400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қызықты физика әлемінде» Апталық сайыс 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні бойынша теориялық, практикалық білімдерін пысықтау. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және ұшқыр ойлауға, тапқырлыққа, логикалық ойлауын, ұжымдыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор: II санатты физика пәнінің мұғалімі Жарылкасынова Әсем Медетқызы

Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылы Нарын орта мектебі

Пәні


Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

Оқушы саны

Күні

физика

«Қызықты физика әлемінде»

8

20


Сілтеме

1.Интернет материялдары.

2.Б.М Дүйсенбаева. Г.З.Байжасарова,А.А.Медетбекова

3.С.Тұяқбаев,Ш.Насохова,Б.Кронгорт,В.Кем,В.Загайнова

Мақсаты

Физика пәні бойынша теориялық, практикалық білімдерін пысықтау. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және ұшқыр ойлауға, тапқырлыққа, логикалық ойлауын, ұжымдыққа баулу.

Әдіс-тәсілдер

Ауызшы жауап беру,тәжірибе жасау,сұрақ-жауап,топтық,жұптық жұмыс.

Сабақтың түрі

Жарыс,ойын сабақ

Көрнекілік

Ұлы физиктердің портреттері,формулалар,тақырыптық суреттер,әр түрлі түсті парақтар,канверт,фламастер,тәжірибеге керекті құралдар слайд.

Сабақтың жүру барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы ның іс-әрекеті

Ұйымдас тыру

2 мин

1) Сәлемдесу.

2) Оқушыларға сайыстың түрі мен мақсатын хабардар ету.

3) Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа капитандар сайлау

Оқушылар суреттер таңдау арқылы топқа бөлінеді


Жүру барысы


Армысыздар құрметті мұғалімдер,оқушылар бүгінгі біздің «Қызықты физика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Ойынға 2 топ қатысады.

  1. «Ойшылдар» тобы

  1. «Тапқырлар» тобы

Сайыстың шарттары: сайыс 6 бөлімнен тұрады.

1. «Ғажайып сұрақтар»

2.«Ойланайық,ойлайық»

3. «Ойлап тап»

4. «Суреттер сырын ашайық»

5. «Бәйге жарысы»

6. «Қызықты тәжірибелер»

7. Ойын «Жер - Теңіз - Ауа»


Оқушылар ойынның жүру барысымен танысады


Ойынға қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. (Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.) ( 5-10 ұпай)

1-кезең Таныстыру

1-топ: «Ойшылдар» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.

2-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!


2-кезең «Ғажайып сұрақтар»

1.Ғалымдар- Алма түсіп басына

Басына емес қасына
Тартылыс заңын таптым деп
Кетті ғалым асыға (И. Ньютон)

2.Құрметтейік ғалымды
Ғылымды алға жылжытқан
Инерция құбылысын
Айтшы достар кім ашқан?

(Г. Галилей)


3.Ғалымдар – Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін зерттеген ғалым. (Блез Паскаль)


4. Формула – бұл қандай формула. (заттың тығыздығы- ρ )

5. формула — бұл қай формула. ( Гук заңы) F=kx

Аспаптар
6. Дененің массасын өлшейтін аспап. (таразы)

7. аспаптар — Күшті өлшеуге арналған аспап. (Динамометр)

8. аспаптар – Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)


Әзілді сұрақтар:

9.Көк шарфты суға салса не болады? (су болады)

10.Дайындауға болады,

Бірақ жеуге болмайды. (сабақ)

3-кезең «Ойланайық, ойлайық» Тақтада «Динамометр» деген сөз берілген. 1 минут ішінде осы әріптерді пайдаланып, өмірде нақты бар заттарды жазу керек. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.

Д

И

Н

А

М

О

М

Е

Т

Р

1) Тор 8) Ен 14) Тон

2) Метр 9) Ине 15) Рет

3) Ер 10) Дар 16) Мина

4) Рота 1 1) Ет 17) Тер

5) Нар 12) Ат 18) Ор

6) Матор 13) Отар 19) От

7) Тир 20) Мен

Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын

4-кезең «Ойлан тап» 

Берілген ғалым аттары арқылы физика саласында қызмет еткендер, физика саласында қызметі жоқ ғалымдарды 1минутта тауып бөлу керек.

1.Тоқтар Әубакиров.

2.Альберт Эйнштейн.

3.Мұқағали Мақатаев

4.Торичелли

5.Мағжан Жұмабаев

6.Әбілхан Қастиев

7.М. Ломоносов

8.Ахмет Байтұрсынов

9.И.Ньютон

10.Б. Паскаль


Физика саласына қызмет еткендер

Физика саласында қызметі жоқ

1.Тоқтар Әубакиров.

2.Альберт Эйнштейн.

3.Торичелли

4.М. Ломоносов

5.И.Ньютон

6.Б. Паскаль

1)Мұқағали Мақатаев

2)Мағжан Жұмабаев

3)Әбілхан Қастиев

4)Ахмет Байтұрсынов


5-кезең «Суреттер сырын ашайық» Тақтада  екі  сурет ілінген. Біріншісі   алтын жұмыртқа туралы, бұл суреттегі жұмыртқаны кім сындырды,  қалай, физикамен қалай байланыстырамыз?

Алдымен шартын тыңдап алыңыздар: Ата  мен  әже  өздерімен-өзі өмір сүріп  жатты Бір күні тауығы  алтын  жұмыртқа  әкелді. Атасы ұрып көрді жарылмады,әжесі ұрды  жарылма ды.Бір кезде бір бұрыштан тышқан шыға келіп, құйрығымен жұмыртқаны қағып кетті мекен,әйтуір әлгі жұмыртқа жарылып қалды. Атасы мен әжесі жұмыртқаның жарылып қалғанын көріп жылап жібереді,сонда тауығы: Ата,әже сіздер жыламаңыздар мен сіздерге алтын емес кәдімгі жұмыртқа тауып беремін – дейді.Сонда жұмыртқаны кім жарған? Жауабы: Тышқан тұрған кезде жұмыртқада потенциалдық энергия болады,оны көтере бастаған кезде потенциалдық энергия кинетикалық энергияға айналады. Бұл жағдайда тышқан құйрығымен іліп жұмыртқаны қозғалысқа түсіреді.Соқтығысу кезінде тышқанның кинетикалық энергиясы әсерінен жұмыртқаның пішіні деформацияланып (сынып) яғни жарылады. Ал 2-сурет  балды жақсы көретін аю туралы.

Аю балды өте жақсы көреді.Аралар орналасқан ағашқа жоғарғы жағынан жіпке ағаш цилиндр байлап  қояды. Аю ағашқа өрмелеп жіпке байланған кесек ағашты итеріп, ара  ұясына жетпек болады.Ал кесек ағаш маятник немесе  әткеншек сияқты қозғалып,қайта аюға соғады. Осылайша қозғалыс бірнеше рет қайталанып аюды соғып тастайды.Бұл кзде аю құлап қалады.Аюды құлатқан кім? Жауабы: Аюды құлатқан өзі.Бұл жұмыс аюды өзінің энергиясы есебінен жасалды.Аюды қатты итеріп жіберген ағашы біршама биіктікке көтеріледі.Осы кезде аюдың потенциалдық энергиясы ағаштың кинетикалық энергиясына айналып, қайта аюға соғады,осылайша жалғаса береді.Ызаланған аю ағашты одан сайын күшімен итереді,кесек ағаш болса өзіне қайта соға береді. сөйтіп  аю  күшінен айырылып,шаршап,оның үстіне кесек ағаш  соғып  әбден шаршап,құлап  қалады.  Сөйтіп  ол  өзін-өзі  құлатады.

6-кезең «Бәйге жарысы» (5 ұпай) топ басшыларға ортақ тапсырма беріледі.

Мына сөздердің соңғы әріптерін қолданып, француз ғалымының фамилясын шығар. (Паскаль)

Поршень, ауа, насос, сынап,атмосфера, металл, биіктік.

7-кезең «Қызықты тәжірибелер»

Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай. 1. А4 2 қағазы керек. Біреуін бүктемей, екіншісін бүктеп, бір уақытта жіберіп қаламыз. Не байқауға болады?
Жауап: Жалпы қысымның түсірілген бет ауданына байланысты екенін білеміз,қысым да беттің ауданына байланысты, екеуіне де бірдей атмосфералық қысым түсіп тұр, бірақ шиыршықталған қағазға әсер ететін қысым оның ауданының кіші болуы есебінен бүктелмеген қағазға әсер ететін қысымнан көп болады да жерге бірінші жетеді. 

2. Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге  су  құйып,  төгіп  тастаймыз  да,  сабынды тәрелкеге  қатты  басып  тұрамыз. Сосын сабынды  көтергенде тәрелке бірге  көтеріледі, неге? (молекулалардың  өзара  байланысы)

3. Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы Тапсырма: 1.Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп,қасықпен сал. Не байқалады? Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады. Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал. Не байқалады? Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды. Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.




Оқушылар жаңа тақырыптан алған білімдерін саралайды

Бекіту

8-кезең: Ойын «Жер - Теңіз - Ауа» (5-ұпай)
1 - топ «Теңіз»

2 - топ «Ауа»
Сұрақ: Осы екі сөз туралы физика, биология,әдебиет тілдерінде не айта аласыңдар?
Мысалы: «Жер»
Физика тілінде: Күн жүйесіндегі тоғыз планетаның бірі. Күнге жақындығы жөнінде үшінші планета.
Биология тілінде: Жерде саналы тіршілік иесі адамдар тіршілік етеді
Әдебиет тілінде: Мақал - мәтел
Туған Жер – алтын бесік.

Оқушылар тапсыр маны дәптер леріне орындай ды.

Қоры тынды

1 мин

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды

Әділ – қазы сіздерге сөз береміз

Жеңімпаздар кім болып сарапталды? – деп сөз кезегін әділ – қазыларға береміз. Әділ – қазылар бүгінгі сайыстың қорытынды бағаларын берсеңіздер. Жеңімпаз топты анықтасаңыздар.



Үйге тапсырма

«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға - 500 теңге ұтыс беріледі.



50 теңге 10 теңге 1 теңге

(Дұрыс жауап-1 жылқы,39 сиыр,60 қой)







БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

«Қызықты физика әлемінде»

Р/с

Ойын шарттары

«Ойшылдар»

1-топ

«Тапқырлар»

2-топ

1

«Ғажайып сұрақтар» (1ұпай)



2

«Ойланайық,ойлайық» (1 ұпай)



3

«Ойлап тап» (5 ұпай)



4

«Суреттер сырын ашайық»

(10 ұпай)



5

«Бәйге жарысы» (5 ұпай)



6

«Қызықты тәжірибелер» (10 ұпай)



7

Ойын «Жер - Теңіз - Ауа» (5-ұпай)



8

Жалпы ұпайы













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
2450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі