Материалдар / Қызықты География

Қызықты География

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінен сыныптан тыс жұмыс. География пәнінен өткізілген үйірме жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2024
65
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қызықты география »

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру. Шапшаңдық, ойлау, тапқырлық қасиеттерін дамыту. Ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, ойын айта білуге үйрету.

Барысы:

География пәні-өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық-жер бетін, планетамызды, табиғатты, ондағы тіршілік ететін өсімдік, жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. География пәнінің және бір ерекшелігі-оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әртүрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Олай болса, осы мектептің 7, 8,9,10 сынып оқушылары арасында «Қызықты география » сайысымызды бастаймыз.

І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Ойын шарттарымен таныстыру. 
Әділқазылар алқасын сайлау. 
Ойынға 2 топ қатысады

«Ынтымақ» және «Бірлік» топтары

Мұғалімнің кіріспе сөзі. . 
Көңілді тапқырлар, алғырлар, 
Бар өнерін алдарыңа салады. 
Кім білімді,көп оқыған болса егер, 
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. 
Болсын дейміз жарысымыз жемісті, 
Озып шықсын, кім білімді, кім күшті. 
Жеңіп шығар әділдікпен жемісті, 

Дейміз де, сайысымызды бастаймыз.- дей отырып, бүгінгі 7,8,9,10 сыныптар арасында болатын 

« Қызықты география »  атты топтық интеллектуалдық ойын -сайысымызды бастаймыз.Бүгінгі сайыс барысында сендер 7,8,9,10 сынып материалдары бойынша алған білімдеріңді, ой- өрістеріңді, ақылдарың мен ептіліктеріңді ортаға салатын боласыңдар. 

Сайысымыз мынадай айналымдардан тұрады:
І айналым «“Ең... Ең... Ең...”»
ІІ айналым«Мозайка»

ІІІ айналым «Жүйрік атқа жел қамшы.»

ІV айналым « Сұрақтар бәйтерегі»

V айналым «Білгір болсан, тауып көр»

VІ айналым «Қызықты географиялық жаналықтар»

І айналым Ситуациялық сұрақтар

Қорытынды

Әсем әнмен тәтті күй көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

Құлақтан кіріп,бойды алар.

Құрметті көрермендер сіздерге керемет көңіл күй сыйлау үшін керемет әнші қыздарымыздың әнін тыңдайық.

Ән: __________

Орындайтындар: Әлайдар Сағида,Ералы Наз

І айналым «“Ең... Ең... Ең...”»

Бұл айналымда сұрақтар ауызша оқылады.
2 Минутта көп сұраққа жауап беру

Әр сұрақ 1 балмен есептеледі
1-топ. «Ынтымақ»
1. Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия (54 млн км²)

2. Әлемдегі ең үлкен жылан (Анаконда)
3. Әлемдегі ең ірі дүние бөлік-Азия 
(44 млн км²)
4. Әлемдегі халық ең тығыз қоныстанған континент-Еуропа (700 млн)
5. Әлемдегі ең суық жер-Антарктида 
(83°С)
6. Әлемдегі ең биік тау-Гималай 
(Джомолунга, 8848 м)
7. Әлемдегі ең ұзын тау-
Анд (9000 км)
8. Әлемдегі ең үлкен көл-
Каспий (390 мың км²)
9. Әлемдегі ең үлкен түбек-Арабия (3 млн км²)
10. Әлемдегі ең терең көл-
Байкал (1620 м)
2-топ: «Бірлік»
1. Жер шарындағы ең жоғарғы температура-Африкада тіркелген (+58°C)
2. Құрлықтағы ең ірі жануар-
Африка пілі (7,5 тонна)
3. Африкадағы ең ірі көл-
Виктория (68 мың км²)
4. Африкадағы ең терең көл-
Танганьика (1470 м)
5. Әлемдегі ең аласа материк-Аустралия (биіктігі 215 м)
6. Әлемдегі ең құрғақ материк-
Аустралия (2/3 бөлігі шөлден тұрады)
7. Аустралияның теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-
Косцюшко (2228 м)
8. Әлемдегі ең терең мұхит-
Тынық мұхиты (11022 м)
9. Әлемдегі ең ірі мұхит-Тынық мұхиты (179 млн км²)
10. Әлемдегі ең кішкентай құс-Колибри (5 см)
ІІ айналым. «Мозайка» Ойншыларға экраннан жұмбақ сурет көрсетіледі сол ұяшықтарды ашу арқылы шыққан суретті қандай нысан екенін табады(2 ұпаймен бағаланады).

