Қызыл телпек ертегісі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызыл телпек ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегі кейпкерлері туралы білім беру, сөйлеу қаблеттерін дамыту, байланыстыра сөйлеуге,есте сақтау қаблеттерін дамыту. Адамгершілік, сыпайлыққа, достыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы






Picture 6

«Қызыл телпек»

(Орыс халық ертегісі)



















Тақырыбы:«Қызыл телпек».

Мақсаты:Балаларға ертегі кейпкерлері туралы білім беру, сөйлеу қаблеттерін дамыту, байланыстыра сөйлеуге,есте сақтау қаблеттерін дамыту. Адамгершілік, сыпайлыққа, достыққа тәрбиелеу.

Ертегі барысы: Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Ол өте мейірімді, тіл алғыш және еңбекқор болыпты. Анасы осындай көмекшісі болғанына өте қуанады екен. Бәрі де қызды жақсы көреді екен, алайда әжесі оны бәрінен де артық жақсы көреді екен. Бірде әжесі қызға туған күніне қызыл телпек тігіп беріпті. Қызыл телпектің қызға жарасқаны сонша, қыз күнде тастамай киіп жүріпті. Содан кейін қызды барлығы «Қызыл телпек» деп атап кетеді.

Бір күні анасы тәтті бәліш пісіреді де, қызына:

-Қызыл телпек, мен себетке тәтті бәліш пен сүт құйып берейін. Сен оларды әжеңе апарып берші-дейді. Қызыл телпек қатты қуанады.

Анасы:-Қызым, жолда бейтаныс адамдармен сөйлеспе, жолдан ауытқыма-деп ескертеді.

Жол бойымен келе жатқан Қызыл телпек кенет айналасына қарап, ойланады:

«Мұнда өсіп тұрған гүлдер қандай әдемі, иістері де аңқып тұр. Әжеме бәлішпен бірге гүл шоғында ала барсам ол қуанып қалады.»-деп орман ішіне кіріп гүл тере бастайды. Бір кезде алаңсыз гүл теріп келе жатқан Қызыл телпектің алдынан аш қасқыр шыға келеді.

-Сәлеметсің бе, Қызыл телпек! Сен қайда барасың?-дейді қасқыр.

-Әжеме.

-Ал, себетіңде не бар?

-Сүт пен тәтті бәліш, біз оны анам екуміз әзірледік. Әжеме алып бара жатырмын. Әжем қуанып қалатын шығыр, ол қазір ауырып жатыр.

-Ал сенің әжең қайда тұрады?

-Орманнан алыста емес, үш үлкен еменнің артындағы үйде тұрады.

-Жолың болсын, Қызыл телпек!-деп қасқыр қысқа жол арқылы Қызыл телпектің әжесіне үйне қарай жүгіре жөнеледі.Әжесінің есігін келіп қағады.

-Бұл кім?-деп сұрайды әжесі.

-Бұл мен Қызыл телпекпін. Саған сүт пен бәліш әкелдім-дейді даусын жіңішкертіп.

-Тұтқаны қаттырақ тарт, мен өте әлсізбін, орнымнан тұралмаймын.Қасқыр тұтқаны қатты басып есікті ашып үйге кіреді де әжесін жеп қояды. Өзі әжесінің көйлегін киіп алады да, төсегіне жатып алып, Қызыл телпекті күтеді.Әжесінің үйіне келген Қызыл телпек есікті ашық тұрғанын көріп ішке кіреді

-Қайрлы таң!-деп дауыстай, алайда ешкім үндемейді. Содан кейін әжесінің төсегіне келіп көрпесін ашады да, әжесінің түрін көріп таң қалады:

-Әже, неге сенің құлақтарың үлкен?

-Сені жақсы есту үшін !

-Ой, әже неге сенің көздерің үлкен?

-Сені жақсы көру үшін !

-Ой әже, неге сенің қолдарың үлкен?

-Сені құшақтау үшін !

- Әже, ал сенің тістерің неге үлкен?



-Сені оңай жұту үшін!-деп қасқыр орнынан қарғып тұрып Қызыл телпекті жұтып қояды. Қарны тойған қасқыр қайтадан төсекке жатып, қорылдап ұйқтай бастайды. Осы кезде үйдің қасынан өтіп бара жатқан қайырымды аңшы дауысты естіп, ішке кіреді. Қасқырды атпақшы болады да, кейінен ойланып, мүмкін біреуді жұтып қойған шығар деп ішін жарса, қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі аман-есен шығады. Аңшы қасқырдың терісін сыпырып алады.Ал, әжесі Қызыл телпек әкелген сүтті ішіп,бәлішті жеп, күш жинап, сауыға бастайды.

Ал, Қызыл телпек болса әрқашан үлкендердің айтқанын тыңдау керектігін түсінеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі