400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

"Қызыл телпек" ертегісін сахналау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Драма Тақырыбы: Қызыл телпек

Мақсаты:

1. Тәрбиелік:Қызығушылыққа, адамгершілік қасиеттерге, жауапкершілікке, өзара көмекке, ынтымақтастық қабілеттеріне тәрбиелеу және өз әрекеттері мен достарының іс-әрекетін талдау.

2. Дамытушылық: Балалардың театр туралы білімін дамыта отырып, оны дұрыс ұстай білу қабілетін бекіту.Психикалық процестерді: есте сақтау, зейін, ойлау, қиял дамыту. Сындарлы дағдылар мен қиялды дамыту.

3. Оқытушылық:Балаларға таныс шығарманы драматизациялауға, кейіпкерлердің сөздері мен әрекеттерін үйлестіруге үйрету. Балалардың сөздерді анық және нақты айтуға, интонациялық экспрессивтілікке үйрету.Бұрын алған білімдерін бекіту және жалпылау.Педагогикалық технологиялар: АҚТ, денсаулық сақтау технологиялары. Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта, сергіту сәті, дидактикалық ойын, Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, тосын сый, сахналау, көрсету, айтып беру, сұрақ – жауап, мадақтау, бағалау. Үш тілділік:қызыл текпек – красная шапочка, қасқыр – волк, аңшы – охотник, әже – бабушка, бәліш – пирог, ертегі ханшайымы – принцесса сказочница.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар қонақтармен амандасады. Осы кезде есік қағылады. Пошташы хат әкеп береді.

  • Балалар, қараңдаршы пошташы бізге мынандай хат әкеліп беріпті. Бірақ бұл хат кімнің жібергені белгісіз екен. Барлығымыз хатты ашып көреміз бе? Хатты ашып көрейік пе?

  • Иә, ашып көрейік. (Хатты ашады. Хаттың ішінде сурет бөліктері болады)

  • Балалар, мына хаттың ішінде сурет бөліктері бар екен. Сурет бөліктерін құрастырып, хатты бізге кім жібергенін білгілерің келе ме?

  • Әрине!(Балалар сурет бөліктерін құрастырады)

ІІ. Негізгі бөлім:

  • Сонымен суретте кімді көріп тұрсыңдар? Бұл кім екен?

  • Ертегі ханшайымы!

  • Жарайсыңдар!

  • Ертегі ханшайымы сендердің мына жұмбақтың шешімін тауып, қандай ертегі екенін тауып алғандарыңды қалайды. Сендер жұмбақты шешуге дайынсыңдар ма?

  • Иә, дайынбыз.

Әжесіне қонаққа

Барады алып бәлішін,

Артынан аңдып бір қасқыр,

Соңынан бір қалмайды.

  • Балалар, бұл ертегі сендерге таныс па? Қандай ертегі екен?

  • «Қызыл телпек» ертегісі.

  • Дұрыс айтасыңдар! Бұл «Қызыл телпек» ертегісі екен. Ал, бұл ертегіні кім жазды?

  • Ертегіні Шарль Перро жазыпты.

  • Ендеше мен сендерге «Қызыл телпек» ертегісін айтып берейін. Сендер мені мұқият тыңдардыр және шуламаңдар.

Шарль Перро

«Қызыл телпек»

Автор: Ертеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті.Анасы оны өте жақсы көреді екен.Әжесінің де ең сүйікті немересі еді.Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты.Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты.Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек»деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп,қызына:

Анасы:-Қызым, мына бәлішті әжеңе апарып,жағдайын біліп қайтшы,-дейді.

Қызыл телпек:-Жарайды,анашым,апарып берейін,- деп бәліш салынған себетті алады.

Автор:Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады.Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді.Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып,гүл теріп,асықпай жүрді.Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келді.

Қасқыр:- Қызыл телпек,сен қайда барасың?-деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.

Қызыл телпек:-Мен әжемнің үйіне барамын,оған анамның пісірген бәлішін алып бара жатырмын,- дейді қыз.

Қасқыр: - Ал әжең қайда тұрады?- деп сұрайды қасқыр.

Қызыл телпек:- Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда,ауыл шетіндегі дейірменнің жанында,диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады,-деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып берді.

Автор:Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын.Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп,қызға тиіспейд.Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады.

Қасқыр:-Жарайды, мен мына жолмен бар,мен ана жолменжүрейін,-деп қасқыр өзіне ауылға апарар жолды таңдап алады.

Автор:Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі.Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді.Ал қасқыр алды-артына қарамай,тура жолға қарай бет алады.Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.

Қасқыр:-Тоқ-тоқ-тоқ!

Әжесі: -Бұл кім ? – деп сұрайды .

Автор:Қасқыр дауысын жіңішкертіп.

Қасқыр:-Әже,бұл мен ғой, немере қызың «Қызыл телпек»,мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәлішін ала келдім,-дейді.

Автор:Бұл кезде ауырып,төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап:

Әже: Айналайын қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді дауыстап.

Автор:Қасқыр үйге кіріп әжесін жеп қояды да, өзі төсекке жатып алып Қызыл телпекті күтеді.

Бір кезде Қызыл телпек келеді де есікті қағады.

Қызыл телпек:-Тоқ-тоқ-тоқ!

Қасқыр:-Бұл кім ?-деп даусын жіңішкертіп

Қызыл телпек:-Әже,бұл мен ғой,немере қызың-Қызыл телпек,мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәлішін ала келдім,-дейді.

Автор:Әжесінің орнына жатып алған қасқыр жіңішке даусымен:

Қасқыр:-Айналайын қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді дауыстап.

Автор:Қызыл телпек ішке кіріп,әжесінің жанына керуетке келіп отырады.

Қызыл телпек:-Әже,әже неге сіздің көзіңіз бен құлағыңыз үлкен?

Қасқыр:-Мен сені жақсы көру және есту үшін!

Қызыл телпек:-Әже,әже неге сіздің тісіңіз үлкен?

-Бұл сені жеу үшін!- деп Қызыл телпекті жеп қояды.

Автор:Осы кезде үйдің жанынан отыншылар өтіп бара жатып айқай-шуды естіп,үйге кіріп төсекте қарны қампыйып жатқан қасқырды көріп не болғанын түсінеді де,қасқырдың ішін жарып Қызыл телпек пен әжесін құтқарады.

  • Енді, барлығымыз шаршаған шығармыз. Барлығымыз бойымызды жазып алайық.

Сергіту сәті:

Қызыл телпек орманда қалай жүрді? Ол айналып, билеп, гүл теріп жүрді. Қане, бәріміз қызыл телпектің іс – әрекетін жасайық.

Қасқыр қалай жүреді? Қасқыр сияқты ырылдап, топылдатып жүрейікші.


  • Ал, балалар, енді маған қазір Сезім мен Рамазан Қызыл телпек пен қасқырдың рөліне еніп, сахналап береді. Сендер қарап отырыңдар. (Балаларды киіндіріп, сахналату)

Музыка ойналып, балалар өз беттерінше «Қызыл телпек» пен қасқыр рөлін сомдайды.

  • Жарайсыңдар, балалар! Сендер Қызыл телпек пен қасқыр рөлін өте жақсы сомдап шықтыңдар.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Тәрбиелік мәні:

  • Балалар, қасқырдың істеген әрекеті дұрыс па?

  • Әрине дұрыс емес. Себебі, ол Қызыл телпекті алдады, ойлаған қулығын жүзеге асырды. Балалар өтірік айтып, біреуді алдауға болмайды. Үнемі достарымызға, жақын адамдарымызға көмек беріп жүруіміз керек. Сонымен қатар мейірімді, кеңпейілді болуымыз керек. Егер де біз осындай адам болсақ, онда біздің достарымыз көп болады.



  • Балалар, біз бүгін сендермен қандай ертегіні сахналадық?

  • Қандай кейіпкерлер бар екен?

  • Сендерге ертегі ұнады ма?

  • Қасқыр Қызыл телпекке не деп айтты?

  • Қызыл телпек не деп жауап берді?

  • Әжесі мен немересі Қызыл телпекті кім құтқарып алды?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
2380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі