Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызыл кітап 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар сұраққа дұрыс жауап бере алады, диалогке түсу барысында өз ойын еркін жеткізе алады, хат пен хабарлама, хабарландыру жазу кезінде барлық талаптарды орынды қолдана алады. Жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғауға болатыны туралы нақты дәлелдер келтіріп, эссе жаза алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Пусирманова Г.Е.

Қатысқандар: 15 Қатыспағандар:0

Сабақ тақырыбы:


Қызыл кітап

Осы сабақтақол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.А5.Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. 5.ТБ2Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.

Сабақ мақсаты



Барлық оқушылар:

Оқушылар сұраққа дұрыс жауап бере алады, диалогке түсу барысында өз ойын еркін жеткізе алады, хат пен хабарлама, хабарландыру жазу кезінде барлық талаптарды орынды қолдана алады.



Оқушылардың көбісі: Мәнмәтін тұрғысынан негізгі ойды анықтай алады, дұрыс сұрақтар құрай алады.

Кейбір оқушылар: Жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғауға болатыны туралы нақты дәлелдер келтіріп, эссе жаза алады.

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  1. Сұраққа еркін жауап береді, диалогке еркін қатысады.

  2. Хат пен хабарлама жазуда стильдік ерекшеліктерді орында қолданады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қызыл кітап-красная книга

Жойылып кету-исчезновение

Сирек-редкий

Қорғау-защищать

Тіркелген –зарегистрирован

Терминдер:

Экология- табиғатты қорғау туралы білім.

Сөз тіркестері:

жануарларды қорғау, кітапқа енгізу

Жоғары дәрежелі сұрақтар:

-Саған «экология» деген сөз таныс па?

-Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?

-Достарың «Табиғатты , жануарларды, өсімдіктерді қорғау керек?» деп санай ма?

-Мектебінде табиғатты қорғау жөнінде қандай іс-шара өтеді?

Ым-ишара

Бас изеу, күлімдеу

Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.

Пәнаралық байланыс

Биология- жануарлар мен өсімдіктер әлеміне саяхат.

Тарих- «Қызыл кітаптың» шығу тарихы туралы мағлұмат

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Қожа мектепте». Б.Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» романындағы жануарлар туралы шолу жасау.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Оқушылардың алдында 15 қағаз кері қаратылып жатады.Бұл қағаздардың артында «Қызыл кітапқа» енген барыс, аққу, қызғалдақ суреттері бес-бестен бейнеленген. Оқушылар қағаздарды таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.

Проблемалық ой тастау. Оқушылар, интербелсенді тақтада берілген суретке назар аударыңдар. Бұл суретте нелерді көріп тұрсыңдар? Олар нені білдіреді? Жануарлар мен өсімдіктерді, балықтар мен құстарды көріп тұрмыз. Олар бәрі қоршаған ортаға жатады. Ал сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер бар ма? Оларды біз не істеуіміз керек? Қызыл кітап туралы естігендерің бар ма?

Демек, «Қызыл кітапқа» сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер, балықтар мен құстарды енгізеді.

Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы- «Қызыл кітап» Ал сабақ мақсатымыз қандай? Нені білуіміз керек?

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Жануарлар суреттері, интербелсенді тақта,

Сабақтың ортасы

23 минут

І.Мәтіналды жұмыс.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша, жетелеу сұрақтарын қоямыз.

-«Қызыл кітап» туралы не білеміз?

- Оны неге «Қызыл кітап» деп атайды?

- Сен «Қызыл кітапты» оқып, қызықтап көрдің бе?

ІІ.Мәтінді оқу (екі қайтара оқу).

«Қызыл кітап»

1948 жылы әлемде алғаш рет «Табиғатты қорғау» одағы құрылды.Бұл одақ бірінші рет жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар туралы кітап шығарды. Ол кітап «Қызыл кітап» деп аталды. «Қызыл кітап»деген атауды ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынды.

«Қазақстанның Қызыл кітабы» алғаш рет 1978 жылы шықты. Онда тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген жануарлар суреті, Қазақстанның аумағында таралу картасы және ол туралы ақпарат көрсетілген. Қазақстанда құстардың 18отрядқа жататын 489 түрі бар.Олардың 58-і «Қызыл кітапқа»тіркелген.Оларды адамдар көп аулайды. Сол себепті азайып барады.Қазір олар қорғауға алынған.

«Қазақстанның Қызыл кітабына» өсімдіктердің 307 түрі кірген. «Қызыл кітапқа» қазақ жеріндегі барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр және тағы басқа аңдар мен құстар да тіркелген.

ІІІ.Мәтіннен соң жұмыс.

Әр топқа мәтіннің бөліктері беріледі. Топ өз ішінде берілген бөлік бойынша қағазға 5 сұрақ дайындайды. «Ротация» әдісі арқылы жазылған сұрақ қағаздары келесі топқа беріліп, олар сұрақтарын жазуы қажет. Кейін әр топтан бір оқушы шығып, сұраққа жауап береді.

Дескриптор:

  1. Берілген мәтін бойынша сұрақ құрастыра алады.

  2. Сұрақтарға лайықты жауап бере алады.


ҚБ: «Бір медаль, бір миссия» әдісі



ІV. «Суреттер не айтады?» .

Оқушыларға өз топтарына байланысты ситуациялық суреттер көрсетеді. Сол бойынша топ ішінде шағын диалог құрастырады. Кейін топтан екі оқушы шығып, құрылған диалогты айтып береді.



А)Барыс қарда жатыр.


Ә)Балалар анасына қызғалдақ сыйлап жатыр.


Б)Ағам аққуға нан берді.



Дескриптор:

1.Ситуациялық жағдайды түсіне алады.

2.Диалогке еркін түрде қатыса алады.


ҚБ: «Бір медаль, бір миссия»


V.Ширату жаттығулары.

«Ұшты-ұшты» ойыны.

-Ұшты-ұшты-Барыс ұшты.

-Тырна ұшты.

-Қызғалдақ ұшты.

-Қасқыр ұшты.

Ұшатын құстардың аты аталғанда оқушылар қол шапалақтайды.


VІ.Ақсұңқарға хат.



Бұл-ақсұңқар құсы. 1966 жылы Қазақстанның қызыл кітабына енгізген. Жыл құсы. Қазақстанға жылы уақытта ғана келеді екен. Әйтсе де, Қазақстанға соңғы кезде келмей жүр екен. Біз, 5-сынып оқушылары болып, осы ақсұңқарға хат жазайық.

Хат жазбастан бұрын, интербелсенді тақтадағы хат жазу ерекшеліктеріне назар аударайық.

Хат жазуда «РАПТ» әдісі қолданылады.

Р-оқушы

А-ақсұңқар

П-хат

Т-Құсты елге шақыру.


Дескриптор:

1.Ресми стильдің тілдік ерекшеліктерін ұстанады.

2.Тақырыпқа сай хат, хабарландыру жазады.



ҚБ: «Бір медаль, бір миссия»


VІІ. «Ой толғау»



Жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғауға болатыны туралы дәлелдер келтіріп , эссе жазу.


Дескриптор:


-Эссе жазуда ойын нақты жаза алады.

-Жүйелілікті сақтай біледі.



Оқулық, суреттер, жауап қағазы












































































































Жануарлар суреттері, интербелсенді тақта





















































Суреттер

Сабақтың соңы

Кері байланыс

12 минут

Оқушыларға бүркіт, бірқазан, тырна суреттерін таратамыз.

Сабақ соңында оқушыларға сұрақтар қойылып, олар өздерін түсіну деңгейі бойынша келесідей қызыл кітапқа енген жануарлардың суретін көреді.



Бүркіт-егер саған сабақ ұнаған болса және барлық тапсырманы сәтті орындай алсаң;

Бірқазан-егер сен сабақта белгілі бір қиындықпен кездессең;

Тырна-егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса.

Суреттер, интербелсенді тақта.

Саралап оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Жетелеу сұрақтарын көбірек қолданамын. Уәжін арттыру мақсатында «сенің қолыңнан келеді, тағы да тырысып көр, бұдан да зор істер атқара аласың» деген сөздерді көбірек қолданамын.

Қалыптастырушы бағалау арқылы бағалаймын. «Бір медаль, бір миссия» әдісі арқылы оқушының меңгеру деңгейін тексеремін. Бір сәтті тұсын айта кетіп, бір ұсыныс айтамын.






АКТ қолдану бойынша қауіпсіздік ережелерін сақталады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызғақатыстысолжақтакелтірілгенсұрақтарғажауапберіңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1235
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12