ІІІ айналым «Жүйрік атқа жел қамшы.» жұмбақ шешу әр жауап 2 ұпаймен есептеледі

1 – топ «Ынтымақ»

1.Жайғаны түкті кілем

Ілгенім тақыр кілем ( Жер мен аспан)


2.Керегінше сіміресің қанбайсың,

Онсыз жерде өмір сүре алмайсың. ( Ауа)


3. Бөлінген екі елге,

Халық бар азиялық шетелде ( Солтүстік Оңтүстік Корея)


4. Жер бетінде халқы көп

Кім айтады елді дөп. ( Қытай)


5 .Үлкен-үлкен түйені,

Тастапты атам шөгеріп,

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп. (Тау)

2 –топ «Бірлік»

1 Мекені көкте екі ару,

Бірін- бірі көруге зәру. (Кун мен ай)


2 Аспанды жағып өтеді,

Бірақ бізге жетпейді. ( Метеорит)


3 Мұсылман үшін қасиетті,

Дінінің туған жері еді,

Мунайда қалқып байыған,

Бұл арабтың қай елі? (Сауд Арабия)


4 Теңізбен жүріп жүріп

Жағаға келіп құлайды (Толқын)


5 Келсе де үні құлаққа

Оны ешкім көрмейді,

Жусан қамыс құраққа

Тіптен маза бермейді. (Жел)

IV айналым «Сұрақтар бәйтерегі» пәндерге байланысты сұрақтар қойылады. Әр жауап 3 ұпаймен есептелінеді

1. топ «Ынтымақ»

1.Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б. заттар қоюға болмайды?

Жауабы: Ауа алмасуы (желдету) бұзылады

2. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек? Жауап: Пернелерді ақырын басу

3. Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны-Орта Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл

өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз. Жауап: Сарымсақ

4. Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған.Ресейге бұл сусын тосыннан келген.1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап,өзелдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді,патша оны ұнатады.Басында оны дәрі ретінде пайдаланады,ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны-Қытай

Екінші көмек: Қытайдан басқаҮндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.

5. Оңтүстік жарты шарда жаз айлары

  Жауабы:Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Жауабы: Шай

2топ «Бірлік»

1. Екі ағзаның селбесуінен құралған табиғи индикатор? (Қына)

2. Қандай аурудың аты латын тілінен аударғанда «тұншықтыру» деген мағынаны білдіреді? ( Ангина)

3. Калий перманганаты (марганцовка)

4.. Екі әкесі мен екі ұлы келе жатып, 3 алма тауып алды. Бөлген кезде, әрқайсына бір алмадан келді. Бұл қалай болды?

Жауабы Бұл жерде 3 адам болған. Атасы, әкесі және немересі.

5.
Менің әкемнің жасы 31 де болғанда, менің жасым 8 де болған. Қазір ол меннен 2 есе үлкен. Менің жасым нешеде?

Жауабы Әкесі баласынан екі есе үлкен болу үшін, ұлы 23-те болуы керек. Өйткені, екеуінің арасы – 23 жыл.

Би: Dance Monkey

Орындайтындар: 5 «А» сынып қыздарынан құралған «Айару би тобы»

Ү айналым. «Білгір болсан, тауып көр»деп аталады.Әр жауапқа 2ұпаймен есептелінеді

сұрақтар беріледі. (әр сұрақ 2 бал)

«Ынтымақ» тобы
1 - сұрақ: Тұңғыш рет Беринг бұғазын сипаттаған.
Жауабы: В. Беринг
2 - сұрақ: Әйгілі орыс жазушысы А. С. Пушкин бейнесіндегі ел.
Жауабы: Италия
3 - сұрақ: Гомер «Одиссея» атты еңбегіндегі бұғаз? (Сцилла мен Харибданның арасы)
Жауабы: Мессин
3 - сұрақ: Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
Жауабы: Африка
5 - сұрақ: Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл
табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал олар сіздерге
«Кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және
адамдар не деп жауап берді?
Жауабы: Аустралия материгі. Жергілікте халық тілінде «Кенгуру» сөзі
«түсінбедім» деген мағынаны білдіреді.
6 - сұрақ Алматыдан ұшақ солтүстік бағытта ұшып шықты. 1000км ұшқан соң ол батысқа бағыт өзгертіп 1000км кейін Оңт. 1000 км және шығысқа қарай 1000 км ұшты. Ол Алматыға қайта келеді ме? Жоқ. Тек 203 м жақындайды.
7 - сұрақ. Азияда - 2011 әнұранын жазған - Е. Хасанғалиев
8 - сұрақ: Солтүстік жарты шардағы астрономиялық көктем басталады?
Жауабы: 1 наурыз
9 - сұрақ. Ең ұзақ әнұран мәтіні қай елде? 158 өлең жолынан тұрады? Ол Грекия мемлекетініңкі
10 - сұрақ. Барлық континентте бар қала - Рим
ІІ – топ «Бірлік» тобы
1 - сұрақ: Ресейде шаруалар бұл өсімдікті «шайтанның алмасы» деп атады. Тіпті оны ХІХ ғ оны көбейтуге бүлік те шығарған.
Жауабы: Картоп
2 - сұрақ: Канин тұмсық (Канин нос) қайда орналасқан?
Жауабы: Баренц теңізі
3 - сұрақ Тудағы жазу рәміздің ең негізгі басты бөлшегі болып табылатын ел - Сауд Арабиясы. Оның туында «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның пайғамбары» деген сөз бар.
4 - сұрақ: Орамалды әйел - ана бейнесінде қандай елдер бейнеленген?
Жауабы: Португалия, Испания
5 - сұрақ. Ең қысқа әнұран мәтіні бар болғаны 4 жолдан тұрады? Жапония, Иордания, Сан - Марино
6 - сұрақ. Жердің өз білегінен айналу жылдамдығын пайдалана отырып сенбі күні кешке әуе шарына мініп, жер үстіне шығып тұрып Қара теңіз келгенше көтеріліп тұрып Қара теңіз келгенде төмен түсіп суға шомылып, кешкісін жексенбі күні қайтадан Алматыға келе алады ма?

Жоқ себебі Жермен бірге ауа да қозғалады.
7 - сұрақ Ең суық астана - Улан-Батор
8 - сұрақ. Африкада жерасты суын Конго ойысында тез шығарып алуға бола ма, әлде
Сахара шөлінде ме?
Жауабы: Сахара шөлінде жерасты суы жер бетіне жақын жайғасқан.
9 - сұрақ
Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. Тұсбағдар

10 - сұрақ. Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктік

Жауабы:  Абсолюттік.

VІ айналым «Білімді мыңды жығар» (топ басшылар сайысы)

Әр топ басшыға қызықты географиялық жаңалықтарымен бөліседі ар жаңалық 5 ұпаймен есептеледі

«Ынтымақ», «Бірлік»

VІІ. Ситуациялық сұрақтар дұрыс жауап 5 ұпай

1 топ«Ынтымақ»

1. Ертеде қойшылар ағаш тостағанға сүт пісіріп ішкен. Оны қалай түсіндіруге болады.

Жауабы: Тасты қыздырып салып отырған

2. Италияда   Ит үңгір  деп аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы көмір қышқыл газы тұнып тұрады. Үңгірде адам еркін жүре береді, ит болса, ұзамай-ақ сенделіп барып құлады. Неге?

Жауабы: Газ жерден 1 пм-ден артық биікке көтерілмейді. Ит сондықтан құлады.

2 топ «Бірлік»

1. Сіздер бұл материкте оқымысты ғалым қызметкерлерімен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде тұрады.Бұл қай материк және қай халық.

Жауабы: Антарктида материгі және зерттеушілер.

2.Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында литосфералық тақталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Сұрақ: бұл қай теңіз. Жауабы: Қызыл теңіз

Ән: Жаратылыстану пәндеріне арналған ән.

Орындайтындар: Жанзақ Нурикамал,Шаяхмет Кәусәр

Сайыс міндеті – жеңу,
Оқу міндеті –білу.
Кім жеткенін мәреге,
Қалды бізге білу. – олай болса турнир қортындысын төрешілерден білейік. Сайыстың қортындысы бойынша әділ қазыларға сөз кезегін береміз.























































1 топ«Ынтымақ»

  1. Ертеде қойшылар ағаш тостағанға сүт пісіріп ішкен. Оны қалай түсіндіруге болады.



2. Италияда   Ит үңгір  деп аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы көмір қышқыл газы тұнып тұрады. Үңгірде адам еркін жүре береді, ит болса, ұзамай-ақ сенделіп барып құлады. Неге?


2 топ «Бірлік»

1. Сіздер бұл материкте оқымысты ғалым қызметкерлерімен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде тұрады.Бұл қай материк және қай халық.



2.Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында литосфералық тақталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Сұрақ: бұл қай теңіз.



































247 орта мектеп









Shape1











Shape2

Үйірме жетекшісі: Индира Мирзабаева













Бесарық бекеті

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!