Тақырыбы:
«Қызықты физика»
Мақсаты:
Оқушылардың
физикадан алған білімдерін тексеру,
физикаға қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: Ойын.
Жарыс.
Көрнекілігі: презентация,
физикалық приборлардың суреттері,
оқушылардың шығармашылық көрмесі,
физикалық тәжірибе жасауға арналған
құралдар,
Әдіс-тәсілдері: ауызша
жауап беру, тәжірибе жасау, сұрақ-жауап.
1-жүргізуші:
Құрметті
ұстаздар мен оқушылар!Қаңтар
айының 13 мен 24
аралығында мектебімізде «МИФ ғылымдар
патшасы» математика, информатика, физика
апталығы өтуде. Соған орай 8а-8ә
сыныптары
арасында өткелі отырған «Қызықты
физика» атты
шарамызға қош келдіңіздер!
Ұққанға
табиғаттың сыры терең,
Дегенге
оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең
болсын егер еңбегім еш,
Әуелі
физиканы оқы дер ем.
2-жүргізуші:
Физиканың
еліне
Батыл
қадам жасайық,
Осылайша
шабытпен,
Сайысымызды
бастайық!
1-жүргізуші:
Әділ-қазы
алқасына бір сәлем,
Әділдікке
бас иеді күллі әлем.
Жүйрік
озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа
сал әділдікпен шеше біл-дей
келе бүгінгі
ойында әділ баға беруші әділ қазылар
алқасымен таныс болыңыздар
Ойынға
2 топ қатысады.
1-топ.Энштейн
тобы
2-топ.
2-жүргізуші: Бүгінгі
ойынның шарттарымен таныс болыңыздар.
Ойын
4 кезеңнен тұрады:Әр кезеңнен
кейін әділқазылар топтардың жиған ұпай
санын аитып отырады
1-кезең-ТАНЫСТЫРУ
2-кезең-«КІМ
ЖЫЛДАМ»
3-кезең-«ОЙЛАНАЙЫҚ,
ОЙЛАЙЫҚ!»
4-кезең-«ОЙЛАН
ТАП!» деп
аталады
Білім деген биік шың,
Бақытқа
сені жеткізер.
Білім
деген ақылшың,
Қиындықтан
өткізер,- деп сайысымыздың алғашқы
кезеңін бастаймыз
Әр топ өздерін
таныстырып өтсе.Бірінші
тобына кезек берсек..
Келесі
2-топ:
Қандай
сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда
үміткерміз жеңіске.
Біз
дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз
бізде қандай күш барын.
1-жүргізуші:
1-
кезең бойынша әділқазылар алқасының
бағалауына кезек берсек.
1-жүргізуші:
Бүгін
де физика барлық жерде,
Құрылыста,
техникада, өндірісте.
Сырларын
бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер
ынта қойып үйреніңдер!-дей келе келесі
кезеңге өтсек
Келесі
кезеңіміз «КІМ ЖЫЛДАМ» деп аталады
(Әр
топтан бір оқушы шығып ілінген плакаттарға
2 минут ішінде формула жазады). (Әр дұрыс
формулаға – 1 ұпайдан беріледі).
2-
жүргізуші.
Бірі
өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай
жүйрік Архимедті басып озған.
Жалынды
патриот, батыр ғалым.
Ғасырлар
түкпірінен басып озған.
Әділқазылар
формулалардың дұрыс –бұрысын тексеріп
ұпай санына қосқанша біз келесі
кезеңімізге өтейік.Келесі
3-ші
кезеңіміз
«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» деп
аталады.Бұл жерде топ болып есеп
шығарады.5 минут уақыт беріледі.
Оқушылар
есеп шығаруды бастаймыз уақыт
кетті.
1-жүргізуші
Түсіріп
аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып
жұлдыздарды ескен желге.
Жансызға
жан бітіріп, қолға салып,
Физика
кереметті көрсетті елге.
Келесі 4-ші
кезеңіміз
«ОЙЛАН
ТАП!» деп
аталады.
2-жүргізуші.Қол
ұстасып қанекей
Тізбек
құрып көрейік
Қызмет
етіп адамға
Тек
жарықты берейік.
Яғни,
бұл жерде құралдармен зертханалық жұмыс
жасайды.Ток көзін пайдалана отырып, (+)
және (-) таңбаларды дұрыс жалғап тізбек
бойынша шамды жағу керек.( 7 минут
беріледі).Бірінші біткен топ шапалақтап
белгі береді.
1-жүргізуші.
Әділ қазылар топтардың ұпай санын
есептегенше.Абай
атамыздың «Желсіз түнде жарық-ай» әнін
орындасақ.
Бүгін
көріп, тамашалаған « Қызықты физика»
атты зияткерлік сайысымыз оз мәресіне
жетті. Қорытынды жасау үшін, яғни жеңген
команданы анықтау үшін сөз әділ қазылар
алқасына беріледі.
2-жүргізуші.
Физика
жайлы алғашқы деректер Ежелгі Вавилон,
Египет жазбаларында кездеседі. Зәулім
сарайлар мен күрделі құрылыстар
(пирамида, қорғандар) салу жұмысында
құрылыс механикасы мен статиканың
қарапайым заңдылықтары және рычаг,
көлбеу жазықтық, тәрізді қарапайым
механизмдер пайдаланылған.Осы деректерге
сүйенсек күнделікті өмірде болып жатқан
құбылыстардың барлығы физика ғылымына
бағынады екен.
1-жүргізуші-Құрметті
көрермендер, Сіздерге айтарымыз,
көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз
жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем
болсын!Уақыттарыңызды бөліп
қатысқандарыңызға көп рахмет айтамыз!Сау
болыңыздар!