз: «Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi», «Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулып отырған. Әрбір ата-ана Аллаһ тағаладан жақсы перзент беруін тілейді. Сол баланы тәрбиелеу, оны жетілдіру өте маңызды. Дініміз Исламда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Пайғамбарымыз былай дейді: «Кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе және оларды тұрмысқа берсе, жақсылық жасаса, Аллаһ тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді». «Дүниеге қыз келген уақытта, Аллаһ тағала ол жерге періштелерді жіберіп, сәлемін айтып: «Мына үйдің тұрғындары, сендерге сәлем болсын»,-дейді. Періштелер қанаттарымен жаңа туылған қызды қорғаштап былай дейді: «қандай әлсіз, қорғансыз еді, әлсіз денеден шықты. Егер әкесі оны тәрбиелеп өсірсе, қияметке дейін оған Аллаһтың жәрдемі болады» .
Жүргізуші: (Шүкірова Ботагөз) «Қыздар – олар мейірімді, игі жандар. Бір қызы бар адамды Аллаһ тағала тозақ отынан сақтайды. Екі қызы бар адам, солардың себебімен жәннатқа кіреді. Ал үш қызы бар немесе қыздары секілді кіші қарындастары бар адам, оларға қамқоршы болса, оның мойнынан жиһад пен садақаның жауапкершілігі түседі». Ата бабаларымыз қыз балаларымыз, апа қарындастарымызға тәлім тәрбие беру ісінде асыл дініміздің маржан сөздерін арқау еткені белгілі. Қазақта «қызға қырық үйден тыйым» деп аталатын тәрбие бар. Еліміздің ертеңі осы асыл аналарымыз бен қарындастарымыздың қолында екені анық. Сондықтан жастарға тәрбие беруде дәстүрдің озығы мен тозығы бар демекші заман талабына сай озық тұстарын ұтымды пайдалану керек. Қыздарымыздың ибалы һәм иманды, тәрбиелі болуына пайдасы тиер деген оймен ес біліп, етек жиған әрбір қыз өзі барған әрбір үйде мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек деп қараған.
Жалпы бүгінгі біздің пікірталасымызда қаралатын мәселе де осы мәселе болмақ. Ендеше мен сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
-
Бектембаева Ж — «Қыз Жібек» қыздар клубының төрайымы
-
Егізбаева Үлбір –«Өзін –өзі басқару» ұйымының мүшесі
-
Сапарғалиева Ақнұр – «Өзін –өзі басқару» ұйымының төрайымы
(Ортада екі команда тұрады). Ендеше команданың аттарымен таныс болыңыздар.
-
«Бойжеткендер» командасы. (Қуанғали А., Фазылова Г., Құсайынова А).
-
«Қызғалдақтар» командасы. (Дүйсен Г., Ғұмар Г., Даулетярова К.).
-
( Ендеше пікірталасымызды бастасақ).
1.Қазіргі қыздардың заманы, 2. Бұрынғы қыздардың заманы. (пікірталас жүреді).
Сұрақ жауаптар.
-
Қызға қатысты қандай мақалдар білесіздер?
-
«Қыздың өзі үйде, қылығы түзде»
-
«Қызың өссе қызы жақсымен, ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол»
-
«Қызға қырық үйден тыйым»
-
«Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі»,
-
Енді мына тыйым сөздердің мағынасын ашып айту керек.
-
Қыздың аңқауынан сақта.
-
Қызыңды ерге бермей ұстама көп
Өлерсің ауырмай-ақ құстана боп
-
Қыз баланың қыдырма болғаны жараспайды
-
Атадан ұл қалса-өзі қалғаны
Қыз қалса-ізі қалғаны
Қорытынды:
Әділқазылар мүшесі қорытынды сөз. Жеңімпаз анықталад