"Қызы-еркем, анасымен -көркем!" ертеңгілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қызы-еркем, анасымен -көркем!" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мектебі аясында "Қызы-еркем, анасымен - көркем!" тақырыбында анасы мен қызы өз өнерлерін көрсетеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қызы еркем - анасымен көркем!»


Қыз бала мен аналар арасындағы кездесу

Мақсаты:

  Ана мен қызының арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

  1. Ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

  2. Ана мен қызының бірге орындаған іс-шаралары арқылы шығармашылықты дамыту.

  3. Ұлттық ойындар мен дәстүрлерді насихаттау.


Әдісі:Тренинг,  сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: шарлар, қанатты сөздер.
Барысы:
Жүргізуші:  Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, тәрбиеші апайлар, бүгінгі сырласу кешінің қатысушылары!
Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін толассыз таусылмайтын қазына. Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды, жүрегі «қазақ» деп соғатын азаматтарды тәрбиелеу үшін ата-ана тәрбиесі- ең басты, ең маңызды, ең қажетті, ең керекті тәрбие. «Қыз өссе елдің көркі,  Гүл өссе жердің көркі.» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі!

Жүргізуші:

Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да  жоқ,  ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Олай болса, бүгінгі «Кішкентай данышпан» бөбекжай-балабақшасында ересек топтар аралық қыздар мен аналарының арасында өткізілгелі отырған «Қызы еркем - анасымен көркем!» - атты отбасылық кездесуімізге  қош келдіңіздер!

Ендеше аналарымыз бен қыздарымызды ортаға шақырмас бұрын, аналарымызға бір-бір қағаздан берсек.Бұл қағазда әр ұлттың суреттері бар.Қатысушыларымыз қағаздағы ұлт өкілдерінің сәлемдесуі арқылы қонақтармен сәлемдесіп кіріп, орындарына жайғасады.

2. Жүргізуші:
Ал, енді сырласу кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.

1 кезең. Таныстыру

2.кезең. Анама арнаймын
3 кезең. Сұрақ-жауап

4-кезең: «Бес асық» ойыны

5 .кезең. Ата-ана өнері Ляззат ханымның қобыз тарту

6. кезең. «Бұрымды қыз» Шаш өру

7.Кезең: «Домбыра» биі

8. кезең. Қамыр жаю Айсананың әні
9. кезең. Жемістерді кесіп, сәндеу

10. кезең. Қорытынды

Бүгінгі кездесуге қатысатын отбасыларымен  таныс болыңыздар .

  1. Таныстыру

Мақсаты: Қатысушыларды таныстырып, оларды кездесудің мақсаты мен міндеттеріне бағыттау.

Шарты;Кездесуіміздің алғашқы бөлімі – «Таныстыру.» Әр отбасы өзін қысқаша таныстырып шығады, анасы қызының ерекше қасиеттерін ашып,қалай еркелетінін айтып шығады.

Жүргізуші: 

Көңілінде шуағы бар көктемнің,

Жан-жағына тек қуаныш төккенін

Бақшада   барлық бала біледі

Саяның инабатты екенін -дей келе «Бүлдіршін» ересек тобының тәрбиеленушісі Талғат Сая Көркембекқызын Айгүл апасымен қарсы алайық!

Жүргізуші: 

Тәрбиешіні анасындай құрметтеген,

Жаны таза, ісі жоқ дүрмекпенен,

Айгерім  тәрбиешінің қолғанаты –

Ойынан тек жақсылық бір кетпеген дей келе «Бүлдіршін» ересек тобының тәрбиеленушісі Пернебекқызы Дара қызымызды Ляззат анасымен қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: 

Қорғасындай мінезі бар салмақты,

Бар жұмыстың жайын білер жан-жақты.

Аз сөйлеп-ақ, көптеген іс тындырар

Мариям  қыз тобындағы ең салмақты – дей келе «Радуга» ересек тобының тәрбиеленушісі Кармаенкова Мариям қызымызды Полина анасымен қарсы алайық! 

Жүргізуші: 

Жанарынан жастық оты шашырап,

Гүлге оранып кеткендей ме атырап.

Тобындағы ұл-қыздардың мінезін

Муслима қыз отырады бақылап дей келе -«Радуга» ересек тобының тәрбиеленушісі Сайдыллаева Муслима қызымызды Азиза анасымен қарсы алыңыздар! 

Жүргізуші:

 Еңбексүйгіш, ерінгенге жаны қас

Бір жұмысты екі істеп сабылмас,

Ашық қабақ, күлімкөзді ару қыз –

Бақшада Айнамкөздей қыз табылмас - дей келе Жандарбек Айнамкөз қызымызды ________________ анасымен қабыл алыңыздар!


Жүргізуші:

Әсем әлемнің кішкене ханшайымы,

Білім әлемінің саяхатшысы.
Қызыққа толы, қиялға бай,
Қазына қыздың көңілі жай!- дей келе Елемес Қазына қызымызды Шолпан анасымен қарсы алайық!


2.кезең. Анама арнаймын

Мақсаты: Ана мен қызының арасындағы байланысты нығайту, бір-біріне деген алғыс пен сүйіспеншілікті білдіру.

Әр топтан қытысып отырған қыздарымыз аналарына өлең шумақтарын арнайды.

Қазына:

Менің анам ардақты,

Алтыннан да салмақты.

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым!

Айнамкөз:

Ана, сен бақыттысың!

Гүлің болып өсіп келем,

Жайнап жүрші,

Күліп жүрші

Алладан мен тілеп жүрем,

Муслима:

Анам менің-аялаған ақ гүлім,

Анам менің-бақытым мен шаттығым

«Анашым» - деп балаң жырын арнаған,

Неге ғана естімеген тәтті үнін

Мариям:

Мама-это небо!

Мама-это свет!

Мама-это счастье!

Мамы-лучше нет!

Мама-это сказка!

Мама-это смех!

Мама-это ласка!

Мамы – любят всех!

Сая:

Мен айтамын тақпақ

Алып едім жаттап

Менің әжем аппақ

Менің анам әдемі.

Дара:

Мәпелеп мені өсірген

Аяаулы менің анашым

Жамандықтан жирен деп

Жақсылықтан үйрен деп

Үйренткен мені анашым

Анамды мен сыйлаймын

Айтқанын оның тыңдаймын

Айтқан тілін аламын

Мен анамдай боламын!

3. Кезең: Сұрақ-жауап

Мақсаты: Ана мен қыз арасында сұрақ-жауап арқылы өзара түсіністік пен сенімді нығайту.

Құрметті ата-аналар біз сіздерге кезекпен сұрақтар қоямыз.Ал сіздер біз қойған сұраққа «ия», «жоқ» деген қазіргі термин болып кеткен сөздерді қолданбай, бір ғана сөзбен емес сөйлемді толықтырып жауап бересіздер?Дайынсыздар ма?

  1. Қызыңыз бақшаға таңертең жыламай келе ме?

  2. Сіздің балабақшаға көңіліңіз толады ма?

  3. Қызыңызды еркелетесізбе ?

  4. Қызыммен бірге өсіп кетеді деп , тағы да перзентханаға барғыңыз келеді ме?

  5. Қызыңыздың сізге ұқсағанын қалайсыз ба?

  6. Сіз бір апта бойы телефонсыз өмір сүре аласыз ба?

4. Кезең: «Бес асық» ойыны

Мақсаты: Ұлттық ойындарды қолданып, қатысушылардың ой-өрісін, ептілігін арттыру.

«Бес асық» ойынының ережелері:

Қажетті заттар:

  • 5 асық

  • Тегіс жер (жер немесе үстел)

Ойынның жүрісі:

  1. Ойынның мақсаты: Ойыншының асықты көтеріп, қайта орнына салып, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауы.

  2. Ойынның басталуы:

    • Ойыншы 5 асықты жерге тастайды. Бұл бастапқы орын деп есептеледі.

  3. Тасты жинау кезеңдері:

    • Бірінші кезең: Ойыншы бір тасты алып, оны алақанында ұстап, қалған төрт тасты қайта жинауы керек. Тасты ұстап тұрғанда тек бір қолмен жұмыс істеуге болады.

    • Екінші кезең: Ойыншы жерге тасталған екі тасты бірінен соң бірін алып, қайта жинайды.

    • Үшінші кезең: Ойыншы үш тасты алуы керек.

    • Төртінші кезең: Тастарды түгелдей жинап, қайта салу керек. Бұл кезеңде ойыншы барлық 5 тасты жинап, оларды қайта жерге тастайды, кейін бұларды қайта көтеру міндетті болады.

  4. Кері қайту:
    Ойыншы тастарды жинап болғаннан кейін, оларды сол тәртіппен қайта жерге тастайды. Егер ойыншы бұл тапсырманы орындап, ешқандай қателік жасамай аяқтаса, ол кезеңді жеңіп шығады.

  5. Қателік жасау:
    Егер ойыншы тас жинау кезінде қателік жасап, тас құлап немесе орыннан кетіп қалса, ойыншының кезегі өтпей қалады, және ол келесі ойыншыға жол береді.

  6. Ойынды жеңу:
    Ойыншы барлық кезеңдер мен тапсырмаларды ешбір қателіксіз орындап шықса, ол жеңімпаз болып табылады.

Қосымша ережелер мен түрлі нұсқалар:

  • Ойынның қиындығы әрбір ойыншының деңгейіне қарай өзгеріп, тастарды жинаудың бірнеше әдістері болады. Мысалы, бір қолмен немесе екі қолмен жинау, тасты бірінен соң бірі жинау, басқа да қосымша қозғалыстар.

  • Бұл ойында жеделдік пен зейінділік өте маңызды.

Ойынның пайдасы:

  • Дене және қолдың қимылдау дағдылары: Қолдың икемділігін, ептілігін дамытады.

  • Зейін мен көңіл бөлуді арттыру: Тастарды жинау кезінде ойыншының зейіні тұрақты болуы тиіс.

  • Ұлттық дәстүр мен ойын мәдениетін білу: Ойын арқылы балалар қазақтың ұлттық ойындарын, мәдениетін үйренеді.

«Бес асық» ойыны – тек көңілді уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар дене шынықтыру мен логикалық ойлауды дамытатын маңызды ойын.

Жүргізуші: Аналарымызға үлкен рахмет. Керемет ойын болды.

Ал енді келесі кезекті Дара қызымыздың анасына қолқа салсақ қалай болады?

5-кезең: Өнер қобыз тарту

Жүргізші :

Біз – қазақпыз, елім дейтін жан сала,

Салт-дәстүрін жыр қыламыз тамсана.

Ұрпақ үшін баға жетпес байлықты

Құрмет тұту – басты парыз баршаға дей келе кезекті кезеңімізді «Бұрымды қыз» кезеңіне берсек.Құрметті біздің сұлу, ақылды аналарымыз.Сіздердің сөзге тапқыр,тірлікке, ойынға епті екендеріңізді байқадық.Ал ендеше күнделікті қыздарыңыздың шаштарын қалай өресіздер байқап керейік.

6. Кезең: «Бұрымды қыз» – шаш өру»

Мақсаты: Ұлттық дәстүрлер мен сән өнерін көрсету, қызығушылықты арттыру.

Қазақта «Шашты қадірлеу- салтты қадірлеу» деген дана сөз бар.Енді ана мен қыз бірге жұмыс істеп, өз шеберліктерін көрсетеді.Бұл бөлімде аналар қыздарының шашын ерекше тәсілмен өрсе, қыздар аналарына көмектеседі.Яғни, шашты өргенде тарақтарын, резиналарын әперіп көмектеседі. Бұл жерде сіздерге біздің бір өтінішіміз бар! Мүмкіндігінше ақылдасып әр түрлі қылып шашты өріп шықсаңыздар! Ал аналарымыз қыздардың шаштарын сәндеп жатқанда мен сіздерге шаш өру туралы мәлімет беріп өтейік.

Қазақ халқының шаш өру дәстүрі ежелгі заманнан бастап қалыптасқан. Ерте кездерде қазақ қыздары мен әйелдері шаштарын ұзын әрі әдемі етіп өру арқылы өздерінің мәдениетіне, салт-дәстүріне деген құрметін білдірген. Бұрым өру — қыздың маңызды дәстүрлердің бірі болып, оның сұлулығын, нәзіктігін және мәдени құндылықтарға деген адалдығын айқындаған. Қазақ халқы тұрмысқа шықпаған қызына міндетті түрде атаулы әшекейлерді тақтырды. Бұл әшекейлер сол заманғы қыз атаулының символы іспетті. Сонымен, шаштың әдемілігін арттырған бұл бұйымдарды тағудағы түпкі мағына қандай? Шолпы шаштың ұшына, шашбау бұрымның түбіне ілініп шашпен бірге өріледі. Осылайша, шаш салмағы ауырланып, ерте күнінен осы әшекейлерді таққан қыз арқасын түзу ұстап, сәнді жүре алады. Сонымен қатар, шолпы салмағының арқасында шаш та ұзын болып өсіп, ауыр салмақтың әсерінен күнделікті бас ауруы деген түсінік болмаған. Қоңыраулы шолпы тағу арқылы қыздың артық оғаш қимыл жасамауына мән берген. Әшекейдің сыңғырлап дауысының естілі бастағаны, яғни үйге қыз бала кіріп келе жатқаны деп үлкендер реттеліп, жинақталып отырған.  Шашбаудың дыбысы жиі, қатты шықса ұшқалақ, сумаң қылықты қыз болғаны, ал ақырын ғана естілген шашбаулы қыздың мінезі өте сабырлы, биязы, нәзік екенін аңғартқан


Жүргізуші:

Өнердегі ең қадірлі – би дейді,

Қайталауды, көшіруді білмейді.

Сахнада биші қыздар бұрала

« Домбыра» биін сіздер үшін билейді

дей келе құрметті қонақтар кішкентай қыздарымыздың домбыра биін қабыл алыңыздар!

7.Кезең: «Домбыра» биі

8.Кезең: Қамыр жаю

Мақсаты: Дәстүрлі ас әзірлеу әдістерін көрсету, отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізуін қамтамасыз ету.

Құрметті аналар сіздерге біздің үлкен өтінішіміз болып тұр.Балабақшада бүгінгі ас мәзірінде кеспе көже еді. Бірақ бүгін кенеттен біздің бас аспазшымыз аауырыпты.Көмекшісі кеспе кесіп үлгере алмайтын секілді. Сіздер бізге кеспе кесіп көмектесіп жіберсеңіздер! Аспазшымыз қамырды илеп дайындап қойыпты. Осы қамырды жайып,кеспе кесіп берсеңіздер!Ал сіздерге бізден көмек біздің қызымыз ән орындап береді.

Жан дауасы кетеді екен жазыла,

Өнер деген – сарқылмайтын қазына.

Жан бар ма екен тебіренбес, толқымас

Ән мен жырдың, би мен күйдің сазына-дей келе біздің «Бүлдіршін» тобының таланты әншісі Айсана қызымыздың сіздерге керемет әнін тарту етеді. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

9 кезең:Жемісті турау

Келесі кезекті жемістерге берсек.барлықтарыңызға бір-бір жемістен береміз.Осы жемістерді алдарыңызда тұрған тарелкаларға сәндеп турасаңыздар!

Сіздерге сұрақ қойғым келеді?

Аналар туралған жемістеріңіз бір өзі тарелкада үйлесіп тұр ма?

Ендеше осы жемістерді бір тарелкаға жинақтайықшы!

Ендігі көрінісі қандай болды?

Барлық жемістерді бір ыдысқа жинаған едік, әдемі болып шыға келді.

Осы жерден түйе кететін ой- әр жемістің құрамында қаншама дәрумендер бар! Әр жемістің пішіні, түсі,дәмі әрқалай!

Бірлік пен ынтымақтың нәтижесінде жасалған бұл туынды –ортақ еңбектің, шығармашылықтың және мейірімнің символы!Әрқайсысымыздың үлесімізден құралған бұл әсем дүние –бірліктің күшін дәлелдейтіні тамашы мысал.


Бүгінгі сайысымыздың басты мақсаты –бірлігімізді, шығармашылығымызды, ынтымақтастығымызды көрсету.Әр ананың жасаған жұмысы бір-бірімен үйлесіп, әсем композицияға айналды.Бұл тек жеміс емес,әрқайсысыңыздың жүрек жылуыңыз бен мейіріміңізді білдіретін ерекше туынды.Осындай керемет дүниеге қол жеткізгеніміз үшін алғысымыз шексіз!

Ал енді осы жемістерді баламыз деп елестетіп көріңіздерші.Әр баланың мінезі әрқалай!

Біз осы жемістер секілді сіз болып біз болып баланы бірге тәрбиелесек, ел басқаратын керемет азаматтар шығатынына сенімдіміз!

Бірлігіміз жарасып, қуанышымыз ортақ болсын!

Құрметті аналар алтын уақыттарыңызды бөліп,біздің кездесу кешіміздің қадірлі қонағы болғандарыңыз үшін үлкен рахмет!

Бұрым түрлері қазақ халқының дәстүрінде ерекше орын алады, өйткені бұрым тек шаштың ұзындығы мен сұлулығын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге қазақ қыздарының мәдениеті мен дүниетанымын, ұлттық ерекшеліктерін білдіреді. Бұрымның түрлері шаштың әртүрлі әшекейленуіне, өрімдердің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Әрбір түрдің өзіндік символикасы мен мағынасы бар.

1. Екі бұрым (Қос бұрым)

Екі бұрым — қазақ қыздарының ең көп тараған және қарапайым түрі. Бұл бұрымда шаш екіге бөлініп, әрбір бөлік әдемі өріліп, екі бөлек бұрым болып түйіледі. Екі бұрымды тоқудың сәні мен көрінісі өте әдемі, әрі бұл қарапайымдылық пен нәзіктіктің символы болып табылады.

  • Символикасы: Екі бұрым қыздың жастығын, бойжеткендігін, қарапайымдылығын білдіреді.

  • Қолданылуы: Екі бұрым көбінесе мектеп жасындағы қыздар мен жас қыздар арасында кездеседі. Бұл бұрым — сұлулық пен нәзіктіктің белгісі болып табылады.

2. Үш бұрым

Үш бұрым — шашты үш бөлікке бөліп, әрқайсысын өріп, ерекше стильде сәндеу. Бұл түр қыздардың бойжеткендік кезеңін білдіретін кең тараған бұрым түрі. Шаштың үш бөліктен өруі әдетте салтанатты шараларға немесе маңызды мерекелерге арналған.

  • Символикасы: Үш бұрым әдетте үйлесімділік, үш ұрпақтың жалғастығы, немесе қазақ халқының дәстүрінде "үш" санымен байланысты маңызды мәнге ие (мысалы, үш асық, үш күн, үш тағдыр).

  • Қолданылуы: Үш бұрым қыздар мен әйелдер арасында танымал, әсіресе тойларда немесе мерекелерде.

3. Төрт бұрым (Қос өрім)

Төрт бұрым — шашты төрт бөлікке бөліп, әрқайсысын өріп, екі жағынан екі бұрым жасалатын стиль. Бұл стиль дәстүрлі қазақ қыздарының бойжеткендік кезеңінде көп кездеседі. Төрт бұрым әдетте өте ұзын шаштар үшін ыңғайлы болады.

  • Символикасы: Төрт бұрым өмірдің тұрақтылығы мен жан-жақтылығын білдіреді. Бұл стиль көбінесе қыздың пісіп-жетілгендігін, өмірге дайын екендігін көрсетеді.

  • Қолданылуы: Төрт бұрымды көбінесе салтанатты жиындар мен ұлттық мейрамдарда көруге болады.

4. Бұрым орау (Бұрымды жиналған түрде өрілуі)

Бұл бұрымның ең ерекше түрі, себебі шаштың барлығы оралып, бір немесе бірнеше бұрымға айналады. Бұл тәсілде шаш тек бір жерде жиналып емес, арнайы бұрымдарға оралып, сәнделеді. Кейде бұрым орау ерекше әшекейлермен, шашқа тағылатын әшекейлермен безендіріліп жасалады.

  • Символикасы: Бұрым орау — тек сұлулықтың ғана емес, сондай-ақ тәртіп пен үйлесімділіктің белгісі. Бұрыннан бері бұл түр қазақ қоғамында үйлену тойында немесе басқа да маңызды сәттерде қолданылады.

  • Қолданылуы: Бұрым орау көбінесе қалыңдықтың шашын сәндеуде, сондай-ақ қыз-келіншектердің салтанатты іс-шараларда шаштарын сәндеуде қолданылады.

5. Қос өрім (Қос бұрымды өрім)

Бұл бұрымда шаш екі бөлікке бөлініп, әрбір бөлік екі түрлі өрім түрінде өріледі. Яғни, екі бұрымның әрқайсысын бірнеше бөлікке бөліп, әрқайсысын әртүрлі өрімдермен тоқу арқылы сәнделеді.

  • Символикасы: Қос өрім — үйлесім мен бірліктің белгісі. Бұрын бұл стиль қазақ қыздарының бойжеткендік кезеңінде көп қолданылған.

  • Қолданылуы: Қос өрім стильі көбінесе мерекелерде, үлкен жиындарда немесе ұлттық шараларда сәндеуге қолданылады.

6. Шашты қиғаш тоқу (Қиғаш бұрым)

Қиғаш бұрым — шашты екі немесе бірнеше бөліктерге бөліп, қиғаш бағытта тоқу арқылы жасалатын бұрым түрі. Бұл стиль ерекше көрініс береді және қазақ халқының ежелгі дәстүрінде кездеседі.

  • Символикасы: Бұл түр көбінесе батырлық пен еркіндікті білдіреді. Сондай-ақ, бұл бұрымның өзіндік күш-қуаты мен тәуелсіздік белгісі ретінде қабылданған.

  • Қолданылуы: Қиғаш бұрым ұлттық сұлулықтың ерекше көрінісі ретінде, көбінесе дәстүрлі өнер мен халықтық мерекелерде сәнделеді.

7. Жинақталған бұрым (Шашты жинақтап орау)

Бұл бұрымда шашты жиып, оны бір немесе бірнеше бұрымға жинақтап, арнайы орамалмен немесе басқа да әшекейлермен сәндеу түрі. Бұрымның бұл түрі көбінесе шашты жинап, қапсырмалармен немесе басқа да әшекейлермен ұқыпты жинақтау арқылы жасалады.

  • Символикасы: Шашты жинақтау — тәртіптілік, жинақылық пен әйелдің ішкі дүниесінің үйлесімділігін білдіреді. Бұл стиль өте әдемі әрі сәнді болып табылады.

  • Қолданылуы: Бұл бұрым стилі көбінесе қазақ қыздарының, жас келіншектердің өмірінің маңызды кезеңдерінде пайдаланылады.

Қорытынды:

Қазақ халқының бұрым түрлері шаштың түрлі өрімдері мен сәндеу әдістерінің өзіндік мәні мен мағынасы бар. Әрбір бұрым түрі қазақ қыздарының бойжеткендігі, сұлулығы, өмірге деген көзқарасын, сондай-ақ ұлттық дәстүр мен мәдениетке деген құрметін білдіреді. Бұрымды әртүрлі өріп, әшекейлеп сәндеу дәстүрі қазіргі таңда да қолданыста болып, қазақ халқының ұлттық мұрасын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге ықпал етіп келеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2025
146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі