400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызық-екен

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерді білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге, оқып жатқан мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қызық-екен» интеллектуалдық сайысы


Мақсаты:

Студенттерді білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге, оқып жатқан мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.


Өткізу орны: Шеберхана 5-2
Көрнекілігі: мультимедиялы құрылғы, АКТ, Clil технологиясы, тарату материалдары, стенд.

Қатысушылар: 21К тобы - Сварщик, 51К тобы - Электрмонтер, 42 топ -Байланысшы.


Сайыстың өткізу жоспары:

  1. Таныстыру

  2. Қазылар алқасымен таныстыру

  3. 1 бөлім «Бәйге»

  4. 2 бөлім «Көкпар»

  5. 3 бөлім «Сөздің көркі – мақал»

  6. 4 бөлім «Жорға»

  7. Қорытындылау

  8. Марапаттау


Шараның барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:


Оқытушы - Құрметті студенттер, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер!

Жүргізуші: Бүгінгі сайысқа «Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқып жатқан 21К, 51К және 41 топ студенттері қатысып отыр. Кәсіптік мамандарды дайындауды мемлекеттік саясат қолдап отыр. Сондықтан қазіргі жағдайда кәсіптік білімнің мазмұнын барынша нарықтық жүйемен сұранысқа сай жетілдіру қажет «Еңбек нарығына тек білікті де,білімді маман ғана емес, жоғары технологияны меңгерген мамандар қажет» -деп, Елбасымыз халыққа жолдауында айтқанддай, болашақ мамандарымыз қоғамдық бәсекеге сай ма, жан-жақты білімді ме, осыны анықтау мақсатында бүгінгі сайыс ұйымдастырылып отыр.


Сайысты бастамастан бұрын, сайыстың төрелігін айту үшін қазылар алқасымен таныстырайық.

Сисенгалиева Марья Темрешевна – БҚИК директорының ОІЖ орынбасары

Мергенбаева Елена Нурланқызы –колледж әдіскері

Чуюншалиева Райлаш Алпашовна – арнайы пән оқытушысы


Олай болса жарысты бастайық .

«Ақылды азбас, өнерлі тозбас» дегендей ойынға ақылды, шебер, тапқыр және зейінді студенттерді шақырамыз.

1.Махуов Жайдар Кұрманғазиевич 1999 жылы, желтоқсанның 12 жұлдызында Жанғала ауданы, Пятимар ауылында дүниеге келген.

Арманы:

- Өзіңнің туған жерің туралы бір,екі ауыз сөз

2. Садыков Нурбек асхатұлы 1999 жылы қазанның 14 жұлдызында Казталовка ауылында дүниеге келген.

Арманы:

-Сүйікті әнің

3. Баянгалиев Куангали Беккалиұлы 2000жылы наурыздың 18 жұлдызында Казталовка ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген.

Арманы:

-Сүйікті әншің

4. Искаков Нұрсұлтан Нұртайұлы 1999 жылы қарашаның 16 жұлдызында Казталовка ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген.

Арманы:

- Сүйікті ісің

5. Калқашев Ізімбек Исатайұлы 1999 жылы, желтоқсанның 3 жұлдызында Казталовка ауданы, Қоныс ауылында дүниеге келген.

Арманы:

Дәнекерлеуші мамандығын не үшін таңдадың?


- Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз бір студент шығып отырады.
Сайыс төрт бөлімнен тұрады: 1- «Бәйге»

2- «Көкпар»

3- «Сөздің көркі - мақал»

4- «Жорға»

Жүргізуші: Студенттер жұлдыздарың жансын.
Негізгі бөлім:
- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.
1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бәріңе сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!

Жүргізуші: Бірінші бөлім «Бәйгеге» кезек берейік. Сұрақ оқылады, сұрақтың жауабын сіздер айтасыздар. Егер жауап дұрыс, 10 ұпай аласыздар. Ал жауап қате болса, онда келесі ойыншы жауап береді.

1. Қарапайым өлшеу құралдарын ата (болатты сызғыш,рулетка,кронциркуль)

2. Метал неше топқа бөлінеді (қара және түсті)

3. Кернердің маңызы ( өңдеу кезінде кетіп қалмауы үшін, сызық іздерді тереңдету)

4. Тетіктің сыртқы , ішкі және оның тереңдігін өлшейтін құрал (штангенциркуль)

5. Бұрғының неше тісі бар (екі)

6. Чертилканың маңызы (белгілеу іздерін салу)

7. Қолара және қайшының айырмашылығы (қоларамен кесу жоңқамен, қайшы жоңқасыз орындалады)

8. Егеудің сегіз түрін ата (жазықты,


Жүргізуші: Екінші бөлім «Көкпар» (слайд №2)

Бұл бөлім 9 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа 20,30,40, ұпай беріледі.Ойынның шарты бойынша, ұпайы аз ойыншыдан бастаймыз.Бұл ойыншы қалаған санын таңдайды. Сол сандағы сұраққа жауап берсеңіз, сол санды ұпай ретінде аласыз.Егер жауабыңыз қате болса,келесі жауабы бар ойыншы жауап беріп, сол санды ұпай ретінде алады.Ойынды сол оқушы жалғастырады. Осы бөлімнен кейін, ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

1.Сол жақтағы 20: Коледждің екінші қабатында неше оқу кабинеті бар? ()

2.Ортадағы 20: Биыл колледжге неше жыл болды? (75)

3.Оң жақтағы 20: Колледжде неше топ оқиды?

4.Сол жақтағы 30: ШЦ – І деген нені білдіреді? (штангенциркуль)

5.Ортадағы 30: Сыртқы бұранданы жонатын құрал (бұрандакескіш –плашка)

6.Оң жақтағы 30: Ішкі бұранданы жонатын құрал (бұрандаойғыш –метчик)

7.Сол жақтағы 40: Қандай жабдық (пісіру трансформаторы)

8.Ортадағы 40: Қандай жабдық (пісіру түзеткіші)

9.Оң жақтағы 40: Қандай жабдық (пісіру агрегаты)

Ұпайы аз студент ойынан шығады.


Жүргізуші: Үшінші бөлім: «Сөздің көркі-мақал»

Шарты: Сұрақ-жауап. Сұраққа мақалмен жауап беру керек.

Дұрыс жауапқа 5ұпай беріледі. Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.


1.Түкіріктен көл бола ма? (Көп түкірсе көл болады)

2. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)

3.Көпке не шашпа? (Көпке топырақ шашпа)

4. Дос басқа қарайды, ал дұшпан қайда қарайды? (Дұшпан аяққа қарайды)

5. Тауық түс көреме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)

6. Сиырдың сүті қай жерде? (Сиырдың сүті тілінде)

7. Бейнет түбі не? (Бейнет түбі зейнет)

8. Сөз анасы не? (Сөз анасы – құлақ)

9. Не қылыштан өткір? (Тіл қылыштан өткір)

10. Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер? (Мақал сөздің дәмін келтірер)

Жүргізуші: Төртінші бөлім «Жорға»
- Сендер бұл кезеңде дайындалған сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі.

1. Үш би? ( Әйтеке би, Төле би, Казбек би)
2. Қ. Р. Президенті кім? ( Нұрсұлтан Әбішұлы.Назарбаев)
3. Электр доғасының құбылысын ашқан кім? (В. Петров)

4. Бұранданы қандай құралмен тексереді? (резьбомер,микрометр, калибрлер)

5. Бұранданың неше түрі бар? (2)

6.Бұранда неше жүйеден тұрады? (3)

7.Нүктелегіштің маңызы (тереңдету үшін)

8.Егеудің неше түрі бар? (8)

9. Бұрғыны қандай мақсатта қолданады?

10. Пісіру жігін неше күйде орындайды?

(Тігінен,көлденең,төменгі және төбедегі)

11.Пісіру қосылысының қандай түрлерін білесің?

(түйістіріп,таврлы,бұрышты,айқастырмалы)

12.Өндірісте пісіру орынының қандай түрлерін қолданады?

(Стационарлы және жылжымалы)



1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

2. Колледж директорының аты-жөні (Масалимов Али Хайдарович)

3.Металды пісіруге қалай дайындайды?

(Металды механикалық немесе қолмен түзейді. Негізгі метал пісірудің алдында таттан, майдан және басқа ластардан тазалануы керек.)

4.Дәнекерлеу доғасын қандай амалмен қоздырады?

(Доғаны екі амалмен қоздырады –шертумен және жанасумен. Екі жағдайда да доғаның қоздырылуы қысқа тұйықталудан басталады.Содан электрод қайтарылады және доғаның жануы басталады.)

5.Электродтың негізгі неше түрі бар?

(балқитын және балқымайтын)

6.Ең алғашқы доғаның ашылуы ....(1802ж)

7.Дәнекерлеудің мынадай түрлері болады.....(газ.доғалы...)

8.Ток болады......(тұрақты,айнымалы)

9.Дәнекерлеушінің басты құралы.....(электродұстатқыш)

10.Қолмен доғалы дәнекерлеуде алдымен таңдаймыз.....(электрод)

11. Пісіру жігін неше күйде орындайды?

12. Дәнекерлеушінің арнайы киімінің материалы


Қорытынды:
Сайысқа қатысқан студенттердің арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан студенттерді белсенді қатысқаны үшін мадақтау.

БҚО ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК




ҚАРАЛДЫ:

«Өндірістегі электрмеханикалық жабдықтар» ЦӘК отырысында

№ ___ хаттама «___»____2016ж



КЕЛІСІЛДІ:

БҚИК әдіскері


_________ А.Халиуллина

БЕКІТЕМІН:

БҚИК директорының

ОІЖ орынбасары: _______М.Сисенгалиева

«___»____2016ж







«Қызық-екен»


(интеллектуалдық сайыс)









Дайындаған:

Өндірістік оқыту шебері: Нургужин А.Г











Орал қаласы

2018-2019 оқу жылы


«Қызық-екен» интеллектуалдық сайысынан көрініс


Өткізу орны: Шеберхана


Көрнекілігі: мультимедиялы құрылғы, АКТ, Clil технологиясы, тарату материалдары, стенд.


Қатысушылар: 21К тобы - Сварщик, 51К тобы - Электрмонтер,

42 топ -Байланысшы.



Рисунок 1 Рисунок 2




Рисунок 3 Рисунок 4

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі