400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Қызғалдақты сақтайық!

Материал туралы қысқаша түсінік
5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. 5.Т3. Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсініп, сын есім туралы түсініктерін молайту; 5.О3. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау. 5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, жарнама жазу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аты-жөні:

Жұмыс орны:

Шегирова Гульсара

Абдуманаповна


КГУ «Балқаш қаласы №10 ЖББ ОМ»

Пән: қазақ тілі

Күні: 12.10.2018ж.

Сынып: 5


Сабақтың тақырыбы:

3-тақырып. Қазақстандағы жан жануарлар мен өсімдіктер әлемі.

2-сабақ. Қызғалдақты сақтайық!

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:

5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

5.Т3. Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсініп,

сын есім туралы түсініктерін молайту;

5.О3. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.

5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, жарнама жазу.

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы: «Қызыл кітап» туралы мәлімет айта алады.

Көбі: қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы өсімдіктер әлемін,гүлдерді сипаттайды;

Кейбірі: сыныптастарымен мәтін мазмұнына сай диалог құарстыра алады;

Күтілетін нәтиже:

Қызғалдақ гүлінің «Қызыл кітапқа» тіркелгені туралы біледі. Оны жұлуға болмайтынын түсінеді.

Гүл туралы пікірталасқа түсе алады.

Құндылықтар:

Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсете білуге, қоршаған ортаға мейірімділік, қамқорлық жасауға үйрету.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану,өзін-өзі тану;

Жаңа сөздер:

Қызғалдақ,көпжылдық,сақтайық,хош иісті.

Алдыңғы меңгерілген білім:

«Қызыл кітап»

Сабаққа қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта,флипчарт, маркерлер, бейне фильмдер,стикерлер,себет,сабаққа қатысты гүлдер;

Оқыту әдістері:

әңгімелеу,сипаттау, түсіндіру,сұрақ-жауап, «Ой шақыру», «Ыстық орындық», «Адасқан сөздер», кластер, топтық жұмыс,жұптық жұмыс,ойбөліс,сергіту.

Оқулық

/ҚР БМ ұсынған/

«Көкжиек –Горизонт» ЖШС,2017жыл Ф.Ш.Оразбаева,Ж.Т.Дәулетбекова,А.Қ.Рауандина (1-бөлім),сөздік


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ресурстар:


І.Сабақтың басы.

Оқушыларға

психологиялық

ахуал туғызу.




1.Сыныпқа кіріп,амандасамын,сұхбаттасамын.


Мақсатым: ынтымақтастық атмосферасын

орнату.

Мен бүгін қазақ тілі сабағында сіздермен бірге боламын.Сабаққа кіріспес бұрын бір-бірімізбен танысып алайық.

-Сенің атың кім?

-Қай қалада тұрасың?

-Қазақстан қандай мемелекет?

-Президентіміз кім?

--Қазақстанның табиғаты қандай?

-Бай,әдемі,көрікті жерлері көп,әр алуан.

-Осынша зор байлықты,Отанымызды біздер сақтауымыз керек.Ол жайында Еліміздің Президенті өзінің «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасында айтып,көрсеткен болатын.


Амандасады.

Сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылығы оянады.

Эмблема

«Рухани жаңғыру»


2.Бүгінгі сабақ барысында әрқайсысың өзіңді, сыныптасыңды тапсырмаларды орындауыңа қарай бағалайтын боласыңдар.

Алдарыңда жатқан «Бағалау парағына» назар аудартып, толтыру ретін түсіндіремін.

Қызыл- түсінбедім;

Сары- толық түсінбедім;

Жасыл- түсіндім.

Парталарында жатқан «Бағалау парағына» назар аударады,тыңдайды, толтыру ретін түсінеді.

Бағалау парақтары;

үш түсті қарындаштар;


4.Алдарыңда көбелек пішіндес стикер жатыр.

Осы стикерлерге сабақ барысында ұнаған сәттерді жазып отырыңдар.


Көбелек пішіндес стикерлер;

Алдыңғы оқуды тексеру





3 МИН.


3. Топтық жұмыс./стикердің түстері 3 топ

құралады/

Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын,алдында өткен сабақта нені үйрендіңдер соны еске түсірейік.Ол үшін топпен жұмыс жасайық.

/52-бет,6-тапсырма негізінде./

1 топ.Постерге «Қызыл кітапқа» енген аң-

құстың атауларын тек қазақ тілінде

жазады,айтады.

ІІ топ. Постерге «Қызыл кітапқа» енген аң-

құстың атауларын тек орыс тілінде

жазып.айтады.

ІІІ топ. «Қызыл кітапқа» енген аң-

құстың атауларын қазақ және ағылшын

тілінде жазады,айтады.

Ағылшын тілінде атауларды хормен айтқызамын.

Кемшіліктері болса,түзетемін.

Бағыт парақтарына баға қоюларын

естеріне саламын.






Әр топ постерлерін ақылдаса отырып толтырады.Магтитті тақтаға іліп топтан бір бала шығып қорғайды.





Ағылшын тілінде атауларды қайталайды.есте сақтайды.



Бағалау парақтарына әркім өзіне баға қояды.

Слайд№1

Алдыңғы оқу.






Постерлер,стикерлер

үш түсті маркерлер;


Оқу мақсатымен,

жұ-мыс барысымен таныстыру

4.Сендер «Қызыл кітап» туралы біраз білім

жинақтапсыңдар.

Кері байланыс:Маған жауаптарың ұнады.

(смайликтер постерге ілемін)

Ал, бүгінгі сабағымызда жаңа сөздермен танысамыз, мәтінмен жұмыс жасаймыз,бір-бірімізге сұрақ қоя білуді үйренеміз.

«Қызыл кітапқа» енген гүл түрімен танысамыз.

Дәптерлеріңді ашып күнді жазып қойыңдар.

Мұқият тыңдайды.Түсінеді.







Дәптерлеріне күнді,сынып жұмысын жазып алады.

Слайд №2

Қазанның он бірі

Сынып жұмысы


Мағынаны тану.

5. «Сөздіктер әлеміне саяхатқа» шақырамын.

1.Қызғалдақ-тюльпан

2.көпжылдық –многолетний (-ие)

3.хош иісті-душистый (-ая;-ые),

4.сақтайық- сохраним

Әр сөзді оқимын.Қайталатамын/жеке-жеке,хормен/.Жай,сыбырлап, /қимылдармен сүйемелдеу/

Сөздік дәптерлеріңді ашып, жаңа сөздерді жазып алыңдар.

Балалар! Біз жаңа сөздермен таныстық,олар оқылатын мәтінде кездеседі. Мұқият болыңдар.

Тыңдалым.Оқылым.

Жаңа сөздерді тыңдайды,қайталайды.есте сақтайды.Дұрыс айтуға жаттығады.

Әр түрлі интонациямен қайталайды. Есте сақтайды.



Сөздік дәптерлеріне жазып алады.

Слайд №3

Жаңа сөздер

Қызығушылық-ты ояту.




Мәтіналды жұмыс.

6.«Ой шақыру» әдісін қолданамын.

-Балалар, «Қазақстанның қызыл кітабында» өздерің білетін аң-құстардан басқа 308 түрлі өсімдіктер тіркелген. Солардың ішінде гүлдер де бар.

А) Айтылым. /54-бет,1-тапсырма./

Кластермен жұмыс.

Назарларыңды тақтаға аударыңдаршы.

-Нені көріп отырсыңдар?

-Мынау қандай гүл?

-ақ бәйшешек, қызыл астра....

-Бұл сөздер қандай сөз табына жатады?

-Сын есімнің сұрақтарын атаңдаршы?

-Ережесін кім біледі?

-Заттың сапасын,түрін,түсіін,көлемін білдіретіін сөздер сын есім болып аталады.

Кері байланыс Керемет! Сендер сын есім туралы біраз білім жинақтапсыңдар ,«смайликтер» беремін.


Осы гүлдердің ішіндіе қызғалдақ гүлі ерекше. Өйткені ол «Қазақстанның қызыл кітабына» енгізілген.Оның көптеген түстері болады.

Бұл гүлмен қазір мәтінді оқу арқылы таныс боламыз.

.





«Бағыт парақтарын» толтырады.






Сын есімді естеріне түсіреді,қайталайды.

Сұрақтарға жауап береді.











Бейне көрілімді тамашалайды.Тыңдалым.Оқылым.

Слайд №4

Кластер «гүлдер»



















Слайд №5

Бейне көрілім.

Мәтінмен жұмыс.

7.Оқылым./55-бет,4-тапсырма./

Мәтінді оқы.Ат қой. Түсінгеніңді айт.


Оқу реті:

1.Мен дауыстап оқимын,сендер мұқият тыңдап,назарларың кітапта болсын.Саусақтарыңмен жүгіртіп отырыңдар.

2.Енді,бәріміз хормен қайталап оқимыз.

-Тамаша! Мәтінге ат қойыңдаршы. Не туралы айтылған екен?

-Қызғалдақ туралы екен. Мәтінге қандай атау береміз?

Жақсы! Сендермен толық келісемін.

8.Айтылым.Мәтін мазмұны бойынша құрастырылған сұрақтарға жауап берулерін айтамын.

-Қызғалдақтың түстері қандай ?

-Қанша түрі бар? /32 түрі/

-Неше түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген? /18 түрі/

-Қызғалдақ қандай өсімдік? -/көпжылдық/.

-«Қызыл кітапқа» енгізілген болса оны не істеуіміз керек? -Сақтау керек.

-Біздің сабағымыздың тақырыбы да осылай аталады.Қызғалдақты сақтайық!

Дәптерлеріңе тақырыпты жазып қойыңдар


Мақсаты: түсініп оқу,түсінгенін айта білу дағдыларын жетілдіру.

«Бағалау парақтарын» толтыруларын еске саламын.Жоғары көтеріп көрсетулерін өтінемін.

Қызыл түсті белгісі көп оқушыға көмектесемін.





1.Тыңдайды.


2.А.Сұрақтарға толық жауап береді.

Б. бір сөзбен жауап береді.

С. түсінеді.



Бағалау парақтарын толтырады.







Айтылым.

Түсінгендерін айтады. Сұрақтарға жауап береді.





Тақырыпты дәптерлеріне жазып алады.



«Бағалау парақтарын» толтырады.

Слайд №6 қызғалдақтың суреті



















Слайд №7

Қызғалдақты сақтайық!








Сергіту сәті

2 мин.

9.Қызғалдақты жинайды,құрастырады.Мен көрсетіп тұрамын.

*Алдарыңдағы қызғалдаққа дем берейік.

Орнымыздан тұрайық,

Ішке демді алайық,

Үрейік,

Гүлге дем берейік,

Сабағын салайық.

-Қандай әдемі гүлдер жасадық.

- Өздеріңе ұнай ма? Аты қалай?

-Біз қызғалдақтарды қорғап,сақтауымыз керек емес пе?

Олай болса,мына себетке салып, жинайық.сақтайық.

Қағаздан қызғалдақ жасайды.Сергиді. Бойларын жазады.Көңілдері көтеріледі.

Гүлге тілектерін айтады.


Гүлдерімен себетті толтырады.


Түрлі-тісті қағаздардан жасалған қызғалдақтар. Себет.

Слайд№8

бейне көрсетілім,музыка.

Мәтін соңы жұмыс.

Ой толғаныс.

10.Жазылым.Грамматиканы қайталау.

Бойымызды сергіттік, енді осы қызғалдақ гүлі жайлы сөз тіркестерін құрастырайық.

Тақтада 55-бет,5-тапсырма негізінде жасалған кесте көрсетіледі.

*Сөздерді сәйкестендіру арқылы сөз тіркестерін құра. / 3 оқушы жауап береді/

1.Қызғалдақтың отаны.

2.Қазақ даласы.

3.Көпжылдық өсімдік.

Сөйлем құрастырту.

Қызғалдақ-көпжылдық өсімдік.

Синтаксистік талдау жасатамын.


Интерактивті тақтада орындалады.

Жазған оқушылардың еңбегін бағалаймын.

Кері байланыс.«жұдырық, саусақ» тарату.

1.сөздерді сәйкестендіреді;

2.сөз тіркестерін,құрайды.айтады.

3.сөйлемдер құрайды.жазады.

4.Талдайды.



«Бағалау парақтарын» толтырады.


Слайд №9.

Кесте

1

қазақ

өсімдік

2

Көпжылдық

отаны

3.

қызғалдақтың

даласы




11.Жұптық жұмыс.

Балалар,сөйлем,сөз тіркестерін,сабақ басында өткен сөздерді қолданып парталасыңмен сұрақ-жауап сипатында диалог құрастырып көріңдер.

Аралап жүріп,жауаптарын тыңдаймын.

1-2жұптан тақта алдына шығарып сұраймын.

Кері байланыс:Салют.Шапалақтан нұр шашайық!

Әдемі,мағыналы диалог құрдыңдар!


Бір-біріңнің жауабыңды бағала.

Жұбымен диалог құрастырады.

-Қызғалдақ қандай гүл?

-Ол қайда енгізілген
-Отаны қай жер?

-Неше түрі бар?


Бір-біріңнің бағалау парақшаларымен алмасады.толтырады.


Бекіту.





3 мин.

*Балалар,қазір топпен бірігіп жұмыс жасау арқылы алған білімдеріңді жинақтауға тырысыңдар.


І топ.постерді толықтырады./ көк маркермен/

ІІ топ. «Ыстық орындық» 2 сұрақ,2 жауап

ІІІ топ. жарнама жазу.

Түсіндіремін. «Адасқан сөздер» тәсілі.

кеспе сөздерден сөйлем құрастырып,топ мүшелері хормен оқып береді.

Қазақстан-қызғалдақтың отаны.Даланың сәні. Хош иісті. «Қызыл кітапқа» тіргелген.Қызғалдақты сақтайық!


Бағалау парақшаларын толтыртып,жинап аламын.

Кері байланыс: «жұдырық саусақ»



Топтық жұмыстарын қорғайды.Бір-бірін тыңдайды.







«Бағалау парақтарын» толтырады.



А3 қағазына жарнама үлгісін дайындау.

Жарнама

Қызғалдақ көпжылдық




Кеспе сөздер,желім.

Үй тапсырмасын беру.

Балалар , үйде 55-беттегі 8-тапсырманы орындап келіңіздер.

Орындалу ретін түсіндіремін.

*Ғаламтордан Қазақстандағы қызғалдақтар туралы ақпарат жинақтап,

әсіресе,өзіміздің туған өлкеміз Гүлшат елді мекенінде,Бектауата маңында өсетін қызғалдақтың түрлерін зерттеп келіңдер.

Мұқият тыңдайды,күнделігіне жазып алады.

Оқулық, оқушы күнделігі.

ҮІІ.Рефлексия.

Көктем келіп, жер-Ана қойнауынан хош иісті,әдемі қызғалдақ гүлдері өскенде,мың бұралған көбелектер де ұшып-қонып жүреді.

Сендер көбелек пішіндес стикерлерге сабақ барысында ұнаған сәттерді жазып отырдыңдар. Ал енді көбелектеріңді себетке қондыруларыңа болады.

Шеңбер бойында:

Жалғыз Отанымыз Қазақстанның әсем табиғатын сақтап,бірге қорғайық! Қызғалдақтар хош иісін шашып,даламызға көрік бере берсін!


Сау болыңдар!

Тыңдайды, стикерлерге сабақтан алған әсерлерін,тілектерін жазып,себетке жапсырады.







Қызғалдақты ,табиғатты сақтау керек екенін жүректерімен сезінеді.

Себет гүлдерімен.

бет белгі /әр оқушыға/



Көбелек пішіндес стикерлер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
1475
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі