Материалдар / "Қызық екен..." сыныптан тыс жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қызық екен..." сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал география пәні мұғалімдеріне апталық уақытында немесе үйірме сағатына өткізуге қолайлы. Себебі осы сайыс арқылы оқушылардың ішкі түйсіктері мен логикалық ойлау қабілеттерін байқауға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
1663
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 29.01.2020 Тақырыбы : Қызық екен...

Қатысушы сыныптар: 8-9-10

Мақсаты: 
Оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Дүние жүзінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар туралы білімдерін кеңейту.
Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлік презентация,

Барысы:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушылар, көрермендер! Бұл барлық жандарды таңғалдыратын деректерге толы «Қызық екен...» бағдараламасы аясында жасалған сайыс. Қош келдіңіздер!

Олай болса әлемнің қызықты деректеріне тоқталайын:

  • Гавая штатының Вайзберг қаласында жылда 29 шілде күні жаңбыр жауады екен. Бұл табиғи құбылыстың қайталанып келе жатқанына 100 жылдан аса уақыт болған екен. Міне қызық...

  • Ұшақта отырған кезде адамның шашы екі есе тез өседі екен

  • Мысықтың көзін байлап алысқа апарып тастасаң, қайтадан қайтып келеді. Себебі ғалымдардың болжауы бойынша мысықтың миында компастың қызметін атқаратын магнитті жасушалар болады.

  • Керік пен адамның мойын омыртқасының саны жағынан тең екен...

  • Бұлттар оңтүстік батысқа жылжи алмайды...

Сайысқа 8-9-10 сыныптардан құралған 2 топ қатысып отыр .Әр топқа бір топ басшысы мен көмекшілері болады.Әр топтың өз жанкүйерлері болады.жанкүйерден көмек сұрауға болады.

Ойын ережесі:

Ойыншыларға 12 ұяшықта география пәніне қатысты әртүрлі сұрақтар беріледі .Дұрыс жауап берген әрбір сұрақ 10мың теңгемен есептеледі.Ұяшықтарды кезектесіп таңдайды.

13-ші сұрақ екі командаға ортақ болады. Осы уақытқа дейін жинаған ақшаларын тігеді. Егерде сұраққа дұрыс жауап беріп жатса тігілген ақшасы еселенеді және де екі команда да дұрыс жауап берсе, қай команданың ақшасы көп сол ұтады.Ақшасы да ,жауаптары да бірдей болып жатса онда тағы бір қосымша сұрақ қойылады. Қай команда дұрыс жауап берсе сол команда алдыға шығады.Яғни ,жеңімпаз болады. Сонымен . ойынымызды бастайық...





Сен білесің бе?



Тіршілік нәрі


Ауа райы


Шартарап

Көлік қатынасы



Дода


Ғылым


Саябақ


Азия



Жаһан


Дәстүр


Бұл не?


1-ұяшық Сен білесің бе?

Алғашқы жұмсақ жастықтар қай елде пайда болды?

1.Қытайда

2.Грекияда

3.Мысырда

2-ұяшық Тіршілік нәрі

Чилидің солтүстігіндегі Чунгунго ауылының тұрғындары суды қайдан алады?

1.жаңбырдан

2. тұманнан

3. қар суынан

3-ұяшық Ауа райы

Швейцарияда ауа райы -5 градусқа суық болса...

1.бензин бағасына 5 пайыз жеңілдік жасалады

2.мектеп оқушыларына сабаққа бармауға құрсат беріледі

3. халыққа тегін ыстық шай беріледі

4-ұяшық Шартарап

1 секунд ішінде әлемде...

1.зауыттардан 78 ерін далабы шығарылады

2. 18 кесе шай ішіледі

3. 409 791 электронды хат жіберіледі

5-ұяшық Тәтті

Қанттың отаны

  1. Үндістан

  2. Бразилия

  3. Қытай

6-ұяшық Дода 2016 жылы бангкокта қандай жарыс өтті?

  1. Маймылмен жүгіруден

  2. Бұқаға мініп, садақ атудан

  3. Пілге мініп, поло ойнауда

7-ұяшық Ғылым

Жапонияның Тоехаси технологиялық университетінің ғалымдары қандай жаңалық ашты?

  1. Адамның неше жыл өмір сүретінін көрсететін айна шығаруды

  2. Адамның ойын оқитын құрылғы ойлап тапты

  3. Дауысты бірден өзгертетін микрофон жасап шығарды


8-ұяшық Саябақ

Петропавлдағы «Табиғат балалары» ботаникалық бағының ерекшелігі неде?

1.балаларға жалғыз серуендеуге болмайды

2.сағатына 3 см өсетін ерекше гүл бар

3. Кубалық лимон өсіріледі

9-ұяшық Азия

Вьетнам халқы...

1.туған күндерін бір күнде тойлайды

2. шетелдік ЖОО-да білім алмайды

3. 100 пайыз бір дін ұстанады

10-ұяшық Жаһан

Филиппин аралдарында не бар?

  1. Астында от жанып тұратын қазан-джакузи

  2. Елу метрлік құбыры бар аквапарк

  3. Зімбірден жасалған қайық

11-ұяшық Дәстүр

Африкадағы Масаи тайпасының өкілдері қалай амандасады?

  1. Көзін қысады

  2. Секіреді

  3. Шашын қайырады

12-ұяшық

??? «жасырын ұяшық»

1975 жылы Оңтүстік Африкадан табылған салмағы 310 кг жануар

  1. Ақ арыстан

  2. Ротшильд керігі

  3. Жұмсақ денелі тасбақа


13-сұрақ: Венада қандай сирек кәсіп түрін кездестіруге болады?

1.жұмыртқа қабығын аршушы

2.кофе дәндерін іріктеуші

3. шницель ұнтағын қаптаушы

14-сұрақ

Гуава деген...

1.тай тілінде «мен сені жақсы көремін» деген сөз

2. Америкада өсетін тропикалық жеміс

3. Францияда жасалатын әтір


Таным мен тапқырлық сынға түсетін «Қызық екен...» сайысы өз мәресіне келіп жетті.

Олай болса, жеңімпаз топты марапаттайық.

Тосын деректерге толы «қызық екен» сайысына қатысып, көңіл бөлгендеріңізге рақмет айтамын. Әрқашан да күндеріңіз қызыққа толы болсын!Қош, сау болыңыздар!

Қызықтан құр қалмаңыздар!



Picture 5 Picture 4





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!