Ашық сабақ балабақшаға

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ балабақшаға

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға Қызыл телпек ертегі сияқты ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы:«Қызыл телпек жаңа жылда!»



 (Музыка әуенімен Қызыл телпек залға кіреді).


Қызыл телпек: (тәрбиеші):


 - Армысыздар ата-аналар, қонақтар!
Көптен күткен Жаңа жыл мерекесіде келіп жетті.
-Мен - Қызыл телпекпін, апамды жаңа жылмен құттықтауға бара жатырмын. Міне бәлішіммен сары майым. Бірақ апамның үйі алыс, мен достарымды шақырайын, біз ән шырқап, би-билеп, ойын ойнап тез жетеміз.


 (Музыка әуенімен балалар кіреді.)


-Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтамын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Қызыл телпек Жүргізуші: -Жаңа жылдық мерекеге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар.


1.Тілеймін мен бар адамға,
Жаңа бақыт, жаңа жыл.
Әке, шеше, аға, апа,
Құтты болсын жаңа жыл.

2.Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын –жарқын ән салып,
Жалғасады жырғы жыр.

3.Жасыл шырша жанында
Айналып, ойнап ән салам.
Өзіміздің бақшада
Жаңа жылды қарсы алам.


Ән (Балалар отырады)

1.Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде.

2.Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.

3.Жаңа жыл, жаңа жыл,
Кел қалама, далама.
Нұрлы күнді жалғастыр,
Бір мінейік шанаға.

Жүргзуші:


Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл, балалар.
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шыққан.

Кел жаңа жыл жеріме
Ырыс, бақыт арқалап.
Ұлан –байтақ еліме
Таратайық арбалап.


(Музыка әуенімен Қасқыр кіреді)


Қасқыр: - Р-Р-Р. Мұнда не шу? О, Қызыл телпекте осында екен ғой. Сәлеметсің бе, Қызыл телпек.


Қызыл телпек Жүргізуші:-Сәлеметсіз бе.


Қасқыр:  -Қызыл телпек, сендер қайда бара жатырсыңдар.


Қызыл телпек Жүргізуші:Орманда тұратын апамды жаңа жылмен құттықтап, сыйлық апара жатырмыз.


Қасқыр: -О, мынау, мен іздеген Қызыл телпек қой.

 (балаларға қарап сыбырлап)


Қызыл телпек Жүргізуші:Қасқыр, кел бізбен бірге көңіл көтер.


Қасқыр: -Көңіл көтере алмаймын. Мен ашулымын, қарным аш. Сендерді жеп алмасам.


Қызыл телпек Жүргізуші:-Қасқыр, сен ашуыңды бас.

Қасқыр: Жарайды сендерді жемеймін. Оданда Аяз атаның алдынан шығайын, Аяз атаны жейін. Ол үлкен, тәп-тәтті, ішінде көп кәмпиттер бар.

(залдан шығып кетеді)


Қызыл телпек Жүргізуші:-Ой, Қасқыр, тоқта, тоқта. Балалар енді не істейміз?

 (Бір бала орнынан тұрып Ақшақарды көмекке шақырайық дейді).


Қызыл телпек: -Жарайсың, табылған ақыл.
(Музыкамен залға Қоян кіреді.)


Қоян: -Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендер кімді тосып отырсыңдар?


Қылыл телпек Жүргізуші:-Біз Ақшақарды күтіп отырмыз. Бізге Қасқыр келді.

 Аяз атаны жеймін деді. Аяз атасыз мереке болмайды ғой.


Қоян: -Ақшақар алыста, Менде оның номері бар. (қалтасынан телефон алады)


Қызыл телпек Жүргізуші: -Сәлеметсің бе, Ақшақар. Бізге сенің көмегің қажет. Тезірек жет. Біз сені асыға күтеміз.

Жүргізуші: - 
Акшақар келгеше
Көңілді көтеріп,
Ән айтып, билейік.


Би

(балалар отырады)


(музыка әуенімен ақшақар кіреді)


Ақшақар: -Сәлеметсіңдерме, балалар.
Армысыңдар, достарым,
Өздеріңді сағынып, көруге зармын.
Аппақ қыста албыраған жүздеріңнен
Сүйіп –сүйіп алуға бармын.
Қызыл телпек Жүргізуші: -Армысың, Ақшақар,
Қардан соққан ақшақар.
Аяз атаға қауіп төніп тұр. Сіз көмектесе аласыз ба?


Ақшақар:- Мен ойлап таптым.


(Музыка әуенімен Қасқыр кіреді)


Қасқыр: -Сенсің бе, Ақшақар? Сәлем, сәлем. Мен Аяз атаға бара жатырмын.


Ақшақар: -Ой, қасқыр, сен білесін бе Аяз ата Сағанда сыйлық дайыңдап қойыпты
Қасқыр: -Шын айтасыңдарма?
Ақшақар: -Балалар, ендеше бәріміз бірге ойын ойнайық. Қане, менің кішкентай достарым.

Ойын:


Жүргізуші: Балалар, бізідің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?


Балалар: Аязата!


Жүргізуші: Кәне, онда Аязатаны шақырайық

(Балалармен бірге 2рет Аязата)


(Музыкамен залға Аяз ата кіреді.)


Аяз ата: -Армысыздар, қонақтар,
Сәлеметсіңдер ме, бал
алар.


Аяз ата: - Ой Қасқыр, сен де мына жерде бар екенсін ғой! Саған да менін әкелген сыйлығым бар!


Ақшақар: Қасқыр, сен уәде бер, жаңа жылда ешкімді жемеймін деп. Балалармен дос бол.


Қасқыр: -Жарайды, жарайды.
Аяз ата: -Дұрыс айтасың. Онда мерекемізді жалғастырайық. О, шыршамның шамы жанбапты ғой.
Аяз ата: -Қане, балалар тұрайық,
Көңілді шеңбер құрайық,
Сиқырлы сөзді айтайық.(балалар бірге)
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат,
Бір, екі, үш
Шырша жан.


Ән: « » (балалар отырады)


Аяз ата: -Жарайсыңдар, балалар. Сендер тақпақ білесіңдер ме?


Ал, келіңдер, келіңдер,
Жаңа жылды тойлауға.
Өлең айтып беріңдер,
Жасыл шырша жанында.

Күнімізде шуақты,
Үнімізде қуатты.
Жылт-жылт етіп шыршамыз,
Мен мұндалап тұрады.


Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Мен мұндалап тұрады.


Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.




Аяз ата: -Сендерге қарап риза болып тұрмын.


Қызыл телпек: -Аяз ата, біздің балалар саған би билеп береді.


БИ
: « »


Ақшақар: -Аяз ата, қарашы, Қасқыр көңілсіз. Өйткені, оның қарны аш.


Аяз ата: -Қазір, көмекшілерім, көмектесіңдер.

(сыйлық алып кіреді.)
( сыйлық таратады)


Аяз ата: -Аяздардан қорықпаңдар,
Шаңғы, шана тебіңдер.
Денсаулықтарың мықты боп,
Қош, сау болып тұрыңдар.
(Аяз ата,Ақшақар,Қасқыр қоштасып шығып кетеді)
Қызыл телпек: -Бүгінгі күн тамаша,
Есте болар әрқашан.
Біз көңілді жаңа жылды,
Ұмытпаймыз ешқашан–дей отыра ертегімізді, ертеңгілігімізді аяқтаймыз.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.00.2025
48
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі