Материалдар / "ҚЫЗЫҒЫ ТОЛЫ БҰЛ ӘЛЕМ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ҚЫЗЫҒЫ ТОЛЫ БҰЛ ӘЛЕМ"

Материал туралы қысқаша түсінік
ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2019
244
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:Құрмарнғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі

Мерзiмі: 12.02.2019ж Тақырып: Қызыққа толы бұл дүние

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: адалдық, шыншылдық

Мұғалiм: Г Нұрсейтова

Сынып: 5 «а»

Оқушылар саны:

Мақсаты: : Оқушыларды қоршаған әлеммен таныстыра отырып, оның адамзатқа маңыздылығын түсіндіру.


Міндеттері: -

- Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру.

- Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- Мейірімділікке тәрбиелеу.

- Оқушыларда әлемді жақсы жағынан сезіне білу құндылықтарын кеңейту.

Күтілетін нәтиже

- Қоршаған әлемге деген сүйіспеншілігі артады.

-Әлемді тануға деген қызығушылықтары арта түседі.

-Оқушылардың өзара қарым-қатынастары нығаяды.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

1 Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру.


2.Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


Ескерту









2. Үй тапсырмасын тексеру

Әлемнің жеті кереметінің бірі туралы ақпарат жинау

3.Дәйексөз:


«Адам айналасын танып білу арқылы өмірге құштарлығы артады. Өз болашағына сенімді болады » 

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


4. Қызықты картиналарға ат қою

Мұғалім сыйы

5. "САҒАТ ТІЛІМЕН» ТРЕНИНГІ



6. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Пазл құрастыру.

І топ-«Ханшатыр»

ІІ топ «Бәйтерек»

ІІІ топ «Рухани жаңғыру»


Пазылдар

6. Топпен ән айту Әрқашан күн сөнбесін



РЕФЛЕКСИЯ

Бүгінгі сабақ бойынша өз көңіл-күйлерін, алған әсерлерін және тілектерін күннің шуқтарына жазу



7. Үй тапсырмасы

Әлемдегі ең қызықты оқиғаларды тауып оқып келу .



8. Тыныштық сәті.

Еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.

Сабақ аяқталды,Сау болыңыздар.



Оқу-ісінің меңгерушісі : Р Исаева
































1. Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.
Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.
2. Айрылмас дос, айнымас дос,
Бейбіт өмір керек елге.
Отыз беске біз келсек те,
Тұрар жүрек сөз есте.
3. Анда солдат, мында солдат,
Халық оқтан шошынады.
Сұм соғысты, кан төгісті,
Болдырмаймыз сәби үшін.














































Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі

Мерзiмі: №21 сабақ

Тақырып: Адами қарым-қатынастар әлемі

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: кішіпейілділік, ізеттілік

Мұғалiм: Г Нұрсейтова

Сынып 5 «а,»

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты:Оқушылардың айнала қоршаған ортамен ізгі қарым- қатынас жасау туралы түсініктерін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға ізгі қарым-қатынастың маңызын аша отырып, кішіпейілділік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды айнала қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға үйрете отырып, ізеттілік қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды үйлесімді өмір сүруге, әдептілікке тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру.


2.Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

20 сабақ «Жанында жүр жақсы адам» тақырыбында эссе жазу

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Мұғалім өзі дауыстап оқып береді, сосын балаларға бірге хормен айтуға ұсынады. Бірінші ұл балалар қайталайды, содан соң қыз балалар қайталайды.Дәйексөзді дәптерге жазғызу.

«Кішіпейілділік-кісінің көркі»

Халық нақылы

Сұрақтар:

  • Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

  • Кішіпейілділік дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өздерің қай кезде кішіпейілділік танытасыңдар?


Кішіпейілділік – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Бұл өзін – өзі мақтаудан аулақ ұстайтын, сыйластық шегінен шықпайтын, жасаған жақсылығын жария етпейтін адам. Кішіпейіл адам әрдайым басқа адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне ие болады. Қарым – қатынас жасау барысында ойың, ниетің, іс – әрекетің, мінез – құлқың жақсылыққа толы болсын.


5.Әңгiмелеу « Мінезді тәрбиелеу »

Ертеде бір кісі баласы тұрмай жүріп көрген баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Бала өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жақын жүрмеуге тырысады.

Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші күні бала тақтайға 37 шеге қағады. «Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «Енді балам, ешкіммен ұрсыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде тауысыпты. Әкесі қуанып: «Балам, мені сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне, өзіңді - өзің тәрбиеледің, жақсы адам болатын жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес, беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да, олар қанша кешірдім десе де ,кезіңде айтылған сөздерді қалай өшірерсің? Бәрібір ол жүректің түкпірінде қалды ғой. Әрине, бұл күндерің әркіммен бір ұрсысып жүргеннен жақсы. Бірақ, бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», - дейді.

Аңыз әңгіменің мәтіні бойынша сабақтың құндылығы мен қасиеттінің мәнін ашатын және өмірлік тәжірбиелерімен байланыстырып сұрақтар қою.

Мұғалім сыйы

6.Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма бойынша балалар А.П. Чеховтың інісіне жазған хатынан үзіндіні оқиды, сол мәтінді негізге ала отырып, өздерінің түсініктеріне сәйкес «Әдепті адам қандай болуы тиіс?» тақырыбында жеке ережелерін құрастырады.

Дәптермен жұмыс.

2 – тапсырмадаоқушылар дәптердегі суреттерге қарап, сол суреттердің бірінің мазмұнын сипаттап жазады.

1-суретте: баланың үлкенге сәлем беріп тұрған бейнесі суреттеледі.

2-суретте: кіші жастағы баланың үлкен жастағы адамға орын беріп жатқаны суреттеледі.

3-суретте: көшеде ауыр жүк көтеріп келе жатқан қарт адамға көмекке келу сипатталады.

4-суретте: отбасында қолғабыс танытып жатқан баланың көрінісі суреттеледі.


Логикаң қайда?

Ойын

7.Топпен ән айту. «Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы

Әні: Ф. Жолдасова


8.Үй тапсырмасы.

22 сабақ «Алмаш» мәтінін оқу . 93 бет


9.Рефлексия


10. Сабақтың қорытынды сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.




Оқу-ісінің меңгерушісі:Р Исаева





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!