жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қызық география
Мақсаты: 1. Оқушылар дүниетанымын кеңейту;
2.
Жаңаны білуге қызықтыру;
3. Географиядан
алған білімдерін ортаға салу.
4.
Шапшаңдыққа үйрету;
Қолданылатын
құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта,
слайд, карта, тұлғалар суреті,мемлеке
тулары,бағалау парақшасы.
Бағалау
парағы арқылы бағаланады:
Толық ұпай-3,жартылай жауап-2,ең аз жауап-1,мүлдем жауапсыз-0
Ойынның
жүру барысы:
І
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды
топтарға болу:Талапкер,Болашақ(нақыл
сөздер арқылы топтау)Жалпы әр топтан 4
оқушы,оның біреуі-топ басшы болып
сайланады,әділ - қазылар алқасын белгілеу,
барлық қатысушылардың назарын аудару.
Талапкер тобының мүшелері:
1.
2.
3.
Болашақ тобының мүшелері:
1.
2.
3
ІІ
Кіріспе бөлім
Мұғалімнің
кіріспе сөзі:
Ойынның мақсаты мен
шарттарымен, ойынға қатысатын топтар
мен әділ - қазылар құрамымен таныстыру.
ІІІ
Негізгі бөлім
1
тур:Топты таныстыру
2 тур:«Не,қайда,қашан?»
ойыны
3 тур:Сиқырлы жәшік
4 тур:Елтану
5 тур:Тұлғалар сыры
6 тур:Ойлы болсаң,озып көр!
7тур:Географиялық термин
8 тур:Шешендік өнер
1 тур:Топты таныстыру
Топты таныстыру кезеңінде топ басшысы топтың атауын,құрамын және ұрандарын атап өтеді
2
тур:«Не,қайда,қашан?» ойынында
белсенді тақтадан сұрақтар шығады,
дайын топтар жауап беруге болады:
1.Бұл
аралдың ауданы 590 мың км 2 , ол жерде
тұяқтылар мүлдем жоқ, өсімдіктің 3000
түрі кездеседі. Маймылдардың 35 –ке жуық
түрі бар. (Мадагаскар аралы)
2.Бұдан екі ғасыр бұрын Еуропа халықтары Орта Азияның шөлдерінде «Оңтүстік қарағайы» өседі деп қате пікірде болған. Бұл пікірдің қалыптасуына 1700 жылдары Қазақстанға саяхат жасаған И.Фольк деген ғалым себепші болды. Бірақ ботаник В.Леонтьев бұл пікірді теріске шығарды. «Оңтүстік қарағай» деп аталған өсімдікті ата? (Сексеуіл)
3.Белгілі зерттеуші Александр Гумбольдт Ориноко өзенінен құрлыққа крокодилдердің қаптап шыққанын байқаған. Олардың өзеннен қашуына не себеп болды? (Жер сілкінісі).
4. Бұл атауды елдер арасындағы сауда қатынастарында алтынмен қатар халықаралық валюта деңгейіне дейін көтерілген тауармен байланыстырып атаған Қытайдың физикалық географиясы мен Азияның жер бедері жөнінде қомақты еңбек жазған атақты географ – ғалым Фердинанд фон Рихтгофен. Бұл қандай атау? (Ұлы Жібек Жолы).
5. Бұл – Жер шарындағы ең таңғажайып теңіздердің бірі. Оның аты бетінде тобымен қалықтап жүретін балдырларға байланысты қойылған. Балдырлар күшті бұтақтанған бұталар сияқты; сабағында ауа толған айрықша көпіршіктер болуына байланысты олар ұзақ уақыт суға батпай тұрып алады. Ғалымдардың есебі бойынша 1 км2 жерде жалпы салмағы 1 -2 тоннадай балдыр болады. Бұл қай теңіз? (Саргасс теңізі).
6.І-Николайдың тапсырмасымен Ресейде картоп қай жылдан бастап егіле бастады? (1842ж).
7. Бұл өсімдік көгілдір аспандай, аппақ қардай, күннің алтын сәулесіндей түске еніп құлпырады. Бұл елдің ақындары өздерінің ең нәзік өлеңдерін соған арнайды, ал суретшілері оның шілтерлі гүлінен ою - өрнек жасайды. Осы өрнектермен қолшатырды, желқағарды, матаны және шымылдық перделерді жиі әшекейлейді. Туристер әрқашан осы өсімдіктің гүлдеуін асыға күтеді. Бұл қандай өсімдік? (Сакура-жапон шиесі).
8. Бұл сөз орыс тілінде “мөр”, “батырма” және “бедер” деген мағыналарды білдірген. Оның жеңіл, ауыр, ұлттық, жұмсақ, қатты түрлері болады. Бұл не? (Мінез).
9.
Американың кәсіби журналдарының
бірінде ай сайын конкурс
жарияланады.
Стандартты пішіндегі алты суретте
қолжазба мәтінінің үлгісі беріледі.
Конкурстың талабы: оқырмандар бұл
жазбаны анықтауы керек. Бұл конкурс
қандай кәсіптің иелеріне арналған?
(Фармацевтер (дәріханашылар, провизорлар)
— олар рецепте жазылған дәрігерлердің
қолжазбаларын анықтауы керек.).
10. Жапонша «Сөзсіз жеңіс« 確かに勝つ (китцу катцу). Жапон оқушылар мен студенттері емтиханға бойтұмар ретінде нені алып барады? (KitKat ).
11. Қытайдың бір мейрамханасында барлығы кішкентай болды: кішкентай ас мәзірі, кішкентай ыдыстар, даяшылар да кішкентай. Бұл мейрамханада не үлкен болды?( Бағалары үлкен болды )
12. Өмірінде алғаш рет қалаға келген үндіс көшеде келе жатқан ақ адамды көреді. Ол қасына келген кезде үндіс: “Ақ адам жалқау, ол тіпті отырып жүреді” деген екен. Ақ адам қалай жүріп келеді? (велосипедпен келе жатқан).
13Ортағасырларда Жерорта теңізінде орналасқан Менорка аралының астанасы -Майонның іргетасын қалаған кезде жұмыртқаның сары уызына араласқан цементті пайдаланған. Мемлекетті басқарып отырған Ришелье герцогі қалған шикі жұмыртқаның ақ уызынан тағам дайындауға жарлық берді. Нәтижесінде қандай тағам пайда болды? (Майоне қаласында пайда болған соус – Майонез).
14.Ет
қоректі жануарлардың ешқайсысы содан
өлген аңның өлексесін жемейді.
Ол
қандай өлексе? (Олар найзағай (жай,
жалт) түсіп өлген жануардың етін
жемейді.).
3 тур:Сиқырлы жәшік
Жәшік
ішіне жасырылған заттың оқушыларға
сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның
ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек
болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай
шегеріліп отырады.Ойлануға 1 мин, дұрыс
жауап 10 ұпай.
І топқа:
Бұл өсімдікті
орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның
шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде
қолданған. Сондықтан оны "жылан
өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда
оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған
құлдарға күн сайын беріп тұрған.
Бірінші
көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта
Азия.
Екінші көмек: Францияда шілдеден
қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл
өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп
тұрады.
Үшінші көмек: Исі өткір, ащы,
тамаққа пайдаланамыз.
Жауап:
Сарымсақ
ІІ топқа:
Ең алғаш бұл
сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында
пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан
келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына
сыйлық келеді. Риза болған хан жауап
ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері
бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде
қабылдап, өз елдерін төмендету деп
есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге
жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны
дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан
бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана
бастады.
Бірінші көмек: Отаны -
Қытай
Екінші көмек: Қытайдан басқа
Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда,
Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда,
Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші
көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың
басы аурады.
Жауабы: Шай
4 тур:Елтану Әр сурет сандармен жасырылады,оқушалар ұнатқан сандарын таңдайды,артында белгілі ғимараттар бар.Олардың қайда орналасқанын табулары керек.
Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,сабақта алған теориялық білімдерін дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында 6 «А», 6 «Б» және 7 «А» сыныптар үшін «Үздік географ» танымдық ойынын өткізу. Ойын барысында география пәндерімен қатар экология, тарих пәндерінен қосымша сұрақтар қою арқылы пәнаралық байланыстар ұйымдастыру.
Қазақтың ұлттық ойындарын пайдалана отыра оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға,ойлау қабілетін дамытуға күш салу.Сонымен қатар,топта жұмыс істей білуге,ынтымақтастыққа,ізденпаздыққа өз бетінше еңбектенуге тәрбиелей отырып,экологиялық тәрбие беру.
Ұранымыз:«Білім алып бүгін алтын ұяға,
Ертең әлі шарықтаймыз қияға!»
Ойын алты кезеңнен тұрады: І. Бәйге
ІІ. Тіл-өнер
ІІІ. Орнын тап
ІҮ. Жылдам логикалық ойлау
Ү. Білгірлер сайысы
ҮІ. Жорға
І. Бәйге
1. Қазақстан қай материкте орналасқан?
2.Желдің бағытын анықтайтын құрал?
3.Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы.
4.Экватордың ұзындығы.
5.Жер шарын тұңғыш айналып шыққан саяхатшы?
6.Ең алғаш градус торымен карта жасаған ғалымды ата.
7.Жердің белгілі бір затпен солтүстік бағыт арасындағы бұрышы?
8.Жерді бір нүктеде кескіндеу?
9.Жанартаудың мойыны қалай аталады?
10.Маңғыстау облысының орталығы қай қала?
ІІ.Тіл-өнер
Тіл- тіршіліктің тірегі. Үш тілде жауап береміз.
1.Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. /ауа-воздух-
2. Қаласы бар ,үйі жоқ
Өзені бар,суы жоқ
Орманы бар,түбі жоқ
Бақшасы бар,гүлі жоқ. /карта/
3.Ешбір тіреусіз күмбез,.
Ешбір сүйеусіз күмбез
Ешкім көтере алмайды,
Ешкім төңкере алмайды./аспан-небо-/
4.Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем./жер-земля-
5.Жолды көрсетіп береді,
Бірақ өзі көрмейді./ тұсбағдар-компас-
6.Қатар тұрған қос табақ,
Түрлі-түсті зер табақ./жарты шар картасы-
ІІІ. Орнын тап сайысы
Үнк- күн азбұғ-бұғаз спмаок-компас
Ерж- жер ракта- карта фреасдигор-гидросфера
Ензө- өзен алар- арал мтузиа-азимут
Ату- тау өлк-көл қлыйоб-бойлық
Лада- дала алльлепра-параллель ғдааруалб-бағдарлау
ІҮ. Жылдам логикалық ойлау
Сахара 11.Австрия
АҚШ 12.Ніл
Гималай 13.Есіл
Қазақстан 14.Кемпірсай
Таньганика 15.Нигер
Амазонка 16. Қолтырауын
Үндістан 17. Қалба
Рас-Хафун 18.Васко-да Гамма
Сексеуіл 19. Сайқан
Рубин 20.деңгейлегіш
Ү. Білгірлер сайысы
1.Оңтүстік Америка. Американың тропикалық орманы.Польшаның саяхатшысы жазғандай: «Бұл орманға келген адам екі рет үлкен қуаныш сезіміне бөленесің. 1-ші күні жұмаққа кіргендей боласың,2-ші рет орманнан шыққан күні «жасыл тозақтан» құтылғаныңа қуанасың»,-депті. Бұл қуаныштардың себебі неде?
2.Солтүстік Америка. 1847ж.АҚШ-та арнайы заңмен дүниежүзіндегі бірінші Ұлттық «Йеллоустон» паркі ұйымдастырылған.Бұл аймақ «Сары тастар» деп аталады.Бұл жер туралы аңыздар өте көп: өзен суларының ағу жылдамдығынан астындағы тастар қызып,ыстық бұлақтар орманнан биік атқылайды,енді біреулері мұнда бір көлден ұстаған балығын екінші көлге салса балық тұздалып пісіп қалатынын айтқан. Бұл қалай болғандағысы?
3.Аустралия. Бұл материкте жануарлар және өсімдік дүниесіне өте бай және ерекше екендігін білеміз.Бірақ Аустралияда бірде-бір қолға үйретілген жануарлар,ешқандай мәдени өсімдіктер болмаған. Бұны қалай түсіндіруге болады?
ҮІ.Жорға
22-жасында Орыс География қоғамына мүше болған қазақ ғалымы?
ҚР-сы қашан БҰҰ мүше болды?
Қысқы күннің тоқырауы.
Температураны бірдей нүктемен қосатын сызық.
Дүниежүзіндегі ең биік нүкте?
Ертіс қай өзеннің саласы?
Аустралия жануарларының ерекшелігі.
Ыстық бұлақ атқылап тұратын фонтан.
Ең кіші материк.
Доссор,Мақатта не өндіріледі?
Шөлде қандай өсімдіктер өседі?
Ауа қысымын өлшейтін құрал.
Біз өмір сүріп жатқан дәуір қалай аталады?
Қазақстандағы жеті ірі өзендерді ата.
Желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал.
Табиғатты зерттеуші жас ғалым
Канаданың астанасы.
Жазықтар қандай түспен боялады?
Ауа райын зерттейтін ғылым.
Ең алғаш географиялық карта жасаған адам.
«Үздік географ» оқушыны анықтап,жеңімпазды мадақтау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген