Материалдар / "ҚЫЗЫҚ ЕКЕН" интелектуалдық-танымдық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ҚЫЗЫҚ ЕКЕН" интелектуалдық-танымдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне сыныптан тыс іс шара ретінде қолдануға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
1835
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті сайысқа қатысушылар! «Қызық екен» интелектуалды-танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

  • Қатысушы екі топпен таныс болыңыздар: МД-12 тобының командасы мен МД-13 тобының командасы. Және де әділ қазылар ...

  • Сайыс ережесімен таныс болыңыздар. Барлығы 10 ұяшық. Әр ұяшықта екі сұрақтан жасырылған. Үш жауап нұсқасы бар. Бір жауап таңдалады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі. Егер дұрыс жауап табылмаған жағдайда қарсылас топ жауап беруге мүмкіндік алады. Бірақ, жауаптары дұрыс болмаса, олардың қоржындарынан 5 ұпай алынып тасталады. Әр топтың жанкүйерлері ойын барысында екі мәрте өз командасына көмектесуге мүмкіндігі бар. Кезегі келген топ тақырыпты және сұрақтың нөмірін таңдап, сұраққа жауап береді. Ойланып, ақылдасуға 1 минут уақыт беріледі. Барлық сұрақтарға жауап берілген соң екі команда бәс тігеді. Таңдаған жауаптары дұрыс болса ұпайы екі еселенеді. Ал, егер қате болса, екі есе кемітіледі. Ойын соңында ұпайы басым топ жеңімпаз атанады. Ойын шарты түсінікті болса, бастаймыз. Қай топ бірінші болып сұрақ таңдау мүмкіндігіне ие болар екен. Оны анықтау үшін мынадай ортақ сұрақ: Қазақ тілінде қанша дыбыс бар? (37).

  • Бәрекелді, МД-12 (МД-13) тобы, сұрақ таңдаңыздар.

  • Ендеше, бірінші болып бастайтын ... тобы. Тақырып пен сұрақтың нөмірін таңдаңыздар.



  • Әділқазылар алқасына сөз берелік. Қай топ қанша ұпай жинады екен?



  • Сонымен, бұл әлі соңы емес. Бізде бәс тігу кезеңі. Қай топ қанша бәс тіккендерін параққа жазып, әкеліп берсін.



  • Олай болса, сұрақ:



  • Біздің оқу ордамыз қай жылдан бастап қазақтың біртуар қызы, қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш журналист қыз, ағартушы, педагог, қоғам қайраткері Нәзипа Құлжанованың атында?



1995

2005

2015



  • Қай топ қанша бәс тікті екен. Жеңімпаз ... тобы. Құттықтаймыз, ойынға қатысқандарыңызға рақмет, сау болыңыздар.



Әйгілі жазушылар

  1. Қалыпты адамдардың орташа ми салмағы 1.5 кг құрайды. Ал, бұл орыс жазушысының ми салмағы 2,5 кг. Бұл қай жазушы?

Николай Гоголь 

Иван Тургенев 

Лев Толстой 

Тургеневтің өлімінен кейін эксперт мамандары оның миының салмағын тексеріп көрген, нәтижесінде жазушы миы 2.5 кг ауырлықты  көрсеткен. Қалыпты адамдардың орташа ми салмағы 1.5 кг құрайтынын есепке алсақ, орыс жазушысының қалыптан тыс қуат пен аса зор білмге ие жан екенін көреміз.

  1. Оскар мен Нобель сыйлықтарын бірдей алған жалғыз адам.



Марк Твен

Джек Лондон

Бернард Шоу 

 

Бернард Шоу Оскар мен Нобель сыйлықтарын бірдей алған жалғыз адам.



Әлемдік тілдер

  1. Ресми тілі ең көп мемлекетті білесіз бе?



Оңтүстік Африка

Парагвай

Ресей Федерациясы



Оңтүстік Африка Республикасында 11 ресми тіл бар. Бұл әлемдегі ең көп ресми тілі бар мемлекет болып табылады.



  1. Халқы 840 тілде сөйлейтін мемлекетті табыңыз



Қырғызстан

Таиланд

Папуа



Папуа мемлекетінің халқы (Жаңа Гвинея аралы) 840 тілде сөйлейді. Бұл осы мемлекеттегі тілдердің тек 1/7 бөлігін құрайды екен.





Елбасы



  1. Елбасының бала кезінен әкесінен үйренген бір өнері



Етікшілік

Бағбандық

Ұсталық



Елбасы бала кезінен жеміс ағаштарын будандастыруды үйреніп, Алматының колхоз базарына алма-алмұрт әкеп сатқан.



  1. 1991-2006 жылдар аралығында елбасының қанша кітабы жарыққа шыққан?

3

6

12

Наурыз



  1. Наурыздың Халықаралық мәртебесі қандай?


Жыл сайын барша әлем халқы мерекелейді

Халықаралық Наурыз күні бар

Әлемнің ең үздік мерекесі байқауының жеңімпазы


2010 жылы 19 ақпанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында «Әлем мәдениеті» атты күн тәртібінің 49 тармағы аясында «Халықаралық Наурыз күні» деп аталатын қарар қабылданды.





  1. Наурыз көжеге сүтті қандай ниетпен қосады?



Сүт – басты ұлттық ас

«Қазан толсын, асар мол болсын» деген мақсатта

«Сүттей ұйып отырайық, көңіліміз ақ, таза болсын»

Наурыз мейрамында басты тағам - Наурыз көже. Оны кем дегенде жеті түрлі дәмнен: сүт, сүрленген ет, тұз, май, дән, айран, құрт және басқа дәмдерден жасайды.  Сүт немесе ақ құйғаны - «Сүттей ұйып отырайық, көңіліміз ақ, таза болсын» деген  ұғымды білдіреді. Қазақта: «Ағы бардың бағы бар» деген түсінік бар.



Историзмдер

  1. «Хан» сөзі қай уақыттан белгілі?



Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен

Моңғол шапқыншылығы кезінен

Қазақ хандығы құрылғалы бері



«Хан»сөзі – көне Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап белгілі

болып келе жатқан сөз. Ол түркі халықтары мен моңғолдарда хаған, қаған,

қаһан түрінде жұмсалып лауазымды білдірген. Бұл сөз алғашқыда тайпа

көсемі деген ұғымды білдірсе, кейінірек ол жоғарғы мемлекет билеушісінің

лауазымы ретінде қолданылған. Қазақ халқында да қоғамның билеуші

тобының жоғарғы әлеметтік сатысында хан тұрған. Ханның міндеті: өкіметті

нығайту, қауымдық жерлерді руларға бөліп беру, көшіп-қоу мәселесін реттеу, басқа көрші елдермен қарым-қатынасты нығайту т.б. Халқымыздың ең ірі хандары Тәуке, Әбілқайыр, Абылай және т.б. болды.





  1. «КОКП» сөзін тарқатыңыз?



Кеңестер Одағының Коммунистік Партиясы

Кеңес Одағының Кеңейтілген Партиясы

Кеңес Одағының Күшейтілген Президиумы



Ұлттық салт-дәстүр

  1. Бір отбасының қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары шақырылатын салт?



Үме

Асар

Тоқым қағар



Асар – салт. «Ауылға асар жасайтынын хабарлайды». Бір отбасының

қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға

шақырылады». Мысалы: үй салғанда, мол егін жинағанда, шөп шапқанда,

тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға

қатысушылар еңбегі үшін ақы сұрамайды. Асарға шақырушы адам соларға

арнайы мал сойып, қымыз құйып, жақсы ас әзірлеп, тойғызады. Асар –

қазақ елінің ұжымдасып жұмыс істеуінің әдемі бір көрінісі.





  1. Ерулік қандай дәстүр?



Жасы үлкен ағасына дүниеге жаңа келген бауырына ат қойғызу

Туыстарының шығынға ұшыраған отбасыға мал жинап беруі

Жаңадан көшіп келген көршіге берілетін қонақасы



Әлем мектептері



  1. Еліміздегідей бұл елде де «2», «3», «4», «5» деген бағалар қойылады. . Алайда олар үшін «5» - ең нашар, ал «2» - ең жақсы баға болып есептеледі. Бұл қай ел?

Ұлыбритания

Чехия

Дания


2. Бұл европалық елдегі мектепте 8-сыныпқа дейін баға қойылмайды.

Норвегия

Нидерланды

Франция



Қазақстан



  1. Дұрысын табыңыз. Қазақстанның территориясына ... сиып кетер еді.



5 Франция, 3 Түркия, немесе 7 Жапония

5 Түркия, 4 Франция немесе 6 Австралия

  1. Ресей, 4 Канада, 3 Ватикан



  1. Алғашқы мәрте қазіргі Қазақстанның аумағында қолға үйретілген жануар.

Қоян

Жылқы

Сиыр





Қазақ тілі



  1. Қазақ тілінің сөздік қорының 60%-ын қай тілдің сөздері құрайды?



Түркі

Шағатай

Бұлғар



  1. Қазақ тілі таралуы жағынан түркі тілдерінің ішінде нешінші орында?



1

2

3



Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішінде таралуы жағынан үшінші тіл: түрік тілі, өзбек тілі және қазақ тілі. Қазақ тілі көптеген маманның пікірінше диалектісі жоқ тілдердің бірі саналады. Ал мұның алдында диалекті деп айтып жүрген құбылыс говорға немесе сөйленіске жақын үрдіс қана көрінеді.





Белгісіз тақырып ?



  1. Өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тіс щеткасының арғы тегі қайдан

екенін білесіздер ме?



Испания

Арабия

Қытай



Тіс щеткасы осыдан мың жылдай уақыт бұрын Араб

еліндегі мұсылмандардан тараған. “Арак” ағашынан дайындалған тіс

147 щеткасы “мисуәк” деп аталған. Бертін келе тіс щеткасын 1498 жылы Қытайда шошқа терісінің қылшығынан жасаған. Оны саудагерлер Еуропаға әкелген. Бұл кезде Еуропада жылқы жалынан және борсық терісі қылшығынан

жасалған тіс щеткасы қолданыста болған. Уақыт өте келе бұл щеткалардың

бірі қатты, ал екіншісі тым жұмсақ болғандықтан, 1938 жылы АҚШ-тың

Дюпон” фирмасы нейлон талшығынан жасалған тіс щеткасын дайындайды.



  1. Бейнесұрақ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!