Материалдар / қызықты биология
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қызықты биология

Материал туралы қысқаша түсінік
қызықты биология үйірме 6 сыныптар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2018
5751
63 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қызықты биология» факультатив курсының бағдарламасында адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту, биология ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру және күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру, танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Курс бағдарламасы биология пәні мұғалімдеріне тиімділігі мол көмекші құрал болып табылады.

 

М А З М Ұ Н Ы

І. Түсінік хат ................................................................................................    4

ІІ. Тақырыптық – күнтізбелік жоспар  ......................................................     8

ІІІ. Сабақ жоспарлары  ................................................................................   10

ІV. Сарамандық жұмыстар .........................................................................   27

V. Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................................    31

Түсінік  хат

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

Осы орайда биология пәнінің негізгі мазмұны тірі ағзалардың құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы көзқарасты дамыту, тірі оганизмдердің жасушалық құрылысының негізге алынатын түсініктері туралы, организм және биоценоз тіршілік деңгейінің негізгі формалары екендігі туралы көзқарас қалыптастыру, өсімдіктер мен жануарларды жүйелеп жіктеу туралы ұғым қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар дүниесінің ерекшеліктерін, олардың табиғаттағы, адам өміріндегі және жалпы тіршіліктегі жоғары мәні туралы білімнің құндылығын ұғынуға бағытталады. Осы қағидалар 6-сыныпқа арналған «Қызықты биология» факультатив курсының бағдарламасында көрініс тапқан.

«Қызықты биология» факультатив курсының негізгі мақсаты - адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту, биология ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру және күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру, танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;

Факультатив курстың мазмұнында өсімдіктер дүниесінің зерттелу тарихы, өсімдік жасушасының құрылысы, химиялық құрамы, өсімдіктердің техникалық, космостық ролі, өсімдіктер тіршілігіндегі қозғалыс, оның түрлері, өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейту түрлері, өсімдіктердің жеке дамуы туралы тереңірек қарастырылған.

«Қызықты биология» факультатив курсының бағдарламасы ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты талаптарына сай жасалған.

Курс аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатқа есептелген.

Бағдарламада 9-сыныптың биология пәні бойынша берілетін тақырыптар толықтырып, қосымша ақпараттармен қамтылған. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

         Курс мазмұнына сәйкес тақырыптар бойынша бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру үшін сарамандық жұмыстар жоспарланды.

Курстың орны: 6-сыныптың биология курсындағы өсімдік жасушасы және оның құрылысы, өсімдіктердің тіршілік әрекеттері тақырыптарының құрамдас бөлігі

Курстың мақсаты:

Өсімдіктер дүниесі, олардың зерттелуін, өсімдіктер дүниесінің жүйеленуін үйрену;

Өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктері, олардың тұрмыстық және техникалық маңызы туралы терең, жан-жақты білім беру;

Курстың міндеті:

  • Қоршаған орта табиғатының бір-бірімен тығыз байланыстағы нысандар жиыны екенін ұғындыру;

  • Табиғат аясында белгілі бір ережелерді басшылыққа алуды үйрету;

  • Топсеруен кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу;

  • Жаңа деректер, ғылыми терминдер, анықтамалар негізінде кесте, сызба, суреттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

  • Туған өлкенің табиғаты туралы білім бере отырып, экологиялық сауаттылық деңгейін көтеру;

Күтілетін нәтиже:

  • қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгереді;

  • табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын түсінеді;

  • зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауды үйренеді;

  • әр оқушының өз мүмкіндігі негізінде танымдық қызығушылығы артады;

  • туған өлкені, оның байлықтарын қорғай білуге тәрбиеленеді;

Мамандыққа бағдарлау: биолог, эколог, агроном

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, экология, зоология, тарих

Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс-сабақ, сарамандық жұмыс,

танымжорық, семинар, сайыс-сабақ.

Курсты қорытындылау формасы: реферат, шығармашылық жоба,

танымжорық, сарамандық жұмыстар

Уақыт жиілігі, көлемі:  аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат. 5 сарамандық жұмыс

Оқушылардың    оқу   жетістіктерін  бағалау   жүйесі:

  • Әр  тарау   бойынша    берілген   сарамандық жұмыстардың    орындалу  көрсеткіші   арқылы   бағалау.  

  • Оқу  жылы   аяғында   « Оқушы  портфолиосы »  бойынша  әр   оқушының   жұмысын   тыңдау   арқылы   бағалау.

Оқушылардың   дайындығына     қойылатын    талаптар :

  • Өсімдіктердің тіршілігі  жөніндегі   ғылыми    көпшілік  кітаптардан   мәліметтер ,  материалдар   жинақтау;

  • Зертханалық    жұмыстарды    меңгеріп,  нәтижесін  талдап   ала білу;

  • Өсімдіктердің жасушалық құрылысын  зерттеумен   айналысқан   ғалымдардың   еңбегімен  танысу;

  • Ғылыми   негізде   жинақтаған    материалдардан    реферат жазып   дағдылану,   оқушы   презентациясын   жасау;

  • Өсімдіктердің    тіршілік       әрекеті,  өсу заңдылықтары туралы  ғаламтордан   және   газет,  журналдардан   оқып   үйрену.  

Курстың мазмұны:

Кіріспе. 1 сағат.

Ботаника - өсімдіктер дүниесін зерттейтін ғылым. Өсімдіктер дүниесінің алғаш зерттелуі.

Тіршілік кілті – өсімдікте. 5 сағат

Өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктері. Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы ерекшеліктер. Өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктердің техникалық және тұрмыстық мәні.

Өсімдік жасушасының құрылысы. 4 сағат.

Өсімдік жасушасының құрылыс ерекшелігі. Цитоплазма, протоплазма. Пластидтер, пластидтердің түрөзгерісі. Физиологиялық белсенді заттар.

Өсімдік мүшелері және тіршілік жағдайлары. 12 сағат.

Жапырақ. Фотосинтез процесі. Өсімдіктердің космостық ролі.Транспирация құбылысы.Тамыр. Өсімдік тіршілігіндегі элементтердің маңызы.

Тыңайтқыштар. Өсімдіктердің азотты сіңіруі. «Жыртқыш» өсімдіктер

Өсімдіктердің қозғалуы. Тропизм және таксис. Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі. Өсімдіктердің суыққа төзімділігі.Өсімдіктердің тұзға төзімділігі

Практикалық жұмыс №1

«Өсімдіктердің өсуіне тыңайтқыш тардың әсері»

Өсімдіктердің жеке дамуы. 12 сағат.

Өсімдіктердің даму кезеңдері. Өсімдіктердің көбею жолдары. Вегетативті көбею. Бөлме өсімдіктері. Дәрілік өсімдіктер, оларды жинау ережелері. Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері. Жайылым өсімдіктері. Сәндік өсімдіктер

Кеппешөптер дайындау технологиясы.    

Практикалық жұмыс №2

«Вегетативті көбею түрлері»

Практикалық жұмыс №3

«Мектеп гүлбақшасына сәндік өсімдіктер отырғызу»

Практикалық жұмыс №4

«Кеппешөптер дайындау және оны рәсімдеу»

Қорытынды сабақ. 1 сағат.

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар:

Тақырыбы     Сағат саны    Түрі   Мерзімі

 

Кіріспе. 1 сағат

1

Өсімдіктер дүниесінің зерттелу тарихы

1

 

 

 

Тіршілік кілті – өсімдікте. 5 сағат

2

Өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктері

1

 

 

3

Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы ерекшеліктер

1

 

 

4

Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы

1

 

 

5

Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы

1

 

 

6

Өсімдіктердің техникалық және тұрмыстық мәні.

1

 

 

 

Өсімдік жасушасының құрылысы. 4 сағат

7

Өсімдік жасушасының құрылыс ерекшелігі

1

 

 

8

Цитоплазма, протоплазма

1

 

 

9

Пластидтер, пластидтердің түрөзгерісі

1

 

 

10

Физиологиялық белсенді заттар

1

 

 

 

Өсімдік мүшелері және тіршілік жағдайлары. 11 сағат

11

Жапырақ. Фотосинтез процесі. Өсімдіктердің космостық ролі

1

 

 

12

Транспирация құбылысы

1

 

 

13

Тамыр. Өсімдік тіршілігіндегі элементтердің маңызы.

1

 

 

14

Тыңайтқыштар

1

 

 

15

Практикалық жұмыс №1

«Өсімдіктердің өсуіне тыңайтқыш тардың әсері»

1

Практикалық жұмыс

 

16

Өсімдіктердің азотты сіңіруі

1

 

 

17

«Жыртқыш» өсімдіктер

1

 

 

18

Өсімдіктердің қозғалуы

1

 

 

19

Тропизм және таксис

1

 

 

20

Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі

1

 

 

21

Өсімдіктердің суыққа төзімділігі

1

 

 

22

Өсімдіктердің тұзға төзімділігі

1

 

 

 

Өсімдіктердің жеке дамуы. 12 сағат.

22

Өсімдіктердің даму кезеңдері

1

 

 

23

Өсімдіктердің көбею жолдары

1

 

 

24

Вегетативті көбею

1

 

 

25

Практикалық жұмыс №2

«Вегетативті көбею түрлері»

1

Практикалық жұмыс

 

26

Бөлме өсімдіктері

1

 

 

27

Дәрілік өсімдіктер, оларды жинау ережелері

1

 

 

28

Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері

1

Жорық сабақ

 

29

Жайылым өсімдіктері

1

 

 

30

Сәндік өсімдіктер

1

 

 

31

Практикалық жұмыс №3

«Мектеп гүлбақшасына сәндік өсімдіктер отырғызу»

1

Практикалық жұмыс

 

32

Кеппешөптер дайындау технологиясы

1

33



Практикалық жұмыс №4

«Кеппешөптер дайындау және оны рәсімдеу»

1

 

 

34

Қорытынды сабақ

1

Көрме, плакат, альбом, слаид

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!