400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қызықты биология әлеміне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қызықты биология әлеміне саяхат» атты 9 -10-11 сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:«Қызықты биология әлеміне саяхат» интеллектуалды сайыс
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Қызықты биология әлеміне саяхат» атты 9 -
10 сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін: ……
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
1.
ҒӘІЖО - Байкадамова А.С.
2. Биология пәнінің мұғалімі
: Байшина Г.Ж.

3. Химия пәнінің мұғалімі : Баймолдина А.Б.
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
І кезең – Кім білгір?
ІІ кезең – «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»
ІІІ кезең – Терминдер аукционы
ІҮ кезең – Бұл қандай ғылым?
Ү кезең –
"Кім өнерлі"
ҮІ кезең – Ғажайып биология
YII кезең – Қорытынды

Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Химия пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды -
деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.
1 кезең «Кім білгір?» кезеңінде әр оқушыға 10 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа толық жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
Зоология бөлімі бойынша
1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы: Ихтиология
2. Балықтың зәр шығару мүшесі: Бүйрек
3. Денесінің түсі тез өзгерете алатын қабыршақтылар отрядының өкілі: Құбылғы
4. Африка түйеқұсының саусағы: Екеу
5. 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі: Көнеқұс
6. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын: Көкет (диафрагма)
7. Жұмыртқа салатын сүтқоректілер Түрпі
8. Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі Келес
9. Қосарлы тыныс алатын жануарлар. Құстар.
10. Құрттар - топырақтан, шыбындар - шіріген еттен пайда болады деп есептеген ғалым. Т Аристотель.

Анатомия бойынша
1. Адам денесіндегі буындар саны: 230.+
2. Қанда темірдің тұрақтылығын сақтайтын без: Гипофиз
3. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: Қант ауруы
4. Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы: Амнезия
5. Қанның құрамына жасушалар кіреді: Лейкоциттер
6. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: Дальтонизм
7. Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы керек: 30 - 35см
8. Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады: 27 секунд
9. Гуморальдық реттелуде негізгі рөл атқаратын заттар: Гормондар
10. Арқа омыртқаларының саны: 12
Ботаника бөлімі бойынша
1. 1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен көрген: Роберт Гук
2. Төменгі сатыдағы өсімдіктер: Балдыр
3. Біржасушалы талшықты балдыр: Хламидомонада
4. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым: К. А. Тимирязев
5. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері: Гүл сағағы
6. Пішіні малдың тұяғына ұқсас: Діңқұлақ
7. Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық: Наурызым қорығы
8. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық кқрді: 1981 жылы
9. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым: Ботаника
10. 1920 - 1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым: Ж. Күдерин
Цитология бөлімі бойынша
1. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді: Қабықша
2. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат: Цитоплазма
3. Жасушаның көбеюіне қатысады: Ядро
4. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер: Пластид
5. Жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді: Митохондрия
6. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді: Лизосома
7. Жасушадағы көпіршік, түтікше тәрізді органоид: Гольджи жиынтығы
8. Плаастидтер болады: Өсімдіктерде
9. Жасушадағы органикалық қосылыстар: Нәруыздар, май
10. Нәруызды түзетін аминқышқылдардың саны: 20
Биологиялық ғалымдар
1. 1870 - 1880 жылы ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді: Луи Пастер
2. Микробиологияның дамуына жол ашқан: Л. Пастер
3. 1892 жылы темекі теңбілін зерттеп, вирусты ашты: Д. И. Ивановский
4. «Вирус» терминін 1899 жылы ғылымға енгізді: М. В. Бейерник
5. Биосфера туралы ілімнің негізін салған ғалым В. И. Вернадский
6. Хромосомалық теорияны жарыққа шығарды Т. Морган
7. Ядролық сынақ өткізуге мораторий жариялаған тұлға. Н. Назарбаев.
8. Эволюциялық ілімнің негізін салған ғалым Ч. Дарвин
9. «Зоология философиясы»атты еңбек жазған ғалым Ж. Б. Ламарк
10. «Невада – Семей» қозғалысын басқарған. О. Сүлейменов.
Генетика бөлімі бойынша
1. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым Генетика
2. Генетиканың негізін салушы Г. Мендель
3. Хромосомалық теорияны жарыққа шығарды Т. Морган
4. Генотип және фенотип ұғымдарын қалыптастырды В. Иогансен
5. Г. Мендельдің бірінші заңы Біркелкілік
6. Г. Мендельдің екінші заңы Белгінің ажырауы
7. Басыңқы гендер қалай атаймыз. Доминантты
8. Генетикалық зерттеулер жүргізуге қолайлы жәндік. Дрозофила шыбыны
9. Г. Мендель заңдарын екінші рет дәлелдеген ғалым. Де Фриз, К. Корренс
10. Ген деген терминді ғылымға енгізген ғалым. Т. Морган

II кезең «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»» кезеңінде әр оқушыға 2 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа сенемін немесе сенбеймін деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
І топ. 1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе саңырауқұлақты зерттейтін ғылымды микология деп атайды.
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе
дүниедегі ең биік ағаш – шырша
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе
жануар жасушасында пластидтер кездеседі.
ІІ топ. 1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе бақаның ескерткіші Франция мен Жапония елдерінде қойылған.
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе
Қазақстанда 12 қорық бар
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе тағамдарды бүлдіретін саңырауқұлақтарға мукорды жатқызады.
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе
адамда 1 бас, 2 қол. 3 аяқ бар
ІІІ топ.
1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе адам бүйрегінің салмағы 150, жүректікі 250 - 300 г.
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе
ағаштар 300 - 500 жыл жасайды.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе картоптың отаны - Қазақстан.
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе
Ақтөбе облысында Ырғыз Торғай Резерваты бар
III кезең
Оқушыларға уақыт беріледі таңдаған саласы бойынша термин сөздерді жазып шығады.
І топ. 1. Микробиология
2. Ихтиология
3. Микология
4. Бриология
ІІ топ.
1.Генетика
2. Диетология
3. Орнитология
4. Урология
ІІІ топ.
1. Биология
2. Физиология
3. Экология
4. Гельминтология

ІV кезең. Бұл қандай ғалым?

1.Хемосинтез процесін ашқан ғалым С.Н.Виноградский

2.Медицинаның атасы Гипократт

3.“Анализатор” терминін ұсынған ғалым: И.П.Павлов

4.Қарапайымдылардың түрлерін алғаш ашқан ғалым Антони ван Левенгук

5.Мәдени өсімдіктердің шығу орталығын анықтады Н.И.Вавилов

6. Жасуша ядросын ашқан ғалым  Р.Гук

Y кезең  "КІМ ӨНЕРЛІ"

І топ.

1.Гүлдің солуын қимылмен көрсет

2. Судан шығып қалған балық
3. Таңертең ерте тұрған қораз даусын салу

ІІ топ.

1.Мысықтан қорқып қашқан тышқан
2. Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу

3.Ұзарып, биіктеп өсіп келе жатқан ағашты бейнелеңіз.

ІІІ топ

1. Жел соққандағы ағашты келтір

2. Бақаның жүрісін сал

3. Шимпанзенің қимылын көрсет

YI кезең. Тұлғаны таны.

9- сыныпқа

1.Мен тірі организмдердің біртіндеп даму теориясының негізін салған философ әрі жаратылыс зерттеуші ғалыммын. Табиғаттың қарапайымнан күрделіге өзгеретінін дәлелдедім. Аристотель

10- сыныпқа

1. Органикалық дүние эволюциясының негізін салған ағылшынның ұлы жаратылыстанушы ғалымымын. Эволюция ілімінің негізін қаладым. Ч.Дарвин

9- сыныпқа

«Жану дегеніміз – жанатын дененің ауадағы оттекпен қосылуы»деп атап, тыныс алу ілімінің негізін қаладық Ломоносов Лавуазье

10- сыныпқа

Алғаш жай көзге көрінбейтін ұсақ ағзаларды, тағамдағы зең саңырауқұлақтарын көріп, олардың пішіндерін, қозғалыстарын сипаттап жаздым. Атон-Ван Левенгук

YI кезең. Кім тапқыр «Ғажайып биология» Мен қай өсімдікпін?(дұрыс жауап 1 балл)

9- сыныпқа Мен Жерорта теңізінде дүниеге келдім. Мен әртүрлі боламын. Көбінесе Иранда, Жерорта теңізі, Каспий теңізінде жағалауында, Индия мен Қытайда кездесемін. Жемтамырымда өте көп қант бар, оны ешкім білген жоқ. 1747 жылы неміс химигі Маркграф менің құрамымда қант барын тапты, ал 1799 жылы Франц Ахард бірінші рет бірнеше кг қант алды. Одан әрі Ресейге өткізді. Мен қазіргі уақытта сұранысы жағынан үшінші орындамын. Тыныштандыратын дәрі ретінде балалардың жүйке жүйесіне пайдаланыламын (Қызылша)

10 сыныпқа. Менің Отаным Индия. Арабша бадиншаш, баданжан деп атайды. Ерте кезде өте ащы болғанмын. Мені ешкім жей алмады. Пісірілген күйімде арабтар тіс ауырғанда емдеу кезінде пайдаланды. Еуропаға 16 ғасырдың аяғында келдім. Мені бағалау үшін 300 жыл керек болды. (Баклажан)

9 сыныпқа. Мен Азияда тудым, бірақ Еуропа мен Африкада тұрамын. Орта ғасырларда мені батырлар кеуделеріне тұмар ғып жүрген, өйткені мен әр түрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін. Тіс ауырғанда пайдаланады мені. Өзіме тән исім бар. С дәруменінің көзімін, сондықтан тұмаумен ауырған кезде пайдаланасын мені. (Сарымсақ)

10 сыныпқа. Менің шыққан жерім — Оңтүстік Америка, мен Россияға келуім Петрдің есіміне байланысты. Ол мені Роттердамнан әкеліп, барлық облыстарға таратуға нұсқау берді, бірақ тұрмысқа аса қиындықпен ендім, 18 ғасырдың екінші жартысында мені кеңінен өсіре бастады. Мен бағалы түйнекті өсімдік ретінде даңққа тез ие болдым. Түйнектерімнің формалары сопақша, дөңгелектеу, ұзынша болып келеді. Сыртында қабағы бар. Ал түсі ақ, қызғылт, алқызыл, сары, көк болады. (Картоп)

YII кезең Қорытынды .«Биология әлеміндегі қызықтар» атты тақырыпта қиял ғажайып ертегіден үзінді.

Жүрегімде тербеген бір арман бар

Аман болсын аңдар, құстар, ормандар.

Ақыл ойды жоюға емес адамдар

Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар.



.





.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18.02.2019
3055
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі