Материалдар / Қызық екен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызық екен

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2018
714
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы мемлекеттік бизнес колледжі

Математика пәні оқытушысы: Әбдісана Ұ.Ә.


Сайыстың тақырыбы: «Қызық екен» (ашық сабақ)

Білімділік: Оқушылардың таным белсенділігін арттыру,математикаға қызығушылығын, тапқырлығын, жылдамдығын, ынтасын, зейінін дамыту, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ұйымшылдықпен жұмыс істеу қабілетін арттыру ,ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі:

  • проектор

  • презентация

  • видокөрсетілім

  • ұпай санау парағы

  • нақыл сөздер

1.«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов

2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская

3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы» К.Гаусс

4.«Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер және еңбек». М.Искаков

Жоспары: Сайыс 3 кезеңнен тұрады:

1 бөлім .Таныстыру, әр топ атымен ,ұранымен ,эмблемасымен таныстырады.

2 бөлім.Экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдай отырып ,сол жердегі сұрақтарға жауап беру.

3 бөлім.Жаратылыстару пәндеріне қатысты мағлұматтар бойынша «Қызық екен» жайттар.

Барысы:
1. Сайыстың бөлімдерімен таныстыру.

2. Сайысқа қатысушыларды таныстыру.
3. Сайыстың уақытылы басталуын қадағалау
Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, «
Қызық екен» сайысын
тамашалауға қош келдіңіздер!

Сайысқа қатысушы әрбір топ , бірнеше сайыскерлермен жарыса отырып, мәреге ең бірінші болып жетуді көздейді. Бүгінгі біздің сайысымызға қатысушылар да «біз жеңімпаз боламыз» деген мақсатпен математикалық сайысқа қатысуға ынтасын білдірді. Олай болса, нағыз білімді ,алғыр,ұйымшыл топ мәреге жетеді деп ойлаймын! Сайысымызды бастаймыз . Сайыскерлерді ортаға шақырайық ,қарсы алыңыздар

1 Есеп және аудит А тобынан құралған « Болашақ » тобы және

1 Есеп және аудит В тобынан құралған « Космос » тобы қош келдіңіздер.

Сіздерді әділқазы мүшелерімен таныстырып өту.
Демек, біз бүгін«
Қызық екен» сайысында тартымды әлемімен таныса отырып, біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.

Ал енді, бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайын.

Сайыс 3 кезеңнен тұрады:

1бөлім .Таныстыру, әр топ атымен ,ұранымен ,эмблемасымен таныстырады.

Таныстыру кезеңі 5 баллмен бағаланады.

2 бөлім.Экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдай отырып ,сол жердегі сұрақтарға жауап береді.

Ол ұяшықтар мынадай: Экраннан оқу (Қазақ рекорды, Гигиена, Тәжірибе , Тәтті тағам, Қамшы құпиясы, Мысырға саяхат,Қаламгер, Тұлға, Неге?, Қазақ елі, Қос қала, ??? Жасырын сұрақ және 13 сұрақ)

Әр бір ұяшық 5 баллмен бағаланады.

3 бөлім.Жаратылыстару пәндеріне қатысты мағлұматтар бойынша «Қызық екен» жайттарды айта отырып, бізді таңқалдыру керек.

3 бөлім 5 баллмен бағаланады.

Сайыс шарты түсінікті болса «Қызық екен» сайысын бастаймыз.

1 бөлімге «Таныстыру»

1 Есеп және аудит А тобынан құралған « Болашақ » тобы

1 Есеп және аудит Втобынан құралған « Космос » тобы сөз кезегңн береміз

Әділқазы мүшелері бағасын бергенше 1 Есеп және аудит А тобы студенті Әбен Айнурдың

орындауында «Шын ғашықтар» әнін тамашалаңыздар.

Әділқазы мүшелерінен бағасын сұрау.

2 бөлім. Экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдай отырып ,сол жердегі сұрақтарға жауап береді.

беру.

Қамшы құпиясы



Неге?



Қазақ рекорды





Гигиена

Мысырға саяхат



Қазақ елі







Тәжірбие



Қаламгер



Қос қала







Тәтті тағам

Тұлға



???

















1.Қазақ рекорды

Гиннесс рекордтар кітабына енген бауырсақтың мөлшері қанша болған?

  1. 690 кг.

  2. 787 кг.

  3. 865 кг.

2.Гигиена

Ежелгі Римдіктер тіс пастасы ретінде нені пайдаланды?

1) кокос сығындысын

2) мысықтың миын

3) сары топырақ пен күнбағыс майын

3.Тәжірбие

Жұмыртқаны стаканның бетіне шығару үшін суға не салу керек?

  1. тұз

  2. ас содасы

  3. натрий сульфатын

4. Тәтті тағам

АҚШ тағамтану қауымдастығының мәліметіне сәйкес 100 грамм шоколадтың құрамында...

1) 9,9 пайыз ғана тазартылған қант бар

2) +29 градуста ерімейтін зат бар

3) 59-ға жуық жәндік қалдықтары бар

5.Қамшы құпиясы

Бұрын қазақтар қонаққа келген үйіне неге қамшы қалдырып кеткен

  1. сол үйге құт келсін деп

  2. сол үйдің қызына құда түсу ниетімен

  3. үй иесін қонаққ шақыру мақсатында

6. Мысырға саяхат

Хеопс пирамидасын қашан салынды?

1) жер бетінде мамонттар болған кезде

2) Пифагор тоеремасы шыққан кезде

3) қар адамы Альпіні кезіп жүргенде

7.Қаламгер

Белгілі қаламгер Міржақып Дулатұлы ....

1)қазақ музыка теориясының негізін қалаған

2)Меккеге барып «Дін және қазақ» еңбегін жазған

3) Қазақ тілінде тұңғыш математика оқулығын құрастырған

8.Тұлға

Ұлыбританияның 64-ші премьер – минстрі Энтони Иден әлемдік деңгейдегі тұлға деп кімге баға берген :

  1. Мұхтар Әуезов

  2. Әлкей Марғұлан

  3. Қаныш Сатпаев

9.Неге?

Бұлттардың дауыл алдындағы түсі неге қаракөк болады?

1) су тамшылары тығызданып,үлкейгендіктен

2) жағымсыз зарядталғандықтан

3) жердегі шаң көтеріліп ,бұлттарға жинақталғандықтан

10.Қазақ елі

Қазақстанға қатысты қай дерек шындыққа жанасады ...

1) Қазақстанда екі «Байқоңыр» бар

2) әлемдегі ең үлкен жұмыртқа Қазақстанда табылды

3) Қазақстанда апаларға қарағанда аталар көп

11.Қос қала

Будапешт пен Астана қалаларын не байланыстырады?

1) екі қала халқының 4 % немістер

2) Будапеште Астана,Астанада Будапешт көшесі бар

3) екі қала да жазық далада орналасқан және оң және сол жағалауға бөлінеді

12.??? Жасырын сұрақ

Тіл туралы мына дәйектердің қакйсысы шындыққа жатады

1) әлем бойынша 1500 адамның тіл пішіні төртбұрышты

2) әр адамның тілінде өзіндік белгі болады

3) тілдің ұшын мұрынға жеткізу гигиеналық қасиет болып саналады

  1. . Сұрақ

Екі топқа бірдей қойылады.Бәс тігеді,жауабын айтады.Тура жауаппен салыстырамыз.

Әйелдерден шыққан тұңғыш математик Софья Ковалевскаяның математикаға қызығушылығы былай басталған екен...

1) туа біткен дарын болған екен

2) түсқағаздың орнына математика кітабының бір бетін жапсырған

3) ата –анасының ықпалымен

2 бөлімнің қортындысы шыққанша 1 Есеп және аудит Втобы студенті

Ниязбеков Бекзаттың орындауында «Махаббат майданы» әнін тамашалаңыздар

Әділқазы мүшелерінен бағасын сұрау.

3 бөлім.Жаратылыстару пәндеріне қатысты мағлұматтар бойынша «Қызық екен» жайттарды айта отырып, бізді таңқалдыру керек.

1 Есеп және аудит В тобы студенттерінің заманауи биін тамашалаңыздар.

Әділқазы мүшелерінен бағасын сұрау.

Жалпы қортынды шыққанша

Сахна төрінде 1 Есеп және аудит В тобы студентті Айтпаева Аяужан

Мұхтар Шахановтың поэиясымен.

1 Есеп және аудит А тобы студенттерінің заманауи биін тамашалаңыздар.

Қортындылау:

1.Жақсы қатысқан топты марапаттау

2.Жақсы қатысқан оқушыларды марапаттау

3.Номинациялар:

  • Ойшыл

  • Үздік топ басшысы

  • Тапқыр



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!