жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қызықты география
Тақырыбы: «Қызықты география»
Сабақтың мақсаты: Балалардың география пәнінен қызығушылығын, белсенділігін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа,достыққа,тез ойлап,тез шешім қабылдауға, бір- біріне көмектесуге,жарыс барысында белсенділік көрсетуге,жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,ой қозғау, топпен жұмыс,шығармашылық ізденіс.
Сабақтың барысы:
І тур. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ тур. Топ басшылар сайысы
ІІІ тур. Сөзжұмбақ
ІV тур. Адасқан әріптер
V тур. Жұмбақ шешу
VІ тур. 2 стикер әдісі
VІІ Қорытынды : Марапаттау
1 – жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары 7- сыныптар арасындағы өткізгелі отырған «Қызықты география» сайысына қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші:
Ал енді сайысымызды бастайық !
1 – жүргізуші:
Сайыс кезінде өте ұкыпты,ойларың жинақталған болу,тәртіп сақталған жөн.
2 – жүргізуші:
Сайыстың жоспарымен таныс болайық:
І Тур. Ұйымдастыру кезеңі. (топтың өздерін таныстыруы,амандасу рәсімі топқа бөлінуі сәттілік жолдауы 5 ұпай)
ІІ Тур. Топ басшылар сайысы (Әр топтың топ басшылары қойылған сұрақтарға тез жауап береді.С ұраққа жауап бере алмаған жағдайда келесі топ басшысы жауап беруге болады және ұпай саны жауап берген топқа қосылады әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1 – жүргізуші:
І – топ
Дүние жүзінде неше мұхит бар? (4)
Жердің кішірейтілген модельі (глобус)
Масштабтың неше түрі бар (3)
Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)
Үнді мұхитының ең терең жері қалай аталады (Зонд)
2 – жүргізуші:
ІІ – топ
Дүние жүзіндегі ең терең көл (Байкал)
Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? (Каспий, Арал)
Тау жыныстарының қанша түрі бар (3)
Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)
Кофенің отаны қай материк (Африка)
1 – жүргізуші:
ІІІ – топ
Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек (Арабия)
Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)
Құрлықтың су кеңістігіне кіріп тұрған бөлігі (Түбек)
Солтүстік және Оңтүстік польюстерді қосатын сызық (Меридиан)
Ең улкен бұғаз (Дрейк)
2 – жүргізуші:
ІІІ тур. Сөзжұмбақ шешу. (Әр топ үй тапсырмасы ретінде бір-біріне сөз жұмбақ дайындап келуі сөз жұмбақты қарсылас топқа беріп, олар шешімін табады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай оқушылар сөз жұмбақ шешіп жатқанда ән орындалады)
Ән Патриоттық орындайтындар Жасмин Бердібек
1 – жүргізуші:
ІV тур. Адасқан әріптер (Берілген сөздердің орнын табу)
2 – жүргізуші:
V тур. Жұмбақ шешу (ІІІ топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер.Орнында отырып айтылған жауап қабылданбайды. Жауаптар үш тілде айтылады.Кезең шарты түсінікті болса,онда біз бастаймыз.)
VІ тур. 2 стикер әдісі (топтағы барлық оқушылар стикерлерге сұрақтар құрастырып ән орындалып билеп журеді ән тоқтағанда орнында тұрып бір – бірлеріне сұрақтарына жауап береді.)
VІІ Қорытынды : Марапаттау
1 – жүргізуші:
Сайысымызды бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік: Лаззат апай, Үміт апай, Гулбану апай, Айгул апай, Майра апай,Перизат апай, Сандуғаш апай.
2 – жүргізуші:
Бүгін сайысымызға қатысатын 3топ бар олар:Нұр -Сұлтан ,Алматы,Шымкент
Ал сөз кезегі топ мүшелерінің таныстыру,сәлемдесу .5 ұпайдан
1 – жүргізуші:
7 Ғ сынып «Нұр- Сұлтан» тобы
2 – жүргізуші:
Кезекте 7 Д сынып «Алматы» тобы
1 – жүргізуші:
Соңғы тобымыз
7 Е сынып «Шымкент» тобы
2 – жүргізуші:
Сайыскерлерімізге рахмет. Келесі кезең: Топ басшылар сайысы (Топ басшылар ретімен экранда көрсетілген сұрақтарға жауап береді.С ұраққа жауап бере алмаған жағдайда келесі топ басшысы жауап беруге болады және ұпай саны жауап берген топқа қосылады әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1 – жүргізуші:
Рахмет сендерге! Келесі біздің кезегіміз:
ІІІ тур. Сөзжұмбақ . (Әр топ үй тапсырмасы ретінде бір-біріне сөз жұмбақ дайындап келуі сөз жұмбақты қарсылас топқа беріп, олар шешімін табады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай оқушылар сөз жұмбақ шешіп жатқанда ән орындалады)
Ән Патриоттық орындайтындар Жасмин Бердібек
ІV тур. Адасқан әріптер (Берілген сөздердің орнын табу)
2 – жүргізуші:
І топқа
Л п о ю с - полюс
Т а р к а – карта
И а н м е д р и – меридиан
Х т ұ м и – мұхит
Е ф а м о т а с р – атмосфера
1 – жүргізуші:
ІІ топқа
Ф р е а с д и г о р – гидросфера
И о н г з т ь л а р о – горизонталь
З б ұ а ғ - бұғаз
Қ л ы й о б – бойлық
Л а р а - арал
2 – жүргізуші:
ІІІ топқа
1. И е г я р ф г а о - география
2. С а т е о л р ф и - литосфера
3. Б г л с у о - глобус
4. З а н с а қ т а қ - қазақстан
5. Ы қ а н а ш ғ - шығанақ
V тур. Жұмбақ шешу (ІІІ топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер.Орнында отырып айтылған жауап қабылданбайды. Жауаптар үш тілде айтылады.Кезең шарты түсінікті болса,онда біз бастаймыз.)
1 – жүргізуші:
І – топқа
Қонақтап
күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер
барлық адам келбетіне.
Тұлғасы
су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап
тұрсам суретіне. (АЙ)
Тұрғыны жоқ елдер,
үйі жоқ қалалар
Ағашы жоқ ормандар,
суы жоқ теңіздер. (карта)
Жарқ
етсе сабау қамшы,
Нөсерлетіп
жауар тамшы (найзағай)
II-Топқа
2 – жүргізуші:
Сатайын
десем ауыр кілем,
Сатпайын десем
тәуір кілем (Жер)
Сырылдатады
шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт,
мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ
сүртпейді. (Жаңбыр)
Ат
үстінде асыл тас,
Алайын
десем табылмас (жұлдыз)
ІІІ -Топ
1 – жүргізуші:
Қанатсыз
құс маңып барады,
Көзінен
жас тамып барады (бұлт)
Күні
- түні жүйткиді,
Кең
далада бір тарлан (жел)
Көтеріліп
теңізден,
Аспанға
биік барамын.
Биіктен
қайта түскенде,
Өңі
кірер даланың (жаңбыр)
2 – жүргізуші:
Келесі
кезеңіміз
VІ
тур. 2 стикер әдісі (топтағы
барлық оқушылар стикерлерге сұрақтар
құрастырып ән орындалып билеп журеді
ән тоқтағанда орнында тұрып бір –
бірлеріне сұрақтарына жауап береді. )
1 – жүргізуші:
Жарайсыңдар топ қатысушылары!
VІІ Қорытынды : Марапаттау
2 – жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.
Жеңістеріңіз құтты болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген