400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызыл кітап не үшін қажет

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәні бойынша сабақ 0 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

тАҚырыБы: «Қызыл кітап» не үшін қажет? Жаратылыстану Уакпаева Г.А

сабақтың оқытылу мақсаты

0.4.3.2. «Қызыл кітаптың» маңыздылығын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

  • Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыруды;

  • Табиғатты қорғау не үшін қажет екенін түсіндіреді• Қызыл кітап не үшін қажет екенін түсінеді.

Көпшілік балалар:

  • «Өсімдіктерге не зиян келтіреді?» – логикалық тізбек құрайды;

  • «Жануарларға не зиян келтіреді?» – логикалық тізбек құрайды.

Кейбір балалар:

  • Қорғауды қажет ететін өсімдіктерді атайды;

  • Қорғауды қажет ететін жануарларды атайды;

  • Жаңа ақпаратты білу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі;

  • Тәжірибелерді өз бетімен жүргізеді.

тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

Мәселені көре білуді дамыту, сұрақтар қою, болжамдар ұсыну, ұғымдарға анықтама беру, топтастыру, бақылау, зертханалық жұмыстар жүргізу, қорытындылар мен ойша тұжырым жасау, материал құрастыру, мәтінмен жұмыс, өз идеяларын дәлелдеу және оларды қорғау.

Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және дамыту.

Көптілділік:

Қызыл кітап – Красная книга – Red Book

негізгі терминдер мен сөз тіркестері: «Қызыл кітап», өсімдікті қорғау, жануарларды қорғау, экология ғылымы, Қызыл кітап, орманды кесу.



сабақта диалог/хат үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар.

Өсімдіктерді сақтап қалу үшін не істеу керек?

Қандай өсімдіктер қорғалуға мұқтаж?

Жануарларды сақтап қалу үшін не істеу керек?

Қандай жануарлар қорғалуға мұқтаж?

Қазақстанда өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін не істелінуде?

Өткен сабақтардан алған білім

«Қызыл кітап» туралы түсінік қалыптастыру және ұғымын ашу. Оған енген жануарлар мен өсімдіктердің басқа жануарлар мен өсімдіктерден айырмашылығын ұғыну, қарапайым бақылау дағдылары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

Щаттық шеңбер

Бір бірімізге жылы лебіз айту

«Қызыл кітап» туралы түсінік қалыптастыру және ұғымын ашу. Оған енген жануарлар мен өсімдіктердің басқа жануарлар мен өсімдіктерден айырмашылығын ұғыну, қарапайым бақылау дағдылары.

«Қызыл кітап».

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

2–5 мин.

(Ұ) Балалар «Қызыл кітап» ұғымына айрықша көңіл бөліп, мына сұрақтарға жауап береді: «Қызыл кітап» туралы естігендеріңіз бар ма? Неге оны біз оқып, білуіміз керек? «Қызыл кітапты» білудің маңыздылығы неде? т.б.

Бар жануарлар мен өсімдіктерді атап, олардың айырмашылығын атау, қайсысы «Қызыл кітапқа» енген деп ойлайтынын болжамдау.

Көрнекі құралдар: суреттер,

ойыншықтар, т.б.

Сабақтың ортасы

III. сабақтың тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

(т) Педагог суреттердің көмегімен «Адам өміріндегі өсімдіктер мен жануарлардың мәні» кестесін түсіндіріп беруді сұрайды.

(Ұ, т) Өзекті мәселелер.

Педагог қойылған сұрақтарға қандай болжамдары барын балалардан сұрайды:

«Қызыл кітап» дегеніміз не? Ол бізге не үшін қажет?

Біз «Қызыл кітапты» неге оқуымыз керек? Мұғалім қысқаша мағлұмат береді (Балалардың пікірлері)

Кесте.



(Ұ) Экологиялық әңгіме.

«Барыс» туралы әңгіме …

Барыс – жыртқыш жануарлардың бірі. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, таутекені, тауешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды.

Барыстың санының кемуінің негізгі себептері – қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы.

(Ұ) Әңгімені талқылау.

  • Барыс қандай жануар?

  • Ол неге азайып бара жатыр?

  • Оқыған әңгімеміздің сенің болашақ өміріңде тигізер пайдасы болады деп ой қорытындылауға бола ма?

(Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-тапсырма)

Қандай жануарлар «Қызыл кітапқа» енген, соларды белгілеп, оларды сипатта.

Қазақстанда қандай жануарлар «Қызыл кітапқа» енген?, т.б. Сурет қарап қызыл кітапқа енген жануарларды атау. «Қызыл кітапқа» енген қандай жануарларды көргенін айтып беру.

.

Әліппе-дәптер.

Жануарлардың суреті

АКТ пайдалану



(Ұ) Өзекті мәселе.

Қазақстанда өсімдікті қорғау үшін не істелінуде?

  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заң.

  • Сирек кездесетін өсімдіктерді жинауға тыйым салынған.

  • Сирек кездесетін өсімдіктердің көптеген түрлерін бүкіл әлем болып ботаникалық бақтарда өсіруде.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. (2-тапсырма).

Әліппе-дәптер. Балалар бер3лген тапсырманы орындайды

Сабақтың соңы

IV. сабақтың қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

Балаларға сабақта өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну:

1-деңгей – ештеңе түсінбедім.

2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

3-(үш) деңгей – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер.

Түрлі түсті қарындаштар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
1909
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі