400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Қызғалдақты сақтайық!" 1 сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары."Қызғалдақты сақтайық!". 5 орыс сыныбы. Орыс сыныптарында сабақ жүргізетін мұғалімдерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

2-бөлім. Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі

Педагогтің аты-жөні:

Сембаева Сандугаш Сабыровна

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қызғалдақты сақтайық! (1сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.2.6.1 - тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау;

5.4.3.1 - жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу;

5.4.4.1 - мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттайды, жазба жұмыстарында сипаттау, құралдарын қолданып жазады, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасайды;

Көпшілік оқушылар үшін:

Тірек сөздерді дұрыс қолданады, жазба жұмыстарында сипаттау, құралдарын қолданып жазады, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасайды;

Кейбір оқушылар үшін:

Мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді дұрыс қолданады, жазба жұмыстарында сипаттау, құралдарын қолданып жазады, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасайды;

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ езеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтың басы

Қызығушы-лықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

- Қалдарың қалай?

- Қазір қандай сабақ?

- Бүгін кезекші кім?

- Сабақта кім жоқ?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

  • Иә, қазір қазақ тілі сабағы, бүгін 1 қазан.



- Сәлеметсіз бе, мұғалім!

- Жақсы. Өте тамаша. Керемет.

- Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

- Сыныпта мен кезекшімін.

- Сынпта барлығы 12 бала.

- .....................................................

- ............................................


Бүгінгі сабақта сендер жаңа сөздермен танысып, оларды еркін қолдана білуге үйренесіңдер. Сабақ соңында бір-бірлерінді бағалап, кері байланыс жүргіземіз.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

С. Психологиялық ахуал «Жылы лебіз» әдісі.

Сыныпта жақсы психологиялық атмосфера болу үшін оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді. Осы күнге сәттілік тілейді.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Мақсаты:

Жаңа сабаққа

кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Жағдаяттық сұрақтар:

  1. «Қызыл кітап» деген не?

  2. Алғашқы «Қызыл кітап» қай жылы шықты?

  3. «Қазақстандағы Қызыл кітабы» қай жылы жазылды?

  4. Қазақ жеріндегі қандай жануарлар «Қызыл кітапқа» тіркелген?

1.Бір-біріне сұрақтар қояды. 2.Сыныптастырының пікірін толықтырады.

3.Өз ойымен бөліседі.


Дескриптор:

- өз ойын дұрыс мағынада білдіреді;

- талқылауға белсенділікпен қатысады;

ҚБ

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Сабақтың басы


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларғды сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырамын.

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.Сөздікпен жұмыс.

Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады.

Кең-байтақ – широкая просторная земля

Дала – степь

Қызғалдақ – тюльпан

табиғи – природный,

байлық – богатство

Сән – красота, роскошь

Отан – Родина

Тұқым – семена цветов

Көпжылдық - многолетний

Хош иісті – аромат

Ерекше – особенно

Биіктік – высота

Сақтау – хранить

Көздің қарашығындай сақтау - беречь, как зеницу ока

Жаңа сөздерді дауыстап айтады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады.


Дескриптор: -жаңа сөздерді жазады;

- сөз тіркес-терін, сөйлем құрастырады.


ҚБ

«Бас бармақ»

Рисунок 3 Рисунок 9

Оқулық

54бет,

слайд



Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.





Мәтіналды жұмыс.

№1-тапсырма

Сөздерді суреттермен сәйкестендір. Орыс тіліндегі баламасын жаз. Гүл атауларын пайдаланып, сөйлем құра.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым, жазылым дағдысы қалыптасады

Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

- сәйкестендіреді;1б.

- баламасын жазады; 1б.

- сөйлем құрастырады; 2б.

ҚБ

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

Оқулық

54 бет


№2-тапсырма:

Берілген сөз тіркестермен «Таңғажайып Қазақстан» тақырыбына шағын мәтін құра.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.

Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

- сөйлемнің орын тәртібін сақтайды; 1б.

- қатесіз жазады; 1б.

  • мәтін құрастырады;2б.


Оқулық

54 бет


№3-тапсырма. «Қызғалдақ» тақырыбына диаграмма жаса.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.

Дескриптор: Жалпы - 2 балл.

- мәліметтерді жинақтайды; 1б.

- қатесіз жазады; 1б.

Оқулық

54 бет


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Еркін микрофон» әдісі.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдаймын.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 6

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі