"Қызыл, жасыл, сары" ойын-сауығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қызыл, жасыл, сары" ойын-сауығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережесін үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қызыл, жасыл, сары»

Мақсаты: Жолда жүру ережесі туралы түсінік беру. Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Көше,жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдіру.

Тәрбиеші: «Көшеге» саяхат. Балабақша ішіндегі макеттерден жасалған көшеге серуенге шығып , ондағы жолдарды, көліктерді адамдарды көрсетіп, балалармен әңгімелеседі.

Жолда жүру ережесіне сәйкес ұйымдастырылған макеттерден жасалған көшелерді көрсете отырып, көшедегі жолдар ұзын, қысқа, кең және өте әдемі болатынын түсіндіреді.

- Көліктер қайда жүреді? - Жолда.

-Жолдар қандай болды? - Ұзын,қысқа, тар,кең.

- Көшеде тағы нелер бар? - Үлкен әдемі үйлер, ағаштар, Мега , дүкендер.

- Қандай көлік түрлерін көріп тұрсыңдар? - Жеңіл машиналар, жүк машиналар.

Shape1

Жұмбақ жасыру:

Жасыл көзі жүр дейді,

Қызыл көзі тұр дейді.

Сары көзі дайын бол дейді

  • Жұмбақтың жауабын тауып «бағдаршам» екендігін айтады


Қимылдық ойын: «Түрлі-түсті автомобильдер»

Шарты: балалар үш топқа бөлініп (қызыл,көк,жасыл), оларды түрлі шеңберге орналастырады. Олар машина жүргізушілер. Тәрбиеші қолына қағаздан жасалған бағдаршам көздері сынды картонды алады. Жасыл түсті дөңгелекті көтергенде, балалар бөлме ішінде бірін-бірі қақпай-соқпай машина болып гүрілдеп, әрлі-берлі қозғалады. Ал , қызыл картон дөңгелекті көтергенде машиналар тоқтайды. Сары түсті көрсеткенде айналасына қарап, жүруге дайындалады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Біздер жолға шығайық.

Ұзын,қысқа жолдарды

Біліп біздер алайық.

Оң жақта да, сол жақта да,

Биік үйлер бар екен.

Дидактикалық ойын: «Бағдаршам».

-Тәрбиеші «қызыл» түсті көрсеткенде,

-«сары» түсті көрсеткенде,

-«жасыл» түсті көрсеткенде

Ойын: «Дұрыс-бұрыс» ойыны

Балалар дұрыс жауапқа қолдарын шапалақтайды.

  • Көшеден өткенде солға оңға қараймын.

  • Көшенің ортасында доп ойнаймын.

  • Жол ережесін сақтаймын.

  • Бағдаршамның сары көзі жанғанда дайындаламын.

  • Жасыл көзі жанғанда жүремін

Shape2


Дид. Ойын:

Балалар үш топқа бөлініп ойын шарты бойынша тәрбиешінің басқарылуымен іс-қимыл арқылы , бағдаршамның түстерін ажырата отырып ойнайды.

Тәрбиешімен бірге қайталап қимылдармен көрсетеді.

- балалар қимылдамай тұрады.

-қолдарын шапалақтайды.

- орындарында ары-бері жүреді.

Ойынды бірнеше рет қайталайды.

  • Шапалақтамайды

  • Шапалақтамайды

  • Шапалақтайды

  • Шапалақтаймын

  • Шапалақтаймын

Бағдаршам көздерін ретімен қойып береді.


-Біздер қайда саяхатта болдық?

-Нелер көрдік?

-Нелер туралы айттық?

Көшеде, үлкен үйлер, дүкендер, Мега, т.б

Көше, бағдаршамның көздері,жұмбақтың шешуін, ойындар ойнадық.


Ұйымдастырған оқу іс-әрекетіне араласқан балаларды мақтап, мадақтау.

Күтілетін нәтеже:

Нені біледі: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен және жолда жүру ережесін біледі.

Shape3



















МКҚК «Қошақан» бөбекжайы









Shape4

«Қызыл, жасыл, сары»



(ойын-сауық)

Picture 23


Тәрбиеші: Каратаева А.Н.












2023-2024жыл


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2024
367
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі