Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қызықты биология елінде!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты биология елінде!» |
Мектеп: «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
||||
Күні: 16.03.2023 |
Мұғалімнің аты-жөні: Акылбаева Асель Айтымуратовна |
||||
Үйірме: «Жас биолог» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар |
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Тыңдаған/оқыған материал мазмұнын түсініп, өзіндік көзқарасын білдіре алады. Тыңдаған/оқылған материал мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты анықтай алады, сол бойынша диалогқа түсе алады. |
||||
Сабақ мақсаты |
Оқушылардың бойында қоршаған ортаға, табиғатқа деген құрмет сезімін қалыптастыру. Биология пәніне деген қызығушылығын арттыру. |
||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған турлі тусті кеспе кағаздар, топтық тапсырмалар, конверт, үлестірмелі қағаздар, кері байланыс, стикер. |
||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, рөлдік ойын, әңгімелесу, ойын, көрнекіліктер. |
||||
Алдыңғы оқу |
Көздің құрылысы және гигиенасы. |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
Басталуы Топқа бөліну кезеңі 10 мин |
"Қызықты биология елінде!" атты тақырыпта сайыс сабақ -Сәлеметсіздер ме, қадірлі мұғалімдер, құрметті қонақтар, оқушылар. Бүгінбіз «Қызықты биология елінде» атты сайысымызды өткізгелі отырмыз.Сайысқа қатысушылар жас биолог үйірмесінің оқушылары. Ата – бабаларымыз ертеден-ақ ұрпағының бойына қоршаған ортаға, табиғатқа деген құрмет сезімін қалыптастырып келген. Елді, ерді құрметтеу дәстүрі ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұра ретінде жалғасып сабақтасып жатқандығын — Қылса да дұшпан қастығын, Жолдасы бол жақсының. Елді, жерді сақта деп, Балам саған тапсырдым – деген аталы сөздерінен-ақ аңғаруға болады. Соның ішінде туған жердің табиғатын қорғап, келешек ұрпаққа сол қалпында жеткізу мақсатындағы ойлы да мағыналы өсиеттері әрбір халықтың мақал – мәтелдерінен сезіліп тұрады. Бағым өссін десең, бақ өсір, Бағың өссін десең тағы өсір, — немесе «Аққудың киесі бар, киіктің де иесі бар» — дей отырып, табиғат байлығын сақтауды көздейді. Жүрегімде тербеген бір арман бар, Аман болсын аңдар, құстар, ормандар. Ақыл – ойды жоюға емес адамдар, Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар – деп сайысымызды бастайық. Түрлі түсті кеспе қағаздары арқылы топқа бөліну. І – топ: ІІ – топ: «Өсімдіктер» «Жануарлар » |
Жануар және өсімдіктер суреттері |
|||
Сайыс сабақтың ортасы 10 минут 15 минут 15 минут 8 минут 12 минут |
1 – сайыс: «Гүл» сөзін қосып қыздардың 10 атын параққа жазып, оқып шық. Мысалы: 1-топ Гүл .. 2 – топ… гүл. Гүлжан, Гүлнар, Гүлназ, Гүлнұр, Айгүл, Жангүл, Ажаргүл Гүлмайра, Гүлмарал, Гүлсім, Мейрамгүл, Әсемгүл, Гүлжамиля, Гүлмира, Гүлжазира, Алмагүл, Жанаргүл, Гүлжайнар, Гүлзада, Гүлбаянт.б. Нұргүл, Көктемгүл, Тазагүл, Лалагүл, Айгүл, Баршагүл т. б. 2 – сайыс: «Ғажайып жануар» әр топтан кезектесіп 1- оқушыдан шығып Бір мүшеден салып шығу. 1 – топ: 2 – топ: 1) Басы — шошқа қой 2) Құлағы — қоян піл 3) Мойыны — керік бегемот 4) Денесі — бақа маймыл 5) Аяғы — қырықаяқ қолтырауын 3 – сайыс: "КІМ ӨНЕРЛІ"КЕЗЕҢІ (әр топтан кезектесіп шыққан оқушы осы тұрған конверттердің біреуін таңдап алады да, ішіндегі жазылған тапсырманы орындайды, ішінде әр түрлі образға еніп, қимылмен көрсету және дауысын салу керек, соны өзінің тобына айтпай, жасырып, конверттегі тапсырманы іс қимылмен көрсетуі керек, тобы қандай іс қимылды жасырып тұрғанын табуы керек, яғни бұл крокодил ойынының бір түрі) 1. Гүлдің солуын қимылмен көрсет 2 Судан шығып қалған балық 3. Таңертең ерте тұрған қораз даусын салу 4. Ашулы мысықтың дауысы 5. Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу 6. Ұзарып, биіктеп өсіп келе жатқан ағашты бейнелеңіз. 7. Жел соққандағы ағашты келтір 8. Бақаның жүрісін сал 4 – сайыс:«Ойлан, тап!» (берілген әріптерден көбірек құс, аң және өсімдік аттарын құрастыр) К, І, А, Т, И, Ш, Л, Ғ, С, Ә, З, Б, Е, Р, М, П. (сәбіз, піл, терек, шағала, ит, темекі, шит, кірпі, алма, марал, кит, ешкі, шіл, керік, алша, 15 сөз шығу керек т.б) 5 – сайыс: "КІМ ШАПШАҢ"Сайыскерлеріміз тақтада көрсетілген әріптерден өсімдік пен жәндіктердің аттарын құрау тиіс 1.ЫҚ Б Т А Қ А Ы Р Қ (қырыққабат) 2. Қ А С М Ы Р С А (сарымсақ) 3. А С Д О Р К И А Н (саркодина) 4. С А Б Ғ Ы Н Ү К (күнбағыс) 5. М А У З Е Д (медуза) 6. А Р Т К О П (картоп) 7. Б І С З Ә (сәбіз) 8.И И Б Л О Г О Я (биология) 9. Д И Г А Р (гидра) 10. І Р Н Ә Ж Д К І (жәндік) Қонақтармен ойын: 1. 9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (2 ешкі, 7 тауық). 2. 5 адамға 5 алманы бөлу керек: әр адам бір алманы алса, бір алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен алады). 3. Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. барлығы қанша алма болды? (қайыңда алма өспейді). 4. Бала - аяғы жоқ 9, басы жоқ 6, ортан белі жоқ 8 балық ұстады. Барлығы неше балық ұстады? (ешқандай балық ұстамады). |
Ақ парақ Тақтаға сурет салу Конверт, тапсырма Тақтада берілген әріптер арқылы сөз құрастыру Интерактивті тақта |
|||
Сайыс сабақтың соны 10 минут |
Сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін сөзді әділ – қазылар алқасына береміз – Балдарын санап, Марапаттау рәсімі. Сайыс сабаққа ат салысып отырғандарын үшін шағын сыйлық (тәттілер) оқушыларға. |
Марапат қағаздары |