№221
негізгі орта мектебі
Тақырыбы:
Көктем
сәні-қызғалдақ
(
ғылыми жоба)
Орындаған:
Оразкелдиева Ханшайым
Сыныбы:
3
Жетекшісі:
Үсенова Баян
2019-2020
оқу жылы
Мақсаты:
Көктем
сәні саналатын қызғалдақ гүлінің тарихын
зерттеу. “Қазақстан-қызғалдақтың Отаны”
екенін дәлелдеу, қызғалдақтың біз
білмейтін қырларын ашу.
Зерттеу
әдістері:
1.
Қазақстан-қызғалдақтың Отаны
2.
Қызғалдақтың отырғызу әдісі, күтімі
3.
Қара жерге гүл өссе жарасады
4.
Ұсыныс
Жобаның
өзектілігі:
Еліміздің
алуан түрлі өсімдіктерге бай екенін
және қоршаған ортаны жоғалтпай оны
бағалай отыра, дұрыс пайдалануға
болашақта тұқымын қөбейте отырып,
әсемділікті, нәзіктілікті, әдемілікті,
қызғалдақтың пайдасын насихаттау.
...Қазақстан
аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен
әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер
әлемінің жауһары саналатын Регель
қызғалдақтарын бастапқы күйінде
кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер
біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының
етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында
пайда болған. Қазақ топырағындағы
осынау қарапайым, сондай-ақ, ерекше
гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың
жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге
тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың
3 мыңнан астам түрі бар,
олардың
басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының
«ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың
35 түрі өседі.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
“Ұлы
Даланың Жеті Қыры” мақаласынан
І.
Қазақстан-қызғалдақтың Отаны
Қызғалдақ
атауы қайдан, қалай шыққан? Ол жөнінде
болжам көп. Оның кеңінен тараған атауы
– «тюльпан». Бұл парсы сөзі: «толибан»
немесе «долбент». Оның мағынасы: басқа
тартатын орамал, «тюрбан». Тюльпан осы
сөзден шыққан, қызғалдақ қауызы шығыстың
бас киіміне ұқсас болғандықтан, осылай
аталған.
Аңыздарға
сенсек, жаугершiлiк заманда жер үшiн
болған шайқастардан кейiн сан мыңдаған
үйiлген өлiк пен қозыкөш жерден көрiнетiн
қан ұйыған қызғылт дақтар қалады екен.
Бұл ұрыс даласында ата-бабаларымыздың
жаны мен қанын қиып соғысқан ерлiгiнiң
белгiсi iспеттес. Сол батыр бабаларымыздың
қаны тамған жерлерге арада бiрнеше жыл
өткен соң қанқызыл қызғалдақтар шыққан
деседi. Осы аңызға сүйене отырып,
қызғалдақ гүлінің өте киелі екенін
түсіндім. Тамаша қызғалдақ гүлінің
біздің жерімізде 34 түрі кездеседі. Оның
12-сі эндемикалық, яғни, тек қазақ жерінде
ғана өсетін түр болып саналады. Тұңғыш
президенттің өзі “Ұлы даланың жеті
қыры” мақаласында қызғалдақтың Отаны
Қазақстан екенін дәйектеді.
ІІ.
Қызғалдақты отырғызу әдісі
Гүлдеп
бітіп, жапырағы мен сабағы қураған соң
пиязшығын қазып алып, кептіріп, құрғақ
орында сақтап қою керек.
Егер
қызғалдақтың пиязшығы үлкен болса, 15
сантиметр тереңдікке отырғызуға болады,
ал егер орташа болса 10 см, кішкентай
болса 5 см тереңдікке отырғызу керек.
Отырғызған
кезде қызғалдақ пиязшығының жоғарғы
жағы топырақ бетіне шығыңқырап тұрғаны
дұрыс.
ІІІ.
Қара жерге гүл өссе жарасады
Енді
бір сәт әлем елдеріне көз жүгіртіп
қарайық. Жер бетінде қызғалдақтың
120-дан астам түрі болса, олардың басым
көпшілігі Шығыс Азия мен Оңтүстік Еуропа
елдерінде кездеседі. Гүл өндірушілердің
кейбірі ол гүлді тек сату үшін ғана
өсірсе, қалғандары хош иісті парфюмериялық
заттар жасауға пайдаланады екен. Ал
біздің отандық мамандар бұл гүлдің
“грейг” деген түрін бауыр ауруларына
қарсы дәрі-дәрмек ретінде пайдалануға
болатынын айтуда. Грейгтің артықшылығы
ол-55 пайыз крахмал мен қанттан тұрады.
Ал ондай сұйықтық ағзаға аса пайдалы
екен. Егерде адамзат баласы бұл
жаратылысқа кішкене болса да көңіл
бөлетін болса, жойылып бара жатқан
қызғалдақ түрлерін қайта жаңғыртуға
жол ашылар еді. Мен осы тақырыпты зерттей
отырып, осыншалық әсемдікті нәрінен
айырып, Жер-Ананың әсемдігін қалайша
адамзат баласы бір сәттік ермек үшін
жұлып алатындығына таңданған көңілде
қалдым.
ІV.
Ұсыныстар
1.
Әрбір білім ордасының ауласына
қызғалдақтар отырғызылса;
2.
Отандық мамандар қызғалдақтың “грейг”
деп аталатын түрінен жасалатын
дәрі-дәрмектерді қолданысқа енгізсе;
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.
Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ж
2.
Қазақстанның өсімдіктер әлемі. Суретті
энциклопедия
3.
Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл
қазынасы А.А.Иващенко Алматы кітап,
2009 ж
4.
“Жаңақорған тынысы” газеті , 2019 ж