"Қызыл телпек ертегісі" жаңа жылға сцнарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қызыл телпек ертегісі" жаңа жылға сцнарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл кешін ертегі желісі арқылы құрылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ботақан» ересек тобына арналған «Жаңа жылдық қызыл телпек ертегісі» атты ертеңгіліктің сценарийі

Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ертеңгілік барысында балаларды персонаждарға бөліп, өздері кейіпкерлендіруді ұсыну. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.


Ертеңгілік барысы: Зал іші әдемі безендірілген. Ортада әдемі шырша. Әсем әуенмен әдемі киінген балалар.

Кейіпкерлер:

Аяз ата

Ақшақар

Мыстан

Сайқызамақ

Қызыл телпек

(Балалар әуенмен залға кіреді)



Жүргізуші: Балалар залымыз қандай әдемі! Шыршамыз да жайқалып тұр! Бірақ неге шырша шамы жанбанбайды

Ән «Жаңа жыл»



Айғаным ортаға шығып айтады .Шыршамыз қандай тамаша!

Көз тартады қараса

Шырша шамын жағайық

Шапалақты соғайық!

Жүргізуші: щапалақтайық! Қане балалар шыршамызды жағайық!

Бір, екі, үш!

Қане шырша таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

Жүргізуші: Шырша шамы неге жанбайды? Қане балалар тағы да қайталайық!

Шырша дауысы: Қайталамай-ақ қойыңдар! Жанбаймын!

Жүргізуші: Ой бұл кімнің дауысы?

Шырша: Бұл менмін-шырша!

Жүргізуші: сен неге шамдарыңды жақпайсың, балаларды қуантқың келмей ме?

Шырша: Жыл сайын «Шырша жарқыра, шырша жарқыра!» деп мазалайсыңдар! Жарқырамаймын! Болды!

Жүргізуші: Ой қандай қырсық едің! Енді не істесек екен!

Шырша: Мен туралы тақпақтар айтып беріңдер!

Жүргізуші: әрине, біздің балалар жақсы тақпақтар айтып береді

Балалардың тақпақтары.

Заңғар



Жүргізуші: Ал тақпақ айттық, бірақ шырша жанбай жатыр.

Шырша: Сендер дұрыстап сұраңдар!

Жүргізуші: Балалар қане шыршадан дұрыстап, жануын сұрайықшы!

Барлығы: жанағы сөздерін қайталайды

Шырша шамы жанады. Балалар отырады

(Қызыл телпек себетін алып жүгіріп келеді)

Қызыл телпек: Әжем тосып жатыр мені

Бәлішімді салып алып

Асығып келем енді

Бәліш суып қалмасын

Күт әжетай, жолдамын.

(Қызыл телпек шыршаның артына кетеді, қасқыр шығады)

Қасқыр: Бәліш иісі сезіледі

Мұрынымды жарады

Қане күте тұрайын мен

Себеті бар баланы

Ку-ку!

Шыршаның артына тығылады

Қызыл телпек келеді: Мен орманда ешкімнен қорықпаймын, тіпті қасқыр да маған қорқынышты емес.

Қасқыр шыршаның артынан: Ку-ку!

Қызыл телпек: Көкек айтып жіберші, Жаңа жылға неше сағат қалды?

Қасқыр: Ку-ку Қызыл телпек! Жаңа жылға ені сағат қалды

Қызыл телпек: Ой Жаңа жылға екі сағат қана қалыпты, әжем тосып қалған болар, тездетейін

Қасқыр: Жарайды қорықпа менен. Менен қатігез емеспін, мен де мерекеге асығып барамын

(екеуі шығып кетеді)

Жүргізуші: Қане сұлулар ортаға келіңдер!

Би «қызыл телпек»

(шаңсорғыштың дыбысы) (Мыстан шаңсорғышта отырады, оны шут сүйреп келеді)

Мыстан: Мен орманда елден естіп қойдым. Барлық қонақтарды шақырып, Жаңа жыл мерекесін тойламақшы болып жатыр екенсіңдер ғой! (ренжіп)

Мені тіпті ұмытып та кетіпті. Кетіңдер, кетіңдер! (сыпырғысымен итереді)

Жүргізуші: Ренжімеші сен-Мыстан. Осы жердегі балалардың барлығы да сені көргеніне қуанышты.

Мыстан: Жарайды. Бірақ сендер қалайша мені, ханшайымды шақырмай тастап кеттіңдер? Сендерді қалай жазаласам екен? (ойланады)

Жүргізуші: Мыстан дем алыңыз, балалар әнмен сіздің көңіліңізді көтереді.

Ән «мэрри кристмас»

Тақпақтар

Ельназ Мариям

Жүргізуші: Мыстан, ой кешіріңіз патшайым! Біздің ата-аналармен бір жақсы ойын ойнасаңыз қайтер екен!

Ойын «қар жинау күрекпен»

Мыстан: Сендер мені көңілдендіріп, мейірімділікке үйреттіңдер! Сендер мереелеріңе мені емес басқа адамды күттіңдер, солай ма? Олай болса менің жұмбағымды шешіңдер!

Сақалы аппақ, мұрны қызыл

Шапаны аппақ, таяғы бар.

Балалар: Аяз ата!

Мыстан: Қанша қатты шақырсаңдар да ол тез келе алмайды. Борандатып, аққарлатып жеткенше біраз уақыт өтеді. Мен сендерге көмектесейін. Менің сиқырлы сыпырғышымды әкел!

Жүргізуші Біз енді саған биі билеп берейік

Би «жаңа жылдық сыйлықтар»



Мыстан: Фикус-микус! Фимус!

( қараңғыда Аяз ат мен Ақшақар шығады да, мыстан жоқ болып кетеді)



Аяз ата: Амансың ба ұлдарым!

Амансың ба қыздарым!

Қандай әсем жүздерің,

Қандай сұлу күлгенің!

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Келді міне асығып

Аяз ата алыстан. Ақшақар немерем мына балалар бізді көп күтті ғой!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Аяз ата сендерге асығып келді. Ол сендерге көп ойындар мен қуаныш әкелді.

Аяз ата: Өте жақсы! Балалар бүгін қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі!

Жүргізуші: иа балалар дұрыс айтасыңдар жаңа жыл мерекесі, Аяз ата білесінбе біздің баллар өте өнерлі сен алыс жолдан келдің отырып демал ал біз саған мерекелік көңіл күй сыйлаймыз

Аяз ата: әрине, әрине! Қолында ақ ұлпа қар болады шар

АА: балалар бұл не екенің білесіндерме

Б: әрине ақ ұлпа

Ж: дұрыс айтасындар ақ ұлпадан не жасауға болады

Б: аққала

Ж: дұрыс келіндер бірге аққала әнін шырқайық

Ән: «Жаңа жыл»

Аяз ата: Ал енді балалар мен сендердің тақпақтарыңды тыңдасам деймін. Ақшақар немерем бері кел, бірге тыңдайық!

Балалардың тақпақтары

Қайсар Зиннур



Аяз ата: Мені бір риза қып тастадыңдар ғой балалар! Рахмет сендерге!

Ж: қазір балалар саған және ақшақарға арнап би билеп береді қабыл алыңызда

Ойын « Ата аналармен»

Ақшақар: Аяз ата мен балалармен бір ойын ойнасам деймін.

Аяз ата: Ойнай ғой,ойнай ғой қызым!

Сыйлықтарды тарату

Аяз ата: Ал балалар біздерге берілген уақыт та аяқталды. Бізді сендер сияқты балалар күтуде.

Ақшақар: Сау болыңдар балалар! Жаңа жыл құтты болсын! (екеуі кетеді)

Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Ал балалар мерекені тобымызға барып жалғастырамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2025
30
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі