400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қызықты биология» интеллектуалды сайысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілттерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 09.04.2026ж

Жауапты мұғалім: Сулейменова Р.Т,

І.Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: «Қызықты биология»

интеллектуалды сайысы.

ІІ. Мақсаты:

Оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, логикалық ойлау

қабілттерін дамыту, табадынлықпен шешім қабылдауға, оны

дәлелдеуге үйрету, биология пәніне деген

қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау

қабілеттерін дамыту.

ІІІ.Түрі: Танымдық сайыс

Сайыстың барысы:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Қызықты биология» атты 8 кластар арасында өтіп жатқан сайысымызға қош келдіңіздер. Біздің бүгінгі сайысымыз VІІ-кезеңнен тұрады.

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ-бағасын беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар: Биология пәнінен олимпиадаларға қатысып жүлделі орын алып жүрген 10-11 класс оқушылары – Аскарова Лейла, Әділжан Жанерке; Ажайпова Нұрия.

Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып,сайысымыздың 1–ші кезеңін бастаймыз.

І-II кезең «Таныстыру» оқушылар қолдарына берілген кеспедегі әріптерден өзінің тобының атын тауып , келесі бетіндегі суретін бояп, білетін ақпартармен таныныстыру( мүшелер жүйесі бойынша аталды)


ІІI-кезең «Мықты болсаң, айтып көр» тапсырмалары 2 – кезеңнен тұрады.

1-кезеңі Адамның мүшелері арқылы берілген үш сөздің бірі екінші бағандағы сөзбен ұйқасын табу шарт. (қазақ тілі пәнімен байланыстыру)



2-кезең. Берілген үш сөздің бірімен екінші бағандағы сөз тіркесіне сәйкес жұбын табу керек




ІV-кезең «СҰРАҚ МАТРИЦАСЫ» ИИ-ді пайдалана отырып биология пән мұғалімдерінің логикалық сұрақтарына жауап беру



Жас ерекшеліктеріне сай биология пәнінен логикалық сұрақтар қойылады.
. Әр тақырыптың ішінде төрт сұрақ болады,  сұраққа дұрыс жауап берген топқа әр кезеңде жинаған ұпай санына  таңдаған балдары қосылып отырады.
V-кезең «ТАБИҒАТ СЫРЫ» конверт ішіндегі тапсырмалар беріледі.

1.Шығыс елдерінде, Мысырда бұл өсімдікті есіктің кіре беріс маңдайшасына ыдысқа өсіріп, іліп қоятын болған.Себебі үй-ішіндегілерге денсаулық тілеп, ұзақ өмір сүруге көмектеседі деп жормалдайды . Өсімдік ұзақ уақыт сусыз тіршілігін жоймайтын, шыдамды болған, сол себепті одан алынатын емдік шырын арабша «Сабыр» деп аталады. Бұл қандай өсімдік? (Алоэ өсімдігі)

2.Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады. Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып бастаған қалың қолы қырылып бітеді, өзі жау қолынан жараланып , елсіз иен шөлде жығылып жалғыз қалады. Шөлден әбден қақырығы түтеп, өлуге айналады. Осы сәтте көк аспаннан бір құс ұшып келіп, ауызына су тамызып, оны өлімнен құтқарған. Бұл қандай құс? (Аққу)

3.Бұл өсімдік «100 аурудың емі» деп саналады. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Түйетабандар тұқымдасына жататын улы өсімдік. Халқымыз пәле жаладан сақтасын деп үйде осы өсімдіктің түтінімен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды. Бұл қандай өсімдік? (Адыраспан)

VI-кезең «Логикалық биология»

  1. Бала аяғы жоқ тоғыз, басы жоқ алты, ортан белі жоқ сегіз балық ұстады. Барлығы неше балық ұстады? (0)

  2. Асқабақтың дұрыс өнуіне, пісуіне 60 күн қажет. Егер 1 маусымда дәнін ексек, оның жемісін қай уақыттан бастап жинаймыз? (30 шілде)

  3. Тоғыз бас, жиырма екі аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (екі ешкі , жеті тауық)

  4. Европалықтар осыдан 400 жыл бұрын картоптың дәмін білген. Ал Ресейде картоп І Петр кезінде 1700 жылы әкелінген. Ресейліктер бұл өсімдікпен неше жылдан бері таныс? (326 жыл)

  5. Қандай зиянкес көбелектің атын, химия пәнінде жиі қолданады (моль)


VІІ-кезең «Экологиялық жүйе» (әр топ қиынды қағаздармен бөлінді, берілген сол қиынды қағаздардан бір экожүйе құрастыру керек, жалпы сипаттама беру)


Жүргізуші: Бүгінгі «Қызықты биология» интеллектуалды сайысымыз

өз мәресіне жетті. Биік-биік асулардан көрініп, тек жетістіктерге жете берулеріңе тілек білдіреміз. Қорытынды сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.Әділ қазылар алқасы тек жеңімпаз топтарды анықтап, әділ қорытындысын шығарады. Жеңімпаз оқушылар анықталады. Қош сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.05.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі