Ұйымдастыру,
ізденістер
|
Тәрбиеші:
Балалар бір жылда неше мезгіл бар?)
Тәрбиеші:
Қазір қандай мезгіл?
Тәрбиеші:
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Тәрбиеші:
Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер
болады?
Тәрбиеші:
Дұрыс балалар
Тәрбиеші:
Балалар, сендер қандай ертегі
білесіңдер?
Тәрбиеші:
Балалар, сендер ертегі тыңдағанды
жақсы көресіңдер ме?
-Ендеше
мен бүгін сендерге француз жазушысы
Шарль Перроның «Қызыл Телпек»
ертегісімен таныстырамын.
Ертеде
кішкентай бір сүйкімді қыз өмір
сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді
екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі
еді. Бірде әжесі немересінің туған
күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз
әжесінің сыйлығын басынан тастамай
киіп жүретін болыпты. Содан бері
көршілері кішкентай қызды «Қызыл
телпек» деп атап кетіпті. Бір күні
анасы бәліш пісіріп, қызына:
–
Қызым, мына бәліш пен бір құты майды
әжеңе апарып, халжағдайын біліп қайтшы,
– дейді.
Қызыл
телпек:
– Жарайды, анашым, апарып
берейін, – деп бәліш пен май салынған
себетті алады. Анасының сөзін екі
етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады.
Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін
орман арқылы өту керек еді. Қызыл
телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты
қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол
өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді.
Бір кезде орманның ішімен келе жатқан
қыздың алдынан бір қасқыр шыға келеді.
– Қызыл телпек, сен қайда барасың? –
деп сұрайды қызды жегісі келген
қасқыр.
–
Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның
пісірген бәлішін және бір құты май
алып бара жатырмын, – дейді қыз.
Қызыл
телпек қасқырдың жаман пиғылынан
бейха бар еді. – Ал әжең қайда
тұрады? – деп сұрайды қасқыр.
–
Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы
ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің
жанында, диірменнің жанындағы бірінші
үйде тұрады, – деп Қызыл телпек қасқырға
әжесінің тұратын жерін дәл айтып
береді. Бұл кезде жақын маңда отыншылар
ағаш кесіп жатқан болатын. Қасқыр сол
отыншылардың даусын естіп, қызға
тиіспейді. Қызыл телпектің әжесінің
тұратын жерін біліп алған ол алдымен
әжесін жемек болады.
–
Жарайды, мен де сенімен бірге сол
ауылға барып, әжеңнің жағдайын сұрап
қайтайын. Кел, екеуіміз жарысайық,
әжеңе қайсымыз бірінші жетер екенбіз?
Сен мына жолмен бар, мен ана жолмен
жүрейін, – деп қасқыр өзіне ауылға
апарар төте жолды таңдап алады.
Қасқырдың
ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін
жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай
гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына
қарамай, тура ауылға қарай бет алады.
Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай
ерте жеткен ол есікті қағады. –
Тоқ-тоқ-тоқ!
– Бұл кім? – деп сұрайды
әжесі.
Қасқыр
дауысын жіңішкертіп:
– Әже, бұл мен
ғой, немере қызың – Қызыл телпек, мен
сізге қонаққа келдім, анамның пісірген
бәліші мен бір құты майын ала келдім,
– дейді.
Бұл кезде ауырып, төсек
тартып жатқан әжей шынымен немересі
келген екен деп ойлап: – Айналайын
қызым, тұтқаның жанындағы жіпті
тартсаң, есік ашылады, – дейді дауыстап.
Қасқыр жіпті тартып қалады, сол кезде
есік ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр
баса көктеп кіріп келеді. Ашқарақтанып
бірден әжейді бас салады да бүтіндей
жұта салады.
Содан
соң есікті жауып, басына әжейдің
қалпағын киіп, көзіне көзілдірігін
тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін
күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек
қағады. – Тоқ-тоқ-тоқ!
– Бұл кім? –
дейді жуан дауыспен, тойып алған
қасқыр.
Қыз
гүрілдеген дауысты естіп, қорқып
кетеді. Артынша «Әжеме суық тиіп,
дауысы содан өзгерген болар» деп
ойлайды.
– Бұл мен, сіздің немереңіз
– Қызыл телпекпін! Мені сізге анам
жіберді. Бәліш пен бір құты май алып
келдім. Қасқыр дауысын өзгерте
қойып, жіңішке дауыспен:
– Тұтқаның
жанындағы жіпті тарта ғой, қызым, сонда
есік ашылады, – дейді. Қыз жіпті
тартады, есік ашылып, үйге кіреді. Көр
пемен бүркеніп жатқан қасқыр оған:
–
Қызым, себетті үстелдің үстіне қойып,
өзің менің қасыма кел, – дейді.
Қызыл телпек бәліш пен май құйылған
құты салынған себетті үстелдің үстіне
қойып, қасқырдың жанына жақындайды.Қасқыр
енді:
– Жолдан шаршаған боларсың,
қасыма кеп жата ғой, – дейді. Әжем деп
ойлаған Қызыл телпек қасқырдың жанына
жатады да:
– Әже, әже, сіздің қолыңыз
неге үлкен? – деп сұрайды.
– Сені
қатты құшағыма басу үшін, қызым.
–
Әже, әже, құлағыңыз неге сондай үлкен?
–
Сені жақсы есту үшін, қызым.
–
Әже, әже, көзіңіз неге үлкен?
– Сені
жақсы көру үшін, қызым. – Әже, әже,
тісіңіз неге сондай үлкен?
– Сені
тезірек жеу үшін, қызым-ау! – деп Қызыл
телпекті бас салып, аяғындағы кебісі,
қызыл телпегімен бірге жұта салады.
Байғұс қыз айғайлапта үлгермейді.
Бірақ, бақытына қарай, дәл осы сәтте
үйдің қасынан бір орманшылар өтіп
бара жатқан еді. Орманшылар қасқырдың
дауысын естіп, үйдің терезесінен
қарайды. Үй ішінде, төсекте орнынан
қозғала алмай жатқан қасқырды көреді.
Оның қампиған қарнына қарап, не болғанын
бірден түсіне қояды. Орманшылар
жыртқышты ұстап алып, қарнын жарып
жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл
телпек пен әжесі дін аман шыға келеді.
Орманшылар қасқырдың қарнын қайта
тігіп, бос қоя береді.
Қызыл
Телпек пен әжесі орманшыларға
алғыстарын білдіреді. Әжесі шай қойып,
немересі әкелген бәліштерді себеттен
шығарып, дастарқан жаяды. Сөйтіп үшеуі
жақсылап тұрып шай ішеді. Әңгімедүкен
құрады. Қасқырдың сыбағасын қалай
бергендерін айтып мәз болады.
-Балалар
сендерге ертегі ұнады ма?
-Неге
қызды «Қызыл Телпек»деп атап кетіпті?
-Әжесі
қайда тұрады екен?
-Анасы
оны қайда жұмсады?
-Оған
жолда не кездесті?
-Қызыл
Телпек пен әжесін кімдер құтқарды?
-Осы
ертегіден қандай ой түйдіңдер?
-Ендеше
осы ертегіні сахналап көрейік.
«Ертегілер»әнін
орындау
Қатысушы
кейіпкерлер:
1.
Қызыл телпек
2.
Анасы
3.
Әжесі
4.
Қасқыр
5.
Қоян
6.
Гүлдер,көбелекте,аю,арыстан,жолбарыс
7Орманшылар
8
Жүргізуші (тәрбиеші)
Қолданылатын
декорациялар: Үйдің ішкі бейнесі,
орман ағаштары, томар.
Жүргізуші:
Ерте
,ерте,ертеде өте бір алыс
ауылда кішкентай бір сүйкімді қыз
өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы
көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті
немересі еді.
І
көрініс.
(Үйдің
ішкі бейнесі. Туған күн дастарханы.)
Көңілді
әуенмен анасы кішкентай қызды жетектей
ортаға шығады.
Қыз
жайнап тұрған дастарханды көргенде
көзі жайнап қуанып кетеді.
Анасы:
-
Қызым, сүйкімді қызым менің, бүгін
сенің туған күнің!
Қызы:
-
Рахмет, анашым.- деп анасын құшақтай
алады.
Анасы:
-
Қызым, сенің туған күніңе әжеңді,
достарыңды шақырып қойдым.
Қызы:
-
Алақай, Әжемде келе ме,- деп жүгіре
басып есік жаққа қарайды.
-
Әжем, неге кешігіп жатыр екен.
Анасы:
-
Қазір келіп те қалар. Әжең алыста
орманның ар жағында тұрады ғой.
Осы
мезетте есік соғылады. Кішкентай қыз
қуана:
-
Алақай, әжем келді, әжем келді,- деп
тұра жүгіреді. Сахна сыртынан әжесін
ерте шығады.
-
Әже, қош келдіңіз!
Анасы:
-
Төрлетіңіз, әже, - деп қолындағы себетін
алып, орындық ұсынады.
Әжесі
орындыққа отырып, тізесіне басын қойып
еркелей отырған немересін басынан
сипай:
-
Сүйкімді, ақылды немерем менің. Мен
сенің туған күніңе сыйлық ала келдім
жанындағы себеттен қызыл телпекті
алады. Мінекей, ала ғой, - деп қызыл
телпекті немересіне ұсынады. Немересі
қуана орынан тұрып, айнаның алдына
келеді де, телпекті басына киеді:
-
Ой, қандай әдемі телпек.
Анасы:
-
Өзіңе құйып қойғандай екен. Қатты
жарасып қалды. Енді сені «қызыл телпек»
деп атайтын болдық, күнім.
Немересі
әжесін құшақтай:
-
Рахмет, әжетай! Сыйлығың маған қатты
ұнады.
Осы
кезде сырт есік қағылады да, ішке бір
топ достары қолдарында гүлдерімен,
шар, ойыншықтарымен кіріп
келеді.
Бәрі:
-Туған
күніңмен! деп шуласа қызды құшақтай
алады.
Ширма
жабылады.
ІІ
көрініс.
(Алаңда
бір топ қыздар ойын ойнап жүреді. Бірі
секіргішпен ойнаса, бірі жерге сурет
салып, бірі бір - бірін қуалай ойнап
жүреді.)
Қыздар:
-
Қызыл телпек, Қызыл телпек, кел
ойнайық!
Сахнаға
қызыл телпек шығып бәрі ойын ойнап
жатады. Бір мезгілде анасы қызына:
–
Қызым, бері келші - деп қызын шақырады,
мына бәліш пен бір құты майды әжеңе
апарып, хал жағдайын біліп қайтшы, –
дейді.
Қызыл
телпек:
–
Жарайды, анашым, апарып берейін, – деп
бәліш пен май салынған себетті алады.
-
Қыздар, мен әжеме кетіп барамын, сау
болыңдар!
Анасының
сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне
аттанады.
Ширма
жабылады.
III-көрініс
(Орман
алаңқайы бейнеленген)
Қызыл
Телпек табиғат кереметін қызықтайды.
Гүлдер(қыздар
гүлдердің костюмын киген )ортаға
шығады:
Гүлдер,гүлдер
көп гүлміз,
Қызыл
,жасыл,көк гүлміз.
Жайнар
кезім келді деп,
Қанатымыз
желбіреп,
Таңмен
бірге оянып,
Көрік
беріп далаға
Құлпырамыз
жайқала
Көбелектер
:( қыздар көбелектің костюмын киген
)ортаға шығады:
Көбелекпіз
әдемі,
Құлпырамыз
гүлдейміз.
Көріп
жаздың қызығын,
Гүлден-гүлге
самғаймыз.
Гүлдің
ерке қызымыз,
Гүлден
өзіміз аумаймыз.
Шаршағанда
ырғалып,
Гүлге
қонып демалып,
Қанатты
бір қағып ап
Жайқаламыз
жайнаймыз.
Гүлдер
мен көбелектер «көгалдан»орын алады
Қызыл
телпектің алдынан
Жүргізуші:
балалар , орманда тағы нелер кездесуі
мүмкін?
Қоян:
Қайшы
құлақ қоянмын,
Көкшіл
түске боялдым.
Сытыр
еткен бұтақтан,
Елең
етіп ояндым
Аю:
Балпаң,балпаң
басамын
Алты
қырдан асамын
Аю
деген ағаңмын
Аңшы
көрсе қашатын
Арыстан:
Мен
мықты арыстан
Аңдардың
патшасы
Жауымның
алысқан,
Күл
болған қаңқасы.
Жолбарыс
:
Жолбарыспын,жыртқышпын,
Бәріненде
мықтымын.
Ормандағы
аңдарды
Жайратып
салар мықтымын
Аңдар
орманды аралап кетеді.
Жүргізуші:
осы уақытта Қызыл Телпектің алдынан
қасқыр шығады
Қысқыр:
Қасқырмын
орман жортатын
Аяздан
бірақ қорқатын.
Аспанға
қарап ұлитын,
Ылғи
жолды торитын.
Қасқыр:
– Қызыл
телпек, сен қайда барасың?
Қызыл
Телпек:
– Мен әжемнің үйіне барамын,
оған анамның пісірген бәлішін және
бір құты май алып бара жатырмын.
Қасқыр:
– Ал
әжең қайда тұрады?
Қызыл
Телпек:
.
–
Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы
ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің
жанында тұрады
Жүргізуші:
Ол
кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп
жатқан болатын. Қасқыр сол отыншылардың
даусын естіп, қызға тиіспейді. Қызыл
телпектің әжесінің тұратын жерін
біліп алған ол алдымен әжесін жемек
болады.
Қасқыр:
–
Жарайды, мен де сенімен бірге сол
ауылға барып, әжеңнің жағдайын сұрап
қайтайын. Кел, екеуіміз жарысайық,
әжеңе қайсымыз бірінші жетер екенбіз?
Сен мына жолмен бар, мен ана жолмен
жүрейін
Жүргізуші:
-
Қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды
таңдап алады.
Қасқырдың
ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін
жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай
гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына
қарамай, тура ауылға қарай бет алады.
Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай
ерте жеткен ол есікті қағады. –
Тоқ-тоқ-тоқ!
Әжесі:
–
Бұл кім?
Қасқыр:
– Әже, бұл мен
ғой, немере қызың – Қызыл Телпек, мен
сізге қонаққа келдім, анамның пісірген
бәлішін әкелдім.
Жүргізуші:
-Бұл
кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей
шынымен немересі келген екен деп ойлап
Әжесі:
Айналайын
қызым, тұтқаның жанындағы жіпті
тартсаң, есік ашылады
Жүргізуші:
Қасқыр
жіпті тартып қалады, сол кезде есік
ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр баса
көктеп кіріп келеді. Ашқарақтанып
бірден әжейді бас салады да бүтіндей
жұта салады.
Содан
соң есікті жауып, басына әжейдің
қалпағын киіп, көзіне көзілдірігін
тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін
күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек
қағады. – Тоқ-тоқ-тоқ!
Әжесі:
–
Бұл кім?
Жүргізуші:
Қыз
гүрілдеген дауысты естіп, қорқып
кетеді. Артынша «Әжеме суық тиіп,
дауысы содан өзгерген болар» деп
ойлайды.
Қызыл
Телпек:
– Бұл мен, сіздің немереңіз
– Қызыл телпекпін! Мені сізге анам
жіберді. Бәліш алып келдім.
Қасқыр
–
Тұтқаның
жанындағы жіпті тарта ғой, қызым, сонда
есік ашылады.
Жүргізуші:
Қыз
жіпті тартады, есік ашылып, үйге кіреді.
Көр пемен бүркеніп жатқан қасқыр оған:
Қасқыр:
–
Қызым, себетті үстелдің үстіне қойып,
өзің менің қасыма кел.
Жүргізуші:
Қызыл
Телпек бәліш салынған себетті үстелдің
үстіне қойып, қасқырдың жанына
жақындайды.
Қасқыр:
–
Жолдан шаршаған боларсың, қасыма кеп
жата ғой
Жүргізуші:
.
Әжем деп ойлаған Қызыл телпек қасқырдың
жанына жатады да:
Қызыл
телпек:
– Әже, әже, сіздің қолыңыз
неге үлкен?
Қасқыр:
– Сені
қатты құшағыма басу үшін, қызым.
Қызыл
Телпек:
–
Әже, әже, құлағыңыз неге сондай үлкен?
Қасқыр:
–
Сені жақсы есту үшін, қызым.
Қызыл
Телпек:
–
Әже, әже, көзіңіз неге үлкен?
Қасқыр:
–
Сені жақсы көру үшін, қызым.
Қызыл
Телпек:
– Әже,
әже, тісіңіз неге сондай үлкен?
Қасқыр:
–
Сені тезірек жеу үшін.
Жүргізуші.
Қызыл
телпекті бас салып, аяғындағы кебісі,
қызыл телпегімен бірге жұта салады.
Байғұс қыз айғайлапта үлгермейді.
Бірақ, бақытына қарай, дәл осы сәтте
үйдің қасынан бір отыншы өтіп бара
жатқан еді. Орманшылар қасқырдың
дауысын естіп, үйдің терезесінен
қарайды. Үй ішінде, төсекте орнынан
қозғала алмай жатқан қасқырды көреді.
Оның қампиған қарнына қарап, не болғанын
бірден түсіне қояды.
Орманшылар:Ой
,мына қасқырдың іші неге сонша қампиып
кеткен?Әкеліңдер араны
Жүргізуші:
жыртқышты
ұстап алып, қарнын жарып жібереді.
Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен
әжесі дін аман шыға келеді. Орманшылар
қасқырдың қарнын қайта тігіп, бос қоя
береді.
Қызыл телпек пен әжесі
отыншыға алғыстарын білдіреді. Әжесі
шай қойып, немересі әкелген бәліштерді
себеттен шығарып, дастарқан жаяды.
Сөйтіп үшеуі жақсылап тұрып шай ішеді
|
-4
- мезгіл(көктем, жаз күз, қыс)?
-Қыс
мезгілі
-3 - ай бар (желтоқсан, қантар, ақпан)
- Күн салқын аяз болады, бас киім,
қолғап, аяғымызға етік киеміз.?
-
Қызыл телпек, маша мен аю, мақта қызбен
мысық.
-
Иә.
Балалар
ертегіні мұқият тыңдайды
|