Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызықты апталық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәуір айының 15.04-20.04.2019 ж. аралығында мектебімізде «Эстетика» пәндер бірлестігінің «Өнерлі ұрпақ-салауатты өмірдің жарқын болашағы» тақырыбында апталық өтті. Апталықтың алғашқы күні «Өнері мен спорты дамыған елдің өрісі кең» атты тақырыппен ашылды. Ашылу салтанатында оқушылар өздерінің жан-жақтылығын танытып, алғашқы әскери дайындық пәнінен 11 «А» класс оқушылары саптық жүрістер көрсетіп, ән айтып, би билеп, гимнастикалық жаттығулар жасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызықты апталық

Сәуір айының 15.04-20.04.2019 ж. аралығында мектебімізде «Эстетика» пәндер бірлестігінің «Өнерлі ұрпақ-салауатты өмірдің жарқын болашағы» тақырыбында апталық өтті. Апталықтың алғашқы күні «Өнері мен спорты дамыған елдің өрісі кең» атты тақырыппен ашылды. Ашылу салтанатында оқушылар өздерінің жан-жақтылығын танытып, алғашқы әскери дайындық пәнінен 11 «А» класс оқушылары саптық жүрістер көрсетіп, ән айтып, би билеп, гимнастикалық жаттығулар жасады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Қ.Асауғалиев 11 «А» класында «Допты соғу техникасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 2-4 кластар арасында дене шынықтыру мұғалімі, жас маман Ж.Өмірханұлы «Біз-спортты сүйеміз» атты спорттық шара өткізді. Апталық аясында 1-11 кластар арасында балалардың өз қолдарымен жасаған бұйымдары, салған суреттері көрмеге қойылды. Апталықтың екінші күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.А.Амиртаев 3 «Б» класында «Эстафетные игры» тақырыбында ашық сабақ берсе, технология пәнінің мұғалімі Б.Ж.Жакупова 6 «А» класс қыз балалары арасында «Жартылай дайын өнімдерден тағам әзірлеу технологиясы» тақырыбында ашық сабағын берді. Ашық сабақта түрлі жаңаша әдіс-тәсілдерді көрсетіп, шеберлігін танытты. Оқушылар сабақтың тақырыбын ашып, қазіргі өмірмен байланыстырды. Және де практикалық жұмыс кезінде оқушылар, жұптық жұмыс көрсетіп, жартылай дайын өнімдерден (балықтан, көкөністен, еттен, нан-тоқаш) тағамдар әзірлеп, жасалу технологиясымен таныстырды. Аптаықтың үшінші күні шахмат үйірмесінің жетекшісі Г.Искакова 4 «А» класс оқушыларымен «Шахмат-ойлылар ойыны» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді. Шара барысында оқушылар шахмат ойынына деген сүйіспеншілігін танытты. Технология пәнінің мұғалімі Л.М.Бертилеуова 7 «Б» класында «Кухня народов мира» атықырыбында ашық сабақ берді. Сабақта мұғалім жаңашылдық танытып, АКТ технологиясын қолданды. Аптаның төртінші күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Е.Қ.Асауғалиев, Ғ.М.Бабанов мұғалімдер арасында үстел теннисінен шебер класс өткізді. Шебер класты өткізу барысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері теннистің шығу тарихына шолу жасап, допты беру, алу әдістерін қатысқан мұғалімдерге практика жүзінде үйретті. Шебер класқа қатысқан мұғалімдер теннис ойынына қызығушылығын арттырды. Апталықтың төртінші күнінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі У.З.Урдабаев 5 «А» класында Ойындардағы жеке, командалық әрекеттер. «Футбол» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жаңартылған білім мазмұны бойынша өтті. Музыка пәнінің мұғалімі А.Р.Юсупова 5 «Б» класында «Музыка народов Казахстана» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта мұғалім АКТ қолданып, жаңартылған мазмұн бойынша жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданды. Оқушылар қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы толық мәлімет алды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ғ.М.Бабанов 7 «А» класында «Жеке шабуылдау ойындарын әзірлеу және өткізу» атты ашық сабақ берді. Ашық сабақ құрылымы жақсы құрылған. Ұйымдастыру бөлімінде мұғалім конверт арқылы үш топқа бөлді. І топ-допты кедергілер арасымен жүргізіп, қақпаға доп тебу. ІІ топ –үшбұрыш жасап допты тоқтатып бір-біріне пас беру. ІІІ топ –допты жоғарыдан тоқтатып қақпаға тебу. Мұғалім сабақта футбол тарихы туралы қысқаша мағлұмат берді. Сабақтың соңында оқушылар тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ шешті. Оқушылар ойын ережесін, әдіс-тәсілін біледі. Жақыннан қақпаға гол соға алды. Допты тебе алды. Аптаның бесінші күні музыка пәнінің мұғалімі А.Р.Юсупова «Вспоминая Шопена» тақырыбында 5-6 класс оқушылары арасында сыныптан тыс шара өткізді. Сыныптан тыс шара өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар шараға белсенділік танытты. Сонымен қатар технология пәнінің мұғалімдері Л.М.Бертилеуова, Б.Ж.Жакупова технология пәнінен шығармашылық жоба ұйымдастырды. Шығармашылық жобаға 5-8 класс оқушылары ат салысты. Жобада фетр матасынан тігілген жакет, бас киім, кендір жіптен жасалған бұйымдар т.б сәндік-қолданбалы бұйымдар жасап, өз жобаларын ұсынды. Мектебіміздегі жас маман алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.Ахмет 10 класс оқушылары арасында әскери көпсайыс сыныптан тыс шара өткізді. Ойын келесі жарыс түрлері бойынша өткізілді. Турник (ер балалар арасында) Дене көтеру (қыз балалар арасында) Биік арқанға шығу (ер балалар арасында) Противогаз кию (командалық) АК-74 автоматын шашу (ер, қыз) Викторина (командалық) Эстафеталық сайыс (командалық) Жарыс түрлері бойынша барлығына жүлделі үш орын берілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері А.А.Амиртаев, У.З.Урдабаев 10-11 класс қыз балалары арасында волейбол ойынын өткізді. Аптаның алтыншы күні «Эстетика» бірлестігі апталығының «Ән жұлдызы-Шәмші аға» тақырыбында жабылу рәсімі өтті. Вальс королі-Шәмші ағамыздың өмірі, шығармашылығы туралы оқушылар мәлімет алып,көрермендер Шәмші өлеңдерінен караокемен орындады. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері Шәмші өлеңдерінен әдемі әндер орындап, көрермендердің көңілін өздеріне қарата білді. Апталық бойы спорт ойындарына белсене қатысып, қолөнер, музыка пәндерінен үздік деп танылған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.



Технология пәнінің мұғалімі : Б.Ж.Жакупова

Ақтөбе облысы.

Әйтеке би ауданы.

Қарабұтақ селосы.

Т.Г.Шевченко атындағы ЖОББМ







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2021
855
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12