400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕККЕ КӨМЕК"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызыл телпек ертегісін еске алу. Қыс мезгілін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтілетін күні, айы, жылы: 10.12.20.ж

Апта күні : бейсенбі

Білім беру саласы:  Әлеуметтік орта, Таным,Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика негіздері, Қоршаған ортамен таныстыру, Дене тәрбиесі.
Тақырыбы: «Қызыл телпекке көмек»
Мақсаты :
Білімділік міндеті: «Қызыл телпек» ертегісін естеріне түсіру, қыс мезгілінің ерекшеліктерін бекіту , денсаулықты қалай сақтау керектігі жайлы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық міндеті:  ойын әрекеттері арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту ,сөздік қорларын байыту,
Тәрбиелік міндеті: Балаларды өз денсаулығына қамқорлықпен қарауға , ертегі кейіпкерлеріне деген жанашырлық сезімдерін ояту.

Керекті құралдар: интерактивті тақта, жемістердің суреттері, жапырақтар

Тілдің үштұғырлығы: сәлеметсіз бе – здравствуйте - hello , сау болыңыз- досвидание- good bye , жемістер- фрукты -fruits, апельсин- апельсин- orange , лимон – лимон - leman , алма- яблоко – an apple , жүзім- виноград - grape, банан-банан- banana

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар топқа кіреді

Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз!Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Қане, балалар, бір - бірімізге мейірім сыйлайықшы, ол үшін бір - бірімізге қарап күлеміз,. Балалар орындарымызға отырайық.

-Балалар бізге бүгін электронды хат келіпті. Оның кімнен келгенін білу үшін мына жұмбақты шешейік.

Ол өте сүйкімді қыз

Апасын ол өте жақсы көреді

Бір күні апасы оған қызыл бас киім әперді

Ол қандай қыз?

-Дұрыс балалар ол қызыл телпек

Қызыл телпектің хабарламасын тыңдайық

-Балалар менің апам ауырып қалып ,мен оған бәліш пысырып апара жатыр едім сұм қасқыр жолығып бәліш толы себетімді тартып алды. Маған оны қайтару үшін көптеген тапсырмалар берді, мен оны орындай алмай қиналып отырмын ,көмектесіңдерші балалар!

Балалар келген қонақтармен

Өлең жолдарын айтып 3 тілде сәлемдеседі



Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір- біріне жылу сыйлайды.


Балалардың назары интерактивті тақтаға ауады.

Балалар жұмбақтың жауабын табуға тырысады.



-қызыл телпек

Балалар қызыл телпектің хабарламасын тыңдайды

Балалар қызыл телпектің әңгімесін тыңдап, оған көмектесуге келіседі

Ұйымдастыру-іздестіру



Балалар біз қасқырдың тапсырмасын орманға бармай ақ осы жерде отырып орындауымызға мүмкіндік бар, біз оны электронды түрде жіберіп отырамыз

-Ал енді қасқырдың тапсырмаларын көрейік . Тақтадан қыс мезгілінің суреті шығады

1 тапсырма

-балалар қасқыр қыс мезгілі жайлы әңгімелеуіміз керек сияқты. Бұл тапсырманы дұрыс орындасақ күліп тұрған күннің суреті шығады екен

-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар? Атайықшы.

-қазір қай ай?

-Балалар қыстың қандай ерекшеліктерін білеміз? Оларды толық сөйлеммен атайық?

Дидактикалық ойын «Керісінше»

Қимылды ойын «Жұбыңды тап»

-Қане ,балалар біз тапсырманы дұрыс орындадық па тексерейік?

Ауырып тұрған баланың суреті шығады.

-Денсаулық деген не?

-денсаулық мықты болу үшін не істеу керек?

2 тапсырма

Пайдалы тағамдардың суреттері шығады

Жемістердің аттарын ағылшынша айту

Дидактикалық ойын «кім зейінді»

3тапсырма

Жуынып жатқан баланың суреті шығады.

-таза жүру деген не?

Сергіту сәті: «стирка»

Дидактикалық ойын « дұрыс-бұрыс»


4 тапсырма

Спортпен шұғылданып жатқан бала суреті

-спортпен шұғылдану деген не?

Cсаусақ жаттығуы «саусақ жаттығуы»

Дидактикалық ойын «тағамдарды топтастыр»

Тәрбиеші балалардан тапсырманы орнында отырып орындауларын сұрайды

Қасқырдың тапсырмалары бітеді

Қызыл телпек балаларға рахмет айтады

Ол қасқырдан өзінің себетін қайтарып алады. Қызыл телпек апасымен қауышады.




Балалар таңдана қарайды.


Балалар келіседі.


Тақтадан қасқырдың тапсырмаларын көреді







-қыс

-үш

-желтоқсан, қаңтар, ақпан

-ақпан

Балалар қыс ерекшеліктерін толық сөйлеммен айтады

Балалар қарларды көлемі бойынша жұптасады

Күліп тұрған күннің суреті шығады

-ауырмай жүру

-пайдалы тағамдар жеу керек

-ет, балық, сүт тағамдары, жемістер, көкеністер

Балалар жемістерді ,түстерін қазақша, орысша, ағылшынша атайды -тісімізді жуу, жуынып жүру, киімді таза ұстау

Балалар бой жазады





-Таңғы жаттығу, спорт, ойын т.б



Балалар орындарында отырып, 2 түрлі себетке пайдалы, пайдасыз тағамдардың суреттерін себетке сызықтар арқылы қосады.



Балалар қызыл телпек үшін қуанады

Рефлексивті - түзетуші

Бізге балалар кімнен хабарлама келді?

-оған не болыпты?

-бізден қандай көмек сұрады?

-сендер көмек көрсете алдыңдар ма?

-қалай көмектестік?

-оқу іс-әрекетінде кімге не ұнады?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.


- қызыл телпектен

-қасқыр себетін тартып алыпты

-себетті қайтаруға

-көмектесе алдық

-тапсырмаларды орындадық

Балалардың жауабы

Мадақтауға ие болады.




Күтілетін нәтиже:

біледі: қызыл телпек ертегісінің желісін

Білуі тиіс: қыс мезгілі жайлы білімдерін бекіту,денсаулықтарын сақтай білу

Істей білуі керек: сұрақтарға дұрыс толық жауаптар беру





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі