Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Қызыл телпек
Материал туралы қысқаша түсінік
Қызыл телпекті қасқырдан құтқарамыз, жаңа жыл тойлауға шақырамыз
Авторы:
24 Қаңтар 2024
134
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Кіші жас тобы
Ертеңгіліктер: «Қызыл телпекті Қасқырдан құтқарамыз».
ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Қызыл телпекті Қасқырдан құтқарамыз».
ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ МАҚСАТЫ: балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлау; ән айту,
би билеу дағдыларын дамыту; достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР
Жаңа жылдық шырша, интербелсенді тақта, музыкалық аппаратура, себет,
ойыншықтар салынған қап, Аяз атаға арналған тақ, сиқырлы таяқ, қағаздан
ұлпа қар кескіндері, орындықтар.
2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Қағаздан ұлпа қар кескіндері.
ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ БАРЫСЫ
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Жүргізуші:
Армысыздар, балалар,
Бармысыздар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
Бірінші бала:
Қызық-думан күн келді,
Жасыл шырша түрленді.
Аяз сүйіп, терледі,
Үйге кірді төрледі.
Екінші бала:
Сылдырайды моншағы,
Шыршамыздың мол шамы.
1
Бізбен бірге жайдары
Жарқырады, жайнады.
Жүргізуші:
Арайланды шыршамыз,
Айналамыз барамыз!
- Олай болса, балалар, барлығымыз әдемі шыршамызды айналып, әдемі ән
айтайық.
Балалар шыршаны айналып жүріп, барлығы қосылып ән айтады.
Ән. (музыкалық жетекшінің қалауы бойынша)
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Залға әуенмен Қызыл телпек келеді де, шыршаны айналып жүреді.
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
Жүргізуші:
- Eртеде бір кішкентай, сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді
екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бір күні әжесі немересінің туған күніне
қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін
болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек» деп атап
кетіпті.
Интербелсенді тақтадан қысқы орман бейнежазбасы көрсетіледі.

Қызыл телпек:
- Орманның суығынай! Тоңып қалдым ғой. Құлағым да, мұрным да тоңып қалды.
Орман тұрғындары осындай суықта тоңбай ма екен? Ой, мені әжем күтіп қалған
секілді. Тезірек барайын.
2

Осы кезде Қызыл телпектің алдынан Қасқыр шығады.
Қасқыр:
- О, сен қайда барасың? Себеттің ішінде не бар?
Қызыл телпек:
- Әжеме бара жатырмын.
Жүргізуші:
- Балалар, себеттің ішінде не бар деп ойлайсыңдар? Бәліш.
Қызыл телпек:
- Жо-жоқ! Бұл себеттің ішінде ойыншықтар бар, тәттілер бар. Біз Жаңа жылдық
мерекені тойлайық деп жатырмыз. Ойыншықтармен шыршаны безендіреміз.
Қасқыр:
- Жарайды, Қызыл телпек, сені жолыңнан бөгемейін. Бара ғой.
Қызыл телпек Қасқырмен қоштасып, залдан шығып кетеді.
Қасқыр:
- Қызыл телпек әжесіне жеткенше, мен ол үйге бірінші жетіп алайын. Бірінші әжесін жеп қоямын, екінші - Қызыл телпектің өзін жеймін! Міне, Жаңа жылды
солай қарсы аламыз!
Жүргізуші:
- Осы уақытта ағаштарда секіріп жүрген тиіндер, Қызыл телпек пен Қасқырдың
әңгімесін естіп қояды. Қызыл телпекке көмектесу үшін олар Қасқырдың
жолын бөгемекші болады. Қалай ойлайсыңдар, балалар, Қасқырдың жолын
қалай бөгеуге болады?
Балалардың жауаптары.
Жүргізуші:
- Тиіндер билеп, қардың үстіне әртүрлі із салмақшы екен. Қасқыр ізден шатасып,
Қызыл телпектің әжесінің үйіне жете алмай қалады.
«Тиіндер» биі.
Жүргізуші:
- Міне, Қасқыр келе жатыр.
Қасқыр:
- Ой, ой! Бұл не қылған іздер? Бір, екі, үш ... Не деген көп! Қоянның ізі ме? Тиіннің
ізі ме?
Жүргізуші:
3
- Ойланып тұрып, Қасқыр былай дейді: «Уақытымды босқа кетіріп тұрмын. Қызыл
телпектің әжесіне тезірек жетіп алуым керек.»
Жүргізуші:
- Қасқыр іздерге қарап, уақытын созып тұрғанда Қызыл телпек әжесіне бірінші
болып жетіп алды.
Қасқыр:
- Мен бәрібір ол үйге барып, Қызыл телпек пен әжесін жеп қоямын, Жаңа жылды
солай қарсы аламын!
Қасқыр залдан шығып кетеді.
Жүргізуші:
Ақ сақалды, ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата.
- Балалар, мен кім туралы айтып тұрмын? Дұрыс айтасыңдар! Аяз ата туралы
айтып тұрмын. Мерекеге Аяз ата жалғыз өзі келе ме? Жоқ. Ол Ақшақармен бірге
келеді. Олай болса, балалар, Аяз ата мен Ақшақарды бүгінгі мерекемізге
шақырайық.
- Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!
Салтанатты әуен қосылады.

Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата:
- Сәлеметсіңдер ме, ұлдарым! Сәлеметсіңдер ме, қыздарым! Сендерді көруге
асық болдым! Сендерді сағынып қалдым!
Ақшақар:
- Ата, мен де біздің ақылды балаларды сағынып қалыппын! Сәлеметсіңдер ме,
балалар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші:
- Балалар, Аяз ата мен Ақшақарды сағындыңдар ма? Аяз ата, біздің шыршаның
шамдары әлі жанбады. Біз сізді күттік.
Аяз ата:
- Олай болса, балалар, шырша шамдарын бірге жағайық.
Барлығы бірге айтады:
4
Қуант, бізді таңырқат!
Шырша, шамдарыңды жарқырат!
Ақшақар:
- Шырша шамдары жанбады ғой. Балалар, сендердің дауыстарың естілмей
жатқан секілді. Тағы бір рет қайталап айтайық.
Қуант, бізді таңырқат!
Шырша, шамдарыңды жарқырат!
Жүргізуші:
- Қап! Жанбады. Мүмкін, балалар, бүгінгі мерекемізге келген қонақтардың
дауыстары естілмей жатқан шығар. Қане, балалар, бәріміз бірге айтайық!

Шырша шамдары жанады.
Ақшақар:
- Алақай! Шыршаның шамдары жарқырап тұр! Енді, балалар, осы жап-жасыл, әпәдемі шыршамызды айналып, бәріміз ән айтайық.
Балалар кейіпкерлермен бірге шыршаны айналып ән айтады.

- Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ойынды қалай ойнайсындар?
Аяз ата балаларға ойын ойнауды ұсынады.
«Тез отырамыз» ойыны.
Ойыншылар санына сәйкес кішкентай орындықтар қойылады. Музыкалық
жетекші әуенді қосқанда ойыншылар орындықтарды айналып жүреді. Ән
тоқтағанда әр ойыншы бір орындыққа отыруы керек болады. Ойынның әр
кезеңінде жүргізуші бір орындықтан алып отырады. Әр айналымда орындықсыз
қалған ойыншылар ойыннан шығып отырады.
5

- Уф, ойын ойнап шаршап қалған секілдімін.
Жүргізуші:
- Олай болса, Аяз ата, сіз отыра тұрыңыз. Біздің балалар бүгінгі Жаңа жылдық
мерекеге арнап жаттаған тақпақтарын айтып береді.
Балалардың тақпақтары.
Аяз ата:
- Бұл топтың балалары өте ақылды екеніне тағы көзім жетті. Жарайсыңдар!
Ақшақар:
- Иә, біздің балалар тақпақты жақсы айтады екен. Ал енді менің билегім келіп
тұрғаны.
Жүргізуші:
- Ақшақар, біздің қыздар саған арнап би дайындады.
Ақшақар:
- Тамаша! Қандай керемет!
Жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, біздің кішкентай қыздарымыздың «Ұлпа қар» биін қарсы
алыңыздар!
«Ұлпа қар» биі.
Ақшақар:
- Бұл топтың қыздары әдемі билейді екен. Қыздар, сендерге көп рақмет! Маған
билерің ұнады. Көңілім одан сайын көтеріліп қалды.
Аяз ата:
- Жарайсыңдар, балалар! Ал енді, мен сендерге арнап әкелген сыйлықтарымды
таратайын!
Осы кезде Аяз ата қаптың ішінен жаңа жылдық ойыншықтарды шашып алады.
Аяз ата:
- Ойбу! Қаптың аузын кім ашып қойған? Ішіндегі ойыншықтар шашылып қалды
ғой.
Жүргізуші:
- Балалар, Аяз атаға ойыншықтарды жинауға көмектесейік. Тездетейік, балалар!
«Аяз атаға көмектесеміз» ойыны.
6
Балалар жерге шашылып қалған ойыншықтарды Аяз атаның қабына жинап
берулері керек.

- Көп рақмет сендерге, балаларым!
Жүргізуші:
- Аяз ата, біздің балалар сіздерге тағы бір ән дайындады.

- Жарайсыңдар! Енді, балалар, сыйлықтардың кезегі де келді.
Ақшақар Аяз атаға балалардың сыйлықтары салынған қапты ұсынады. Аяз ата
әр балаға сыйлықтарын таратып береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізуші:
- Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты жиынымыз аяқталды!
Жарайсыңдар, балалар! Баршаңызды келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен
құттықтаймыз!
7

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)