400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: 6. Қоршаған ортаны қорғау

Күні :

Педагогтің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.4.1.1* шағын сюжетті комикс/буклет/ коллаж/жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтыру


ЕБҚ оқушы

4.4.1.1* шағын сюжетті комикс/буклет/ коллаж/жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтыру

Сабақтың мақсаты :

Оқушылардың барлығы: 4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді; шағын сюжетті комикс/буклет/ коллаж/жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтырады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

ЕБҚ оқушы

Сабақтың басы


Ертеңгілік шеңбер.

«Мен саған тілеймін»



Үй тапсырмасын тексеру


Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Барлық оқушылар бір-біріне шеңбер бойы жақсы тілек айтады.

Мысалы: Саған денсаулық тілеймін! Саған жақсы көңіл күй тілеймін!


Қолпаштау







Тілек айтады

Сабақтың ортасы

























1.Тыңда. Қайтала.
Сөздікпен таныстыру:

Жаңа сөздер:

Гүлзар-клумба

Раушангүл-роза

Тікенек-колючка

Сирек-редкий

Теру-собирать

Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру жаттығуы:






2. Айтылым. Жазылым.

1-тапсырма

Сөйлемдерді сөздермен толықтыр.

Керекті сөздер: сирек, гүлзар, теру.

1. Тауға барып бүлдірген ... маған қатты ұнайды.

2. ... – түрлі гүлдерді өсіретін орын.

3. Лалагүл – ... кездесетін өсімдік.


Тыңдалым,айтылым.

Сөздерді оқиды, қайталайды, сөз тіркесін құрастырады. Мысалы:

Сирек гүл.



Сөйлемдерді сөздермен толықтырады.

1. Тауға барып бүлдірген теру маған қатты ұнайды.

2.Гүлзар – түрлі гүлдерді өсіретін орын.

3. Лалагүл – сирек кездесетін өсімдік.






«Бас бармақ»













ҚБ: Ауызша кері байланыс

Сөздік

сурет















Оқулық









2-3 сөзбен сөз тіркесін немесе сөйлем құрастырады













Сергіту сәті



3.Жазылым. Айтылым.

2-тапсырма: Үш топқа бөлініңдер. Текшені шиыру арқылы мәтінді таңдаңдар.

Лалагүл

Лалагүл – көпжылдық өсімдік. Қазақстанда кездесетін жалғыз түрі – бұйра лалагүл. Ол Жетісу жерінде кездеседі. Ол орманды, таулы, шалғынды жерлерде өседі. Биіктігі –60-100 см, сабағы түкті. Жапырағының ұзындығы – 8-10 см. Гүлдері ірі болады. Ашық қызыл, қызыл сары түсті қара дақтары бар. Одан дәрі жасайды. Лалагүл «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Итмұрын

Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам денсаулығына өте шипалы. Итмұрыннан түрлі дәрумен алады. Ол иммунитетті

көтеруге, тұмауды емдеуге пайдалы. Бұтағы тікенекті. Биіктігі шамамен 2 метрдей. Ол Қазақстаннның барлық таулы аймағында

өседі. Итмұрынның ақ, қызғылт, сары түсті гүлі бар.

Кеш қызғалдақ

Кеш қызғалдақ – көпжылдық өсімдік. Оны Қазақстанның Іле Алатауынан кездестіруге болады. Далалы жерде өседі. Биіктігі – 5-15 см. Жуашығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 3 см-дей, сырты қара қоңыр. Жапырақтары жіңішке және ұзын.

Гүлі ақ, өте сирек сары түсті болады. Кеш қызғалдақ – өте

сирек кездесетін түр. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.


Кестені постерге сызып ал. Оқыған мәтін туралы мәліметті кестеге сүйініп жаз.

Гүл атауы

Биіктігі

Гүлдің түсі

ұшырасуы

Таралған аймағы

Пайдасы








3 топқа бөлініп, бір гүлді таңдайды. А4-ке суретті жапсырып, кестеге сүйініп гүлдің презентациясын жасайды. Сынып алдында қорғайды

Дескриптор:

-Гүлдің презентациясын жасайды- 3 балл

-кестеге сүйеніп постер жасайды – 3 балл

-Сынып алдында жұмысын қорғайды – 2 балл

- каллиграфиялық нормаларды сақтайды – 2 балл

Оқулық


А4, желім, суреттер

Топпен бірге постер жасайды (Қиындық туған кезде көмек көрсету)


Сабақтың соңы

Үйге: 133 бет 4-тапсырма.



Рефлексия «Табыс сатысы: қорытынды».

«Мен ........................................білемін», «Мен....................................түсінемін»,

«Мен ..........................жасай аламын».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
137
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі