Қызметкерлермен жұмыс "Тиімді қарым- қатынас орнатайық тренингі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызметкерлермен жұмыс "Тиімді қарым- қатынас орнатайық тренингі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал психологтарға арналған. Осы материал арқылы қызметкерлердің көңіл күйін көтеруге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тиімді қарым – қатынас» психологиялық тренинг


Тақырыбы:  «Тиімді қарым – қатынас» психологиялық тренинг

Мақсаты: жас мамандарды өз – өзімен, өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым- қатынастарын нығайту, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру.

Қатысушылар: жас мамандар

Қажетті құралдар: А4 форматтағы қағаздар, жапон әліппесі.


Тренинг жоспары:

  1. Салемдесу. «Жапон» әліппесі жаттығуы.

  2. «Өзіңді білгің келсе»  жобалық тест.

  3. «Көрші» сергіту сәті.

  4. «Паравоз» ойыны.

  5. «Ыстық орындық» өз ойларың айту.

  6. «Менің бойымдағы сіздер білмейтін қасиет . . . . . .» атты ойын.

  7. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

  8. Қорытынды. «Маңызды қағидалар»


  1. Сәлемдесу   «Жапон әліппесі»  жаттығуы

А – ка     З – з      П – но    Ц – ми    Б – зу       

И – ки    Р – ши   Ч – кэ    В – ру     К – мэ  

     С – ари   Ш,Щ – хи    Г  - жи    Л – та   Т – чи                 

      Ь,Ъ,Ы – зук    Д – тэ    М – рин     У – до            

     Э – мэй    Е – ку    Н – то       Ф – лу   Ю – фу

     Ж – су     О – мо    Х – ри       Я – на



Мұғалімдер осы әліппе арқылы өздерінің есімдерін жапон тілінде қасына сын есімді косып айтып шығуы керек. Мысалы:  адемі Бегайым деген жапон тілінде Катэкурин Зукужикаки.

  1. «Өзіңді білгің келсе»  жобалық тест.

Мақсаты: мұғалімдер жобалық тест арқылы өздерінің  мінез- құлықтары мен  жекелік қасиеттерін біле алады.

Нұсқау:  А4  форматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылады. Болған соң салынған суреттеріне қарай талданады.

Сурет салу: тау, үй, ағаш, жол, сақина.

Тау – дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.

Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.

Ағаш – біреу болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа  соншалықты құмар.

Жол – үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына тарататын адам.

Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.

3. «Көрші» сергіту сәті
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.
(Мұғалімдер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)


4. «Паравоз» ойыны.

Мақсаты: ұжымда бір –бірімен жағымды қатынас қалыптастыру, көңіл – күйлерін көтеру.

Нұсқау: Мұғалімдер бір қатарға тұрып реттік санымен 1,2-ге саналады. Екі топқа бөлініп, бірінші топ қолдарын бір рет шапалақтап, оң аяқтарын екі рет жерге қағады. Ал екінші топ  қолдарын екі рет шапалақтап, оң аяқтарын бір рет жерге қағады. Осылайша ойын жалғасады, шатасқан ойыншы өз өнерін ортаға шығып көрсетеді.


5. «Ыстық орындық»

Мақсаты: өзіне деген оң және теріс айтып салуларды адекватты түрде қабылдау.

Жүргізуші топ қатысушыларына бір адам туралы өз ойларын айтуға ұсынады. Бір-бірі туралы осылай айтуға болады: «сен бірдеңені істегенде не айтқанда былайда былай, менде осындай да сезімдер қалыптасады, және маған осы былай а былай болуы мүмкін еді». «Ұнайды», «жақсы», «жаман» деген айтулардан аулақ болуға тырысу. Бір қатысушы өз тілегі бойынша ортаға отырады. Содан барлығы айтып болған соң, қатысушы өзі туралы естігенде не сезінгенін айтады. Қатысушылар кезекпен айтады, ал ортаға ыстық орындыққа тілектері бойынша отырады. Талқылау кезінде қатысушылар өз сезімдермен бөліседі, олардың бір-біріне деген қатынастары осы жаттығудан қалай өзгерді.

Неліктен кейбіреулері отырған жоқ?

6. «Менің бойымдағы сіздер білмейтін қасиет . . . . . .» атты ойын.

Мақсаты: Әр топтан мұғалімдер ортаға шығып өздерінің таң қалдыратын қасиеттерін ортаға салады. Осылайша жаңадан келген жас мамандардың қабілеттерімен,өнерлерін тануға болады.

7. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

Нұсқау: Мұғалімдерге қағаз  таратылады. Мұғалімдер әр қатарға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазады. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында  өзі жазған сөздерді рет – ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.

Қорытынды:

  1. Мені жұрт .... деп ойлайды.

  2. Мені ...... деп ойласа екен деп ойлаймын.

  3. Дәл өзім  .....

  4. Мен жұмыста .....

  5. Жолдасыңыздың алдында .....

  6. Негізі мен ........

8. Қорытынды. «Маңызды қағидалар».
Басқа адамдардың сезімін құрметте.

Кез келген мәселені шешуге болатынын біліңіз.

Араласып жүрген адамдарыңызға ұқыпты болыңыз.

Жиі күлімдеп жүріңіз.

Өз күніңізді күлімдеп бастаңыз.

Өз сенімділігіңізді дамытыңыз.

Қиыншылықтарға тап болсаңыз көмек сұраңыз.

Басқаларға қараңыз, сізде және қоршаған ортада көп нәрсе ортақ.

Өзіңді ренжіткен адамға қараңыз, мүмкін оған сіздің көмегіңіз қажет шығар.

Өз жүрегіңізді ашыңыз, сонда әлем де сізге құшағын жаяды.

Кешірім жасауды әдет ету арқылы кешіруді үйреніңіз.

Сүйікті адамының жанын жаралауға бірер ғана секунд жетеді,

бірақ ол жараны жазуға ұзақ жылдар керек болатынын біліңіз.

Уақыт бәрін емдейтінін біліңіз.

Сабыр түбі – сары алтын.

Бәрі де өз қолыңызда.

Ешқашан мұнаймаңыз, алға қарай ұмтылыңыз.

Кішіпейіл болыңыз.

Басыңызға түскен қиыншылықтың бәрі уақытша екенін біліңіз

Әр атқан таңыңыз үшін қуаныңыз.


























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